Студопедия — Дебиеттер мен нақты мәліметтерді жинақтау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дебиеттер мен нақты мәліметтерді жинақтау






Жұмысты жазуға керекті әдебиеттер мен нақты мәліметтерді студент өзі ізденіп, жинақтап алады. Бастапқыда тақырыпқа байланысты қабылданған заңдар мен ресми шешімдерді, одан соң ғылыми еңбектер, әдебиеттер, интернет пен ақпарат құралдарында жарияланған нақты мәліметтерді оқығаны дұрыс.

Жұмысты жазу барысында нақты мәліметтердің негізгі көздері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының инвестиция қызметін реттейтін заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, сондай-ақ шетелдік және отандық оқулықтарды, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Ұлттық Агенттігінің жыл сайын шығаратын статистикалық жинақтарын пайдалануға болады. Сонымен қатар, инвестиция, ақша, банк, бағалы қағаздар, қаржы нарығы туралы көп мағлұматтарды Ұлттық банктің статистикалық бюллетені, мерзімді журналдар және газеттер де жариялайды. Бұлармен де жете танысқан абзал.

Ол үшін университет кітапханасындағы каталогтарды қарап, мәлімет–ақпараттардың басылып шыққан уақытына көңіл бөлген жөн. Бірінші кезекте соңғы уақытта жарық көрген деректерді, мәліметтерді таңдап, пайдалану керек. Таңдалып алынған әдебиеттер мен мәліметтерді дәптерге немесе карточкаларға жазып, курс жұмысының жоспарына сай топтастырып, алфавит бойынша тізім жасаған дұрыс. Тізім төмендегі үлгімен жазылады:

– автордың фамилиясы және аты-жөні;

– кітаптың алғы бетіндегі нақты атауы;

– томы, басылған жері, жылы және қаншасыншы бет. Мысалы: Шарп У. Инвестиции. М., «Инфра М», 2001 ж. – 18-19 б.

Журналға, газетке шыққан мақалалардың тізімі:

– автордың фамилиясы және аты жөні;

– мақаланың атауы;

– журналдың немесе газеттің атауы, оның шыққан жылы және нөмірі, газеттің шыққан айы және жұлдызы жазылады. Мысалы: «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 ІІ Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан газеті. 2008 ж. № 7 (603) 11 қаңтар.

Керекті әдебиеттерді, мәліметтерді жинақтап алған соң ғана оларды зерттеуге кірісу керек. Сонымен қатар зерттелетін тақырыпқа байланысты арнайы жазылған оқулықтар және ғылыми жинақтармен де танысқан дұрыс.

Қоғамдағы болып жатқан экономикалық мәселелер туралы тек жан-жақты зерттеліп, талданған нақты мәліметтер ғана ғылыми негізделініп дұрыс қорытынды беретіні анық. Сондықтан сол ақиқат ақпараттарды талдау арқылы ғана теория мен практиканың терең және өзара байланысын айқындауға мүмкіндік туады. Бұрыннан белгілі, егер теория практикаға жол ашса, ал практика теорияның дұрыстығын дәлелдеп, экономикалық танымды тереңдетеді. Демек, экономикалық құбылыстарды айғақтайтын нақты және статистикалық мәліметтерді жинақтауға аса мұқият көңіл бөлген жөн. Курс жұмысын жазуға ұлттық экономиканы сипаттайтын макрокөрсеткіштермен қатар жергілікті микроэкономикалық мәліметтерді де кеңінен қолдануға болады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 726. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия