Студопедия — Екіншілік глаукома
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Екіншілік глаукома






~~65 жастағы науқас оң көзінің ауыру сезіміне, бірден көру қабілетінің төмендегеніне шағымданды. Көру қабілеті жәйлап 5 жылдың ішінде төмендеген. Ауыру сезімі түнде пайда болған. Объективті: оң көз - көз алмасының аралас инъекциясы, қасаң қабығы ісінген, алдыңғы камера терең, нұрлы қабығындағы өзгерістер жасына сәйкес, көз бұршағы сүт сияқты бұлыңғыр. Көздің терең бөліктері көрінбейді. Көру жітілігі - дұрыс бағытта жарықты сезу. КІҚ-37 мм.сын.бағ. Сол көзі өзгеріссіз. Гониоскопия: оң көзінде бұрыш ашық, кең, бұрыштың барлық жерінен ақшыл түсті қосындылар көрінеді. Эхографиялық алдыңғы камераның тереңдігі -4,5мм, көз бұршағының өлшемі -1,5мм, біліктің ұзындығы-24мм. Сіздің диагнозыңыз:

Факолитикалық глаукома

Жедел иридоциклит

Глаукоманың жедел ұстамасы

Факотопиялық глаукома

Жетілмеген катаракта

~~25 жастағы науқас сол көзіне соққы алғаннан кейін бірден көру қабілетінің төмендегеніне шағымданып окулистке келді. Қарап тексерген кезде көру жітілігі дұрыс бағытта жарықты сезуге дейін төмендегені анықталды. Объективті: көздің алдыңғы бөлімі өзгеріссіз, көз түбінен рефлекс жоқ. Көз бұршағының артқы жағынан қызыл түсті масса байқалады. Көздің ішкі қысымы пальпаторлы қалыпты. Диагноз қойыңыз:

Гемофтальм

Гифема

Гипопион

Тор қабықтың сылынуы

Эндофтальмит

~~40 жастағы М., жұдырықпен оң көзіне соққы алғаннан кейін көру қабілетінің төмендегеніне шағымданды. Оны кезекші дәрігердің бөлмесіне жеткізді. Қарап тексергенде: дәнекер қабық астына қан құйылған, алдыңғы камераның тереңдігі біркелкі емес, иридоденез. Қарашықтың тұсында бұлыңғырланған көз бұршағының бір қыры ғана көрінеді. Сіздің диагнозыңыз:

Көз бұршағының орнынан таюы

Гифема

Гемофтальм

Басталған катаракта

Тор қабықтың сылынуы

~~50 жастағы науқас сол көзінің алдында төменгі-ішкі жақтан қара түсті перде тұрғандай сезімге шағымданды. Оның алдында осы көзінің алдынан оттың ұшқындарын байқаған. Науқас миопиямен сырқаттанады, екі көзіне (–5,0e) көзілдірік киеді. Объективті: көру жітілігі шынымен түзеткеннен кейін оң көзінде-0,8-ге,ал сол көзінде-0,1-ге тең. Офтальмоскопиялық: көз түбінің жоғарғы - сырт жағынан шыны тәрізді денеге томпайып шығып тұрған, үлкен қатпарлы сұрғылт-көк көпіршік анықталды. Диагноз қойыңыз, ұсынылатын ем:

Тор қабықтың сылынуы, хирургиялық ем

Ретинобластома, энуклеация, химиотерапия

Хориоидея меланомасы, энуклеация

Көру нервінің невриті

Гемофтальм, сорылтатын ем

~~45 жастағы науқас-жұмысшы соңғы 3 ай ішінде сол көзінің көру қабілетінің себепсіз төмендеуіне шағымданды. Объективті: VIS OD=1,0, OS=0,001 шынымен түзетілмейді. Сол көзі тыныш, қасаң қабығында сағат 5-те лимбтің маңында 5мм-дей тыртық көрінеді, нұрлы қабықта сол аумақта ақау бар. Алдыңғы камера тереңдігі орташа, ылғалы мөлдір. Нұрлы қабығының түсі оң көзіне қарағанда қошқылдау, қарашықтың пішіні дөңгелек 4мм, жарыққа әсері баяу. Көз түбінен рефлекс жоқ. Оң көзінде патология жоқ. Дұрыс диагнозын таңдаңыз:

Көздің тесіп өтпеген жарақаты

Жастық катаракта

Орталық хориоретинит

Көздің ішінде бөгде дене

Иридоциклит

~~28 жасар науқас оң көзінің көру қабілетінің бірден төмендегеніне, көзін қимылдатқанда ауыру сезіміне шағымданады. Осы шағымдары кешке пайда болды. Науқас тұмаумен ауырып үйінде емделген. Объективті: VIS OD=0,08 шынымен түзетілмейді, Т-20мм.сын.бағ., OS=1,0, Т-20 мм.сын.бағ. Оң көзі тыныш, көзін басқанда көз шарасының түбінде ауыру сезімі байқалады. Оптикалық ортасы мөлдір, көздің түбі: көру нерві дискі ақшыл-қызғылт түсті, шекарасы айқын, экскавация физиологиялық, қан тамырларының жолы және калибрі өзгермеген, макула аймағы және тор қабықтың шеткі бөліктерінде патологиялық ошақтар жоқ. Көру кеңістігінде- орталық скотомa) Сол көзі сау. Сіздің диагнозыңыз:

Шкіл нервтің невралгиясы

Көз шарасының флегмонасы

Неврит

Иридоциклит

Ретробульбарлы неврит

~~40 жастағы өңдеуші (монтажник) 2 күннен бері оң көзінің көру қабілетінің бірден төмендегеніне шағымданып окулистке қаралды. Бір апта бұрын оң жақты жедел гайморитпен ауырған. Объективті: VIS OD=0,2 шынымен түзетілмейді, Т=22 мм.сын.бағ., OS=1,0, Т=23м.сын.бағ. Оң көзі тыныш, оптикалық ортасы мөлдір. Көздің түбі: КНД-қызарған, шекарасы көмескіленген, артериялары кеңейген, веналары иректелген, тор қабықтың перипапиллярлы аймағында экссудативті ошақтар көрінеді, макуляры аймақ және шеткі бөліктері өзгеріссіз. Сол көзі сау. Диагнозды таңдаңыз:

Орталық хориоретинит

Неврит

Ретробульбарлы неврит

Көру нерві дискінің іркілісі







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1177. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия