Студопедия — Дайындайды.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дайындайды.






А) жартылай сұйық жəне майдан тұратын өнімнің 25 – 30 гр

көлеміндегі сынамаларын залалсыздандырылған ыдыста, яғни

сұйылту суспензияның төменгі қабатын алады да, су моншасында

немесе температурасы 45°С – тан жоғары емес термостатта

қыздырылады.

Ə) тығыз консистенциялы сынамадан үлгіні өнімнің беткі

жəне тереңгі қабаттарынан алады. Стерильді түрде алынған 25 – 30

гр үлгіні 1: 10 қатынасында 0,85% - ті NaCl ерітіндісімен немесе

0,1% - ті пептон суымен аралстырады, немесе басқа қоректік

ортамен жəне ұлпаның кесіндісімен гомогенизаторда немесе 10 –

15 минут тұндырылған тұнба үстіндегі мөлдір сұйықтықты

қолданады.

Б) консервілерді бактериологиялық тессеру үшін 10444 – 85

МҚСТ – қа сəйкес дайындайды. Қалбырдың сыртқы түріне,

деформация, тот басу. Ағу сияқты ақауларына көңіл аударады.

Анализ жасар алдында қалбыр саңылаусыздығына Бомбагоның;

вакуумды апаратымен немесе сүзгіш қағазбен оралғаннен соң;

эксикатормен тексереді. Қағазда дақтың пайда болуы қалбырдың;

саңылауы екендігін көрсетеді. Сонымен бірге қалбырдың;

саңылаусыз екендігін қалбырды 3 – 4 минут 80 - 85°с – қа дейін

қыздырылған суға салып тексеруге болады, оның бетінде ауа

көпіршіктері болмауы керек. Саңылаулы қалбырлар

бактериологиялық тексеруге жатпайды. Қалбырдың ісінуіне

тексеру үшін көлемі 1 литрден кем емес қалбырды 5 күн

аралығында жəне көлемі 1 литрден асатын қалбырды 10 күн

термостатта ұстайды. Егерде қалбыр ісінген болса, онда анализ

жасалмайды. Қалбырды бокстың ішінде залалсыздандыру ережесін

сақтай отырып ашады. Қалбырды спиртпен өңдегеннен соң, спиртті

факелмен саңылау жасайды да, залалсыздандырылған шыны

түтікшемен қалбыр ішіндегі сұйықтықты тексеру үшін алады.

Анализ жасау үшін тек қана залалсыздандырылған құрал –

саймандарды қолдану керек.

2. сұйылтындыны даярлау. Өнімнен алынған езіндіден немесе

сұйық материалдан он дəрежелі сұйылтынды қатарын дайындайды.

Оларды ішінде 9 мл 0,85% - ті физиологиялық ерітіндісі, 0,1 - % - ті

пептон суы немесе басқа қоректік ортасы бар пробиркаға 1 мл – ден

алып құяды. Əрбір сұйылту дəрежесін алу үшін

залалсыздандырылған түтікше арқылы алдыңғы дайындалған

сұйылтындыдан 1 мл – ін алып, келесі 9 мл ерітіндісі бар

пробиркаға құяды. Осылайша келесі пробиркаға құйып, керекті

қатардан 10 дəреже лі сұйылтынды алады, бұл өнімнің пробирка

ішінде болуына жəне өнімді тексеру мақсатына байланысты

болады. сұйылтындыдан қоректік ортаға себінді жасайды, керекті

дəрежедегі сұйылтындыны таңдау тексеру мақсатына байланысты.

Ет жəне ет өнімдерін бактериологиялық тесеру.

Бактериологиялық тексеруге мыналар жатады.

1. Өнімдегі микробтардың жалпы санын анықтау.

2. Коли – титр жəне коли – индексті анықтау.

3. Тазалықты – көрсеткіш микроорганизмдерді

анықтау.

4. Зардапты микробтардың бар жоғын анықтау.

Өнімдегі микробтардың жалпы санын анықтау үшін

қолданылатындар.

а) есептеуіш камерада тікелей санау

ə) қатты қоректік ортаға себінді жасайды, мұнда өсіп – шыққан

колониялардың санына қарай микробтардың жалпы санын

анықтайды.

б) сұйық ортаға титрлі себінді жасайды.

Өнімдегі микробтардың жалпы санын анықтау.

Жағынды əйнекке екі жағынды жасайды, біреуін еттің беткі

жағынан, ал екіншісі тереңгі қабатынан алады. Жағындыны

даярлау үшін стерильді қайшымен еттің беткі қабатынан кесінді

алып, оны кесілген жағымен əйнекке жағады. Еттің тереңгі

қабатынан жағынды жасау үшін, еттің беткі қабатын күйдіреді де,

сол күйдірілген жері арқылы тереңгі қабатынан ет кесіндісін

стерильді түрде алып, оны жағынды əйнектің беткі жағына жағады.

Даярланған жағынды – препаратты ауада кептіріп, спиртовка

жалынында бекітеді де, Грам əдісі бойынша немесе Пфейфер

фкусинімен 1 – 2 минут аралығында бояйды.

Микробтар санын бес көру алаңында, яғни шар тəрізділер

бөлек, таяқша тəрізділерді – бір бөлек санайды. Микробтардың;

орташа санын барлық клеткаларды қосып, оларды алаң санына

бөлу арқылы анықтайды. Проепаратта миробтар, тек біріңғай

таяқшалар немесе коктар болмауы керек. Көру алаңында микробтар

саны 10 – ға жетсе, онда ол қалыпты деп саналады. Микробтарды

санау үшін горяев камерасын қолдануға болады.

Қатты қоректік ортаға себінді жасап, өсіп шыққан

колониялардың санына қарай өнімдегі микробтардың жалпы санын

анықтау. Стерильді фарфор табақшасына 1- 2 гр ет кесіндісін

салып, қайшымен кескілейді, одан соң табақшаға

залалсыздандырылған, құм қосып езгілейді, оған 1:10 есебімен

физиологиялық ерітіндіні қосады. Дайын болған суспензияның 1 мл

– ін стерильді түтікшемен алып, Петри аяқшасына құяды, одан

кейін 45°С – қа дейін балқытып салықндатылған ет – пептонды

агарды құяды да, тегіс жерде шайқап араластырады,

салқындатылған аяқшаларды төңкеріп 24 сағат 37°С

температурадағы термостатқа қояды. Содан соң өсіп шыққан







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1363. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия