Студопедия — Объективті зерттеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Объективті зерттеу






Іштің түйілуі кезінде науқастардың басым көпшілігінің жалпы жағдайы ауыр болып, олардың мазасыз болуы байқалады. Ауру басталған сәтте дене температурасы қалыпты жағдайда болады, ал іш түйілуі перитонитпен асқынған кезде температура 38-400С-қа жоғарылайды. Науқастарда тахикардия және қан қысымының төмендегені байқалады (бұл белгілер гиповолемиялық немесе септикалық шок кезінде жиі кездеседі). Науқастардың тілі құрғақ, оның үсті ақ немесе сары жабындымен қапталады.

Науқастың ішін визуалды қараған кезде, іштің сыртқы пішінінің бұзылғаны (деформация), ассиметриясы анықталады. Ішек иілімдеріеің қатты ұлғаюына байланысты іш қабырғасының қатайғаны анықталап, пальпация кезінде үрленген доптың консистенциясына ұқсайды (Мондор симптомы) және іштің қатты ауырып тұрған жерін анықтауға болады (бұл белгі ішек иілімдерінің странгуляциясының локализациясына тән). Кейбір науқастарда «баллон» тәрізді кеңейген және фиксацияланған (бекітілген, жылжымайтын) ішек иілімі пальпацияланады (Валь симптомы), сол кеңейген ішек иілімінің үстінен перкуссия жасаған кезде, металл дыбысына ұқсас тимпанит анықталады (Кивуль симптомы). Аурудың бастапқы кезеңінде ішек перистальтикасының күшейе түскенін аускультация жасау арқылы естуге болады, ал уақыт өте келе ішек қабырғасының некрозына және жайылмалы перитониттің дамуына байланысты ішек перистальтикасы баяулап, мүлде болмауы мүмкін («табыт тыныштығы» симптомы). Науқастарда Скляров симптомы (шалқасынан жатқан науқастың ішін аускультация жасап, іштің бір бүйірінен түртіп-қоғалысқа келтіргенде, су шалпылына ұқсас дыбыс естіледі), Спасокукоцуий симптомы (шалқасынан жатқан науқастың ішін аускультация жасап, іштің бір бүйірінен түртіп-қоғалысқа келтіргенде, су тамшысына ұқсас дыбыс естіледі), Лотейссен симптомы (шалқасынан жатқан науқастың ішін аускультация жасағанда ішек перистальтикасы мүлде естілмейді, оның орнына тыныс алу және жүректің соғу дыбыстары естіледі) және Цеге-Мантейфель симптомы (науқасқа тазалау клизмасын жасау барысында оның тік ішегіне 300-700 мл-ден артық сұйықтық жіберілмей үлкен жылдамдықпен қайтадан сыртқа шығады) оң болады. Тік ішекті саусақпен зерттеу барысында кейбір жағдайларда ішек түйілуінің себептерін анықтауға болады (тік ішек ісіктері, нәжіс тастары, бөгде заттар және и т.б.), ал инвагинация кезінде қан немесе қан аралас ішек заттарын көруге болады. Сонымен қатар, тік ішек ампуласының «баллон» тәрізді кеңейгені мен оның қуысының бос екенін және тік ішек сфинктерінің тонусы босаңсығаны анықталады (Греков немесе Обухов ауруханасының симптомы). Цеге-Мантейфель және Обухов ауруханасының симптомдары көбінесе «сигма» тәріздес ішектің бұралып қалуы мен қатерлі ісігі кезінде жиі байқалады.Іштің түйілуі кезінде болатын дегидратацияға байланысты қан талдауынан гипопротеинемияны (белок деңгейінің төмендеуі), гемоконцентрацияны байқауға болады (эритроциттің көбеюі – 5-6 млн-ға дейін, гемоглобин мөлшерінің жоғарылауы, гематокрит деңгейінің өсуі), ал аурудың даму барысында, ішек түйілуге қабыну процесінің (перитониттің) қосылуына байланысты қандағы лейкоциттер саны мен эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) артады. Ішектің жедел түйілуі кезінде құрал-аспаптық зерттеулер арасында рентгенологиялық зерттеу (рентгеноскопия және рентгенография) кеңінен қолданылады.

Ішектің жедел түйілуінің;







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1866. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия