Студопедия — XVІІІ ғасырлардың ІІ жартысындағы ауызша әдебиет өкілдері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

XVІІІ ғасырлардың ІІ жартысындағы ауызша әдебиет өкілдері






 

Аты – жөні Өмірбаяны Еңбектері
Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Қаратау бойында дәулетті отбасында дүниеге келген. Ол 17 жасынан бастап Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. 1729 ж. өлім жазасына бұйырылып, қашып құтылған. «Ақтабан шұбырынды» оқиғаларының куәгері. Жоңғарларға қарсы соғыс кезінде Орта жүз рубасы ақсақалдарының бірі болды. Оның 26 туындысы бізге жеткен. Ақтамберді жырау қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Абай ауданында жерленген. ХVІІІ ғ. шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арнаған халық ауыз әдебиеті өкілі.  
Үмбетей жырау Тілеуұлы (1706-1778) Ақмола облысы, Ерейментау ауданы жерінде өмір сүрген. Әкесі – шебер қобызшы, жыршы. Жорықтарға қатысып, батырлардың ерліктерін көріп, оларды мадақтап өлеңдер шығарды. Қазақстанның көптеген аудандарын аралап, айтыстарға қатыса жүріп, өзінің философиялық ойларымен белгілі болған. Дәстүр ізімен Үмбетей де көшпелі өмірді, батырлардың жауға қарсы ерлігін, күресін жырлаған, абақкерей руының аты шулы батыры Жау-ғашар (Шақантай), тағы басқаларға жыр арнаған. Оның белгілі Бекболат биге арнауының тәрбиелік мәні зор. Бөгенбай батырға арналған жоқтауында ақын Абылайдың өмірін, қызметін, оның қосшысы, көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан етті. Әсіресе соңғы шығармалары Абылай кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын ХVІІІ ғ. өмір сүрген жырау «Ей Ақтамберді, Қабанбай», «Бекболат биге» шығармалары бар.
Бұқар Қалқаманұлы (1693-1787)/ (1684-1781) ұлы жырау, халық арасында «көмекей әулие» атанған. Бұқар Тәуке хан тұсында ел билеу ісіне араласып, кейін өмірінің соңғы жылдары Абылай ханның кеңесшісі болған. Ол қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсаған. Абылайды осы арманды жүзеге асырушы деп есептеп, хандық өкіметінің берік болуы жолында күреседі. «Тілек» шығармасы
Тәтіқара Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен ХVІІІ ғ. ІІ жартысындағы танымал ақын. Бізге тек оның шығармаларының жекелеген бөліктері ғана мәлім. Бізге жеткен шығармаларында ұлы тұлғалар – шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербісәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбай және т.б. ерекше шабытпен жырланады.  
Жанақ ақын (1775-1846) ақындар айтысында жеңісті қолдан бермеген суырыпсалма. Шығыс Қазақстан обл., бұрынғы Абыралы ауданында дүниеге келген Жанақ бар өмірін туған өлкесін аралаумен өткізген. Атақты ақынның Орынбаймен айтысы біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі – «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының қазірге дейін сақталуы еді.  






Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 793. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия