Студопедия — Х объективпен микроскоптайды.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Х объективпен микроскоптайды.






Сабаққа қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Қатты жəне сұйық қоректік орталарда өсірілген бактериялар

өсінділері, спиртовкалар, платинадан жасалған ілмешектер,

жағынды жəне жабынды əйнектер, физиологиялық ерітінді анилин

бояулары (Пфейрфер фуксині, Леффлер көгі) дистилденген су.

Тақырып. Бактерияларды дифференциалды бояу

Сабақтың мақсаты: 1. Дифференциалды – диогностикалық;

бояудың мəнін студенттерге үйреті.

2. Бактерияларды дифференциалды бояудың;

техникасын үйрену.

Бақылау сұрақтар

1. Бактерияларды бояудың дифференциалды əдісін қандай

мақсатта қолданады?

2. Грам əдісі бойынша мəні неде? Кім оны ұсынды?

3. Капсуланы бояудың ерекшелігі қандай?

4. Спораны химиялық жəне физикалық факторлардың əсеріне

жоғары төзімділігі неге байланысты?

5. Спораны бояу ерекшелігі қандай?

Сабақтың мазмұны

Микробтарды күрделі бояу кезінде жағындыны екі бояумен

бояйды, оның біреуі негізгі, ал екіншісі қосымша болып табылады.

Күрделі бояу кезінде бояғыш заттардан басқа əртүрлі

түссіздендіретін заттар (спирт, қышқылдар ж.т.б) қолданады.

Грам əдісі бойынша бояу. Бактериялардың грам оң жəне

грамтеріс əр түрлі боялуы, олардың клетка қабықшасының;

құрылысына байланысты, яғни грамтеріс бактерияларымен

салыстырғанда грамоң бактериялардың клетка қабықшасы қалың;,

пептидогликан полимері көп орналасқан, генцианвиолетпен жақсы

боялады, 30 – 40 секунд ішінде спирт əсерінен түссізденбейді. Ал

грамтеріс бактерияларда клетка қабықшасы жұқа, пептидогликан аз

мөлшерде орналасқан, бояуды əлсіз қабылдайды, сондықтан

спирттің əсерінен шапшаң түссізденеді.

1. Бекітілген жағындыға бір тілім сүзгіш қағазды салады да,

үстіне генцианвиолет ерітіндісін құйып 3 минут ұстайды.

2. Содан соң бояуды қағазбен бірге төгіп тастайды да (сумен

шаймау керек), препарат бетінеиодталған спиртті тамызып, 30

секундтай ұстайды.

3. Сумен шаяды, аздап кептіреді.

4. Екі минуттай уақыт Пфейрфер фуксинімен қосымша бояйды.

5. Бояуды төгіп, препаратты сумен шаяды, сүзгіш қағазбен

кептіріп микроскоптайды.

Микроскоптық бейне: грамоң бактериялар – күңгірт – күлгін

түсті, грамтеріс бактериялар – қызыл түсті.

Михин əдісі бойынша капсуланы бояу. Капсула муцин

тəрізді зат, жоғары молекулалы полисахарид, клетка

қабықшасының сыртқы қабатының өнімі болып табылады.

Капсулалық зат нашар боялады, капсуланы бояу үшін

метахромазия құбылысының пайда болуына сүйенетін əдіс

қолданылады. Бұл кезде бір бояу қолданғанда цитоплазма бір

түске, ал капсулалық зат басқа бір түске боялады. Əдетте

капсуланы потогендік микробтар жұққан организмде түзеді. Ауру

қоздырғыш патогендік бактерияларда капсула түзілу, олардың;

қолайсыз ортаға қайтарған реакциясы болып табылады. (7 - сурет).

1. Бекітілген препаратты 5 минут уақытқа 5% - ті бояйды.

2. Сумен шайып, сүзгіш қағазбен тез арада сорғытып құрғатады

да микроскоппен қарайды.

Микроскоптық бейне: капсула – қызғылт, ал бактерия

клеткасы – көк түсті.

Меллер əдісі бойынша спораны бояу. Бацилла спорасы

кептіруге, қыздыруға, сілті жəне қышқылдармен өңдеуге өте

төзімді, бұл олардың əсіресе, клетка қабықшасының ерекше

құрылымымен сипатталады. Сондықтан споралар бояудың;

əсеріне де төзімді болып келеді. (8 - сурет)

1. Жағындыны кептіріп бекітеді.

2. Жағындыға 5% - ті хорм қышқылының сулы ерітіндісін

құйып, бір минуттай ұстайды.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1932. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия