Студопедия — Лекция мазмұны. «Инвестиция» түсінігі инвестициялық қызмет, инвестициялық қызметтің субъектісі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция мазмұны. «Инвестиция» түсінігі инвестициялық қызмет, инвестициялық қызметтің субъектісі






«Инвестиция» түсінігі инвестициялық қызмет, инвестициялық қызметтің субъектісі, инвестициялау объектісі түсініктерімен тығыз байланысты. Инвестициялық қызмет инвестицияларды салу процесін сипаттайды. Ол берілген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ынталы заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттің тәжірибелік мақсатты кешенін қамтиды. Инвестициялық қызмет экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатын көздейді. Инвестициялық қызмет ғылыми техникалық, өндірістік процесті қамтиды және оның кейбір мәселелеріне әсер етеді. ҚР-да инвестициялық қызмет заңдармен және бағдарламалық мақсаттық сипатқа ие.

Инвестициялық қызмет бұл инвестицияларды салу және инвестициялау, инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік қызметтер жиынтығы. Осылайша, инвестициялық қызмет дегеніміз инвестордың инвестициялық объектіні таңдауы және құруы. Оны пайдалануы мен жоюы, қажетті қосымша салымдарды жүзеге асырумен сыртқы қаржыландыруды тартуы бойынша инвесторлардың қызметін түсіндіреді. Инвестициялық қызметтің бірінші кезеңі – инвестициялау объектісін таңдау болып табылады.

Инвестициялау объектісі дегеніміз инвестицияға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрі. Инвестициялау объектісіне: ақша-қаражаттар, мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар; жылжитын және жылжымайтын мүліктер; авторлық құқық, ноу-хау және т.б интелектуалдық құндылықтар; жер учаскелері және басқа да ресурстарды пайдалану құқықтары. Сонымен қатар, басқа да мүліктік құқықтар мен құндылықтар жатады.

Инвестициялық қызметтің субъектілеріне:жеке және заңды тұлғалар; мемлекет; шетелдік мемлекеттер; өзге де халықаралық ұйымдар жатады.

Инвестициялық қызметтің субъектілері ретінде, бір жағынан, бос инвестициялық ресурстарға ие қатысушылар (инвесторлар), екінші жағынан, инвестициялық ресурстарда қажеттілігі бар кәсіпорындар, ұйымдар және т.б. қарастыруға болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы инвестициялық институттар мен инвестициялық ресурстардың тұтынушылары арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып табылады.

Инвестициялық қызмет және инвестициялық объект түсініктерін бөлу, инвестицияның нәтижесін бағалауға маңызды ықпал етеді. Егер нәтиже ретінде инвестициялық объектіні қарастырсақ, онда оның нарықтық құнымен анықталады. Егер инвестиция нәтижесінде инвестициялық қызмет ықпал етсе, онда ондай баға толық емес болып табылады. Себебі сыртқы көздерден қаражаттарды тарту және уақытша бос капиталды қосымша инвестициялау нәтижесінде, инвестор алатын пайдасының тиімділігі ескерілмейді.

Инвестициялық қызметте инвесторлар маңызды орын алады. Отандық заңнамада инвестор – бұл инвестициялық жобаға өзіндік және басқа тартылған меншікті және интеллектуалдық қаражаттарды салуды жүзеге асыратын және шешім қабылдайтын, сонымен қатар олардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлға.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1398. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия