Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Характеристика методів митно-тарифного регулювання зовнішньоекономічної діяльності України


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 641



Жылы бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бет-бұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Хариссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан РЕспубликасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев “ Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы “ Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8 –ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.

КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жылы Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен мінлеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбасы бағамы бойынша жүргізілді.

15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшке сауданы жүзеге асырушы және халық арқылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды.Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі.Келесі жылдары ол бірден өссіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады.

Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталар қатарына кіреді.

Азақстан ұлттық валютасының сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

 

 

 

Орытынды

Жылдың наурызында «Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі туралы» жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын.

Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол металл тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын қоса отырып).

Лттық валютаны жасау еліміздің Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақьалынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзіде – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.

Дайындық жұмыстары бітер кезеңде сол кездегі Премьер-министр С.А. Трещенконың төрағалығымен мемлекеттік комиссия құрылып, «теңгені енгізу тұжырымдамасы» әзірленді. Ал, 1993 жылдың орта шенінде РФ Үкіметі мен РФ Орталық Банкі айналыстан 1961-1991 жылдары шығарылған рубльдік банкноттарды алып тастап, бұрынғы КСРО нышанынсыз жаңа рессейлік ұлттық валютаны енгізу арқылы өзінің ақша реформасына кіріскен еді, демек, жаңа рубльдің іс-қимыл аймағы бұрынғыдағы ТМД елдерінің жеке бюджеті кезіндегідей кең бола алмады.ҚР Президенті ұлттық валютаның 1993 жылы 15 қарашасынан айналысқа енгізілетіні туралы Жарлыққа қол қойды.

Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның туған күні деп саналады. Ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнінде қадамдар есептелді, теңгенің бағамы сол кезде бір АҚШ доллары үшін 4,6 теңге деңгейінде белгіленді. АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы еліміздің алтын қорының тұрақтануы мен мүмкіндіктерін, экономикалық әлеуетті, ақша айналымын ескере отырып есептелінді. Бірақ ол ұзақ сақталмады, тағыда құлдырай берді. Ал теңгені біз ерекше шиеленістерсіз негіздік.

Бүгінгі күні, міне, Қазақстан өз егемендігінің 12 жылдық мүшелтойын атаған кезеңде, біз ұлттық валютамыз теңге енгізгелі он жыл ішінде бүткіл өркениетті әлем секілді өзіміздің дербес экономикалық саясатымызды жүргізудеміз. Мемлекеттер бір-бірімен санасып, өзара тиімді мүдделерде іс-қимыл жасасуы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы дәйекті түрде көтерліп келеді.Бұл ішінара өнеркәсіп өндірісінің, жалпы өнімнің өсуімен дәлелденуде. Валюталық түсімдер негізінде республиканың келешегі үшін «Ұлттық Даму» қоры құрылды. Ойластырған бюджет тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасаудың өркендеуіне көмектеседі. Яғни, қазіргі таңда біз дербес саясатты жүргіземіз және біршама мезгіл өткеннен соң көртеген елдердің АҚШ долларына байланғаны секілді, біріңғай валютаға келуіміз ғажап емес...


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Завдання та принципи митної справи | Принципова структура української митної системи
1 | 2 | 3 | <== 4 ==> | 5 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.201 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.201 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7