Курс саясаты. « Телекоммуникациялардағы ақпаратты - өлшеу және басқарушы жүйелер» пәнін оқып-үйренушілерге
«Телекоммуникациялардағы ақпаратты - өлшеу және басқарушы жүйелер» пәнін оқып-үйренушілерге қойылатын талаптар: - үзілістік тәртіпті, сабақ үстіндегі және үзіліс кезіндегі тәртіпті сақтау; - сабақ кезінде өзге адамдармен сөйлесуге көңіл бөлуге, басқа әдебиеттерді оқуға, темекі шегуге, тамақ ішуге, сағыз шайнауға, ұялы телефон қолдануға тыйым салынады; - ЖОО жабдықтарын және тазалықты сақтау; - сабақты қалдырмау және кешігіп келмеу. Кешіккен студенттер сабаққа жіберілмейді. Себепсіз қалдырылған сағаттар кафедра шешкен уақытпен орындалады; - сабаққа уақытында жүйелі дайындалу. Барлық тапсырмалар уақытында орындалып, қорғалуы тиіс, ал тапсырылатын уақыттан кешіктірсе, бағаны төмендету; - сабаққа белсенді қатысу; - бірге оқитын студенттерге, оқытушыларға жылы мінезді танытып, шыдамды болу. - интеллектуалды жеке меншік заңдарын орындау және т.с.с.
10 Білім бағасы туралы ақпарат
Студенттердің білім бағасының негізгі критерилары: - «Телекоммуникациялардағы ақпаратты - өлшеу және басқарушы жүйелер» аппаратураларының түйіндерін орнату сұрақтары бойынша мәселелерді шешу жолдарымен таныстыру және оларды тәжірибелік есептер шығару кезінде қолданысын білу; - зертханалық және өздік жұмыс барлық түрлерінің орындалу графигін сақтау; - пән бойынша конспекттердің жазылуын сапалы жүргізу; Зертханалық және өздік жұмыстарды тапсыру тәртібі: - жұмыстарды белгіленген уақытта тапсырған жөн. Егер тапсырма орындалатын уақыттан бір жұма кеш орындалса, онда бағаланатын баллдар төмендетіледі, бірақ 50%-дан төмен емес. Барлық жұмысты тапсырудың соңғы уақыты- емтихан басталғанға дейін; - уақытында тапсырылған жұмыстар «өте жақсы» деген бағамен бағаланады; - уақытында тапсырылған жұмыстар «қанағаттанарлық» деген бағамен тапсырылса, белгілі шкалаға сәйкес төмен баллмен бағаланады; Емтиханға жіберілімді бірінші кезекте семестр бойынша жиналған баллмен қарастырылады. Бақылау түрі. Ағымдық бақылау (АБ): сабаққа қатысу, дәріс конспекттерінің түгел болуы, жеке есептеленетін тапсырмалардың орындалуы, зертханалық жұмысты қорғау және орындау. Аралық бақылау (АБ): семестрде 2 аралық бақылау қарастырылған (8 –ші және 15-ші апталарда), өткен тақырыптар бойынша теориялық сұрақтарға жауап беру және есептер шығару. Қорытынды бақылау (ҚБ): пән бойынша емтихан емтихандық билеттермен жазбаша-ауызша түрде сұрақтарға жауап беру және есептер шығарумен өткізіледі. Емтихандық сұрақтар тізіміне сонымен қатар тақырыптық және емтихандық тапсырмалардың мысалды нұсқалары кірістірілген. Аралық бақылау, ағымдық бақылау, қорытынды бақылау нәтижелері оқытушының пайыздық бағасымен орнатылады және студенттерге бірінші сабақта хабарлануы тиіс. Төмендегі кестеде семестр бойынша баллдарды (%) орнату мысалы келтірілген. Бағаларды орнату жүз баллдық (100%) жүйемен келтірілген:
11 Бағаларды қою саясаты
- объективті (бағалық жүйенің эквивалентті нақтылығы); - айқындылығы (ақпараттанған); - икемділігі (әр түрлі бақылаулардың келісуі); - жоғары дифференциация (көп баллды бағалау шкаласы көмегімен). Аралық, ағымдық, қорытынды баллдар туралы ақпараттар (семестр басында) студенттерге жеткізілуі тиіс. Курстық жұмыс 100-баллдық жүйемен есептелінеді.
Бақылау түрлерінің баллдары
Он баллдық шкала түріндегі эквиваленттік бағалау
«Цифрлық тарату жүйелері» пәні бойынша 050719 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығына арналған Бағдарлама
Аға оқытушы Есильбаева А.Г.
Жиынтыққа тапсырылған – Мөрге жіберілген Пішіні 60х80 Тапсырыс №
Баспа шарты.- Емт. тиражы. ____________________________________________________________________
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің типографиясы, 2014ж, 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 69.
|