Студопедия — Ж.ж. Қазақстанның мәдени өмірі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ж.ж. Қазақстанның мәдени өмірі






Ұлы Отан соғысына дейінгі Қазақстандағы ірі мәдени өзгеріс жаппай сауаттандыру. 1924 ж. сәуірде ҚазақАКСР-де «Сауатсыздық жойылсын» ұраны жарияланды. 1928 ж. аяғына қарай республикадағы қазақтар арасында сауаттылар үлесі 10%-ды құрады. 1926-1939 ж.ж. ішінде Қазақстандағы 9 бен 49 жас аралығындағы халықтың сауаттылық көрсеткіші 81% жеткен. 1939 ж. Қазақстан тұрғындарының сауаттық деңгейі 83,6% жетіп, ондағы қазақтардың үлесі 40% болды. 1939 ж. санақ бойынша Әулиеата, Шымкент, Риддер жаппай сауатты қалаларға айналды.

Қазақстан халқы 1928 ж. араб әрпінен латын әрпіне, ал 1940 ж. орыс әліпбиіне ауысты.

1926 ж. мамырда Қазақ АКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды.

1928 ж. комсомолдардың бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды. 1931 ж. көктемінен бастап Қазақстанның көшпенді халқы бар аудандарында жалпыға бірдей оқу енгізілді (1935 ж. республикадағы интернаттар саны 221-ге жетті). 1931 ж. желтоқсанда республикадағы «15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру» енгізілді.

Ұлы Отан Соғысы қарсаңында Қазақстанды 118 орта арнаулы оқу орындары жұмыс істеді. Соғысқа дейін Қазақстандағы орта мектептердегі мұғалімдер саны 44 мыңға жетті.

ХХғ. 20 ж. аяғына қарай Қазақстанның мектеп құрылысында үш жылдық және төрт жылдық мектептердің үлес салмағы көбейді. Орта мектептерге арналған қазақ тіліндегі оқулықтар алғаш рет Қазан қаласында шыға бастады. Қ.Сәтбаев алгебра; Бөкейханов география оқулықтарын; А.Байтұрсынов суретті әліппені, Ж.Аймауытов ана тілін жасады.

Ж.Аймауытов Пушкиннің, Лермонтовтың, Горькийдің, Гетенің, Гейненің шығармаларын және «Интернационалды» қазақ тіліне аударды. 1920-1930 ж.ж. жаңа қалыптаса бастаған қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырған, шығармалары арқылы поэзияға серпін берген ақын-жазушы С.Сейфуллин «Қазақ жастарының марсельезасын» жазды, ал М.Жұмабаев «Шолпан» туындысын дүниеге әкелді. ХХғ. 1 жартысында И.Байзақов төңкеріс, кеңестік Отан, адамгершілік, махаббат туралы өлең-дастандар жазып, «Құралай сұлу» романын жарыққа шығарды. Шухов «Ащыөзек», «Өшпенділік» романдарын жазып, 1954 ж. «Тың игерушілер» кітабымен бүкіл одаққа танымал болған. 1920-1930 ж.ж. қазақ әдебиетшілерінің қатарына қосылған дарынды жастар Ж.Саин, Қ.Аманжолов. 20 ж. аяғы мен 30 ж-да қазақ әдебиетін толықтырған дарынды шығармашыл жастар Қ.Аманжолов, Т.Жароков болды. 1934 ж. 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезі өтті.

Қазақтың халық суретшісі Ә.Қастеев Хлудовтың шәкірті болған.

1925 ж. Ә.Қашаубаев таңғажайып даусымен Парижде, ал 1927 ж. Берлин, Еуропа көрермендерін тәнті етті. Мәскеуде көрсеткен өнері үшін К.Байсейітова алғаш болып КСРО халық әртісі атағын алды (1938 ж.).

Мәскеуде 1938 ж. Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсын қойған.

1920-1930 ж.ж. Қазақстан ғылымы қалыптасты. 1920 ж. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. 1926-1927 ж.ж. КСРО Ғылым академиясы кешенді экспедициясы Қазақстан аумағында статистикалық, экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1926 ж. Массон Тараз қаласында қазба жұмыстарын жүргізді. 1925 ж. Затевич «Қазақ халқының 1000 әні»; 1931 ж. «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты еңбектерін жазған. Осы үшін оған 1932 ж. Қазақстанның халық әртісі атағы берілді. ХХ ғ. 20 ж. Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ұлы түрколог, академик А.Самойлович болды. Ұлы Отан соғысы жылдары академик А.С.Орлов орыс-қазақ сөздігін құрастырды және «Қазақтың батырлар жыры»еңбегін жазды.

1932 ж. КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылып, 2 сектордан тұрды (зоологиялық, ботаникалық). Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде 1700 ден астам ғалым еңбек етті. 1939 ж. ғылыми зерттеу мекемелеріне мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы 12 есеге өсті.

1933 ж. қыркүйекте ВКП(б) Орталық Комитеті мен КСРО Халық комиссарлар кеңесі Қазақстан үшін кадрлар даярлау туралы қаулы қабылдады. 1930 ж. өзге республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық білім алды.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда 20 оқу орны жұмыс істеді: Қазақстанда тұңғыш жоғарғы оқу орны 1928 ж. ашылып Қазақ педагогикалық институты (алғашқы директоры Б.Алманов) деп аталды; оған кейін Абай есімі берілген; 1929 ж. Адматы мал дәрігерлік институты; 1930 ж. Қазақтың ауыл шаруашылық институты; 1931 ж. М.Маметова оқыған Алматы медицина институты; 1929-1931 ж.ж. Алматыда ауылшаруашылық және медициналық жоғарғы оқу орындары ашылды. 1931-1932 ж.ж. Орал, Қызылорда қалаларында педагогикалық институттар ашылды; 1934 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті ашылды (1938 ж. ҚазМУ-ң жанынан тұңғыш аспирантура ашылды). Алматыда 20-дан астам ғылыми – зерттеу институттары орналасты.

Республикада инженер – техник кадрларды даярлауға негіз болған, 30 жылдары Қазақ кен – металлургия институты ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда Шымкент технология институты, ал Алматыда Шет тілдер институты ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға Мәскеуден көшіріліп орналастырылған жоғары оқу орны Авиация институты.

1939 ж. Алматыда А.С.Пушкин атындағы тұңғыш бұқаралық, мемлекеттік кітапхана ашылды.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2082. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия