Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Державне мито.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 599



1. При жизни позитивистские теории Конта были мало известны, однако с 60-х годов 19 века его идеи получили широкое распространение, интерес к позитивизму как философской доктрины вырос. Позитивистами объявили себя многие естествоиспытатели (Ипполит Тэн).

2. Он синтезировал многие основные идеи обществоведения; он выступил против спекулятивно-умозрительного в общественной жизни и теологических концепций. Апелляция к положительному знанию, признание закономерности исторического процесса, внимание к изучению социальных институтов и структур общества - все это оказало огромное влияние на развитие общественных наук. История социологии отмечает творческий ум Конта, его энциклопедичность.

Его сравнивают с гением - отцом диалектики.

Конт впервые создал новую науку об обществе на основе синтеза идей своего времени, обрисовав контуры социальной структуры общества, нашел новые социологические методы. Он заложил фундамент социологии как науки.

 

Леуметтанудың пәні мен объектісі

Әлеуметтанудың пәні қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүріп жатқан әлеуметтік құбылыстар, үдерістер, байланыстар, қарым-қатынастар болып саналады. Әлеуметтану қоғамның ерекше бір қасиетін - әлеуметтілігін, экономиканың, саясаттың, құқықтың, мәдениеттің және тәрбиенің әлеуметтік қырларын анықтап береді.

Әлеуметтану ғылымының зерттеу огбъектісіне қоғамдық өмірдің әр түрлі салалары мен жақтарында жүріп жатқан күрделі құбылыстар мен үдерістер жатады. Бұл құбылыстар мен үдерістердің қайнаған ортасында дамыған жоғары жүйке жүйесінің иесі – адам бас объект ретінде қаралуы тиіс.

Бүгінгі ғылыми жетістіктер биігінен қарасақ, әлеуметтанудың талдау объектісі ретінде қоғамдық қатынастардың жаңа нысаны, ерекше көрінісі – азаматтық қоғам жатады. Өйткені азаматтық қоғам адамдардың бірлесе әрекет етуінің тарихи жаңаша ұйымдасқан тіршілік тұрпаты, жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстанудың жоғары үлгісі.

 

Огюст Конт

Негізгі еңбегі:«Позитивтік философия»

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

1.Теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.

2.Метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

3.Позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.

О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер.

Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарына қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенді “позитивтік” әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.

Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардыің әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бүл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтардың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып кетсе, онда қоғамның негізі болатын адамдардың арасындағы ынтымақтастық және келісім бұзылатын болды. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.

О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикадеген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін (функциясын) және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді.О. Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.

О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылауәдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді. Ал, бақылаушы өзінен тәуелсіз тұрған әлеуметтік фактілерімен жұмыс істейді. Әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі - ол эксперимент. О.Конттың пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жаснды жағдайда әлеуметтік процесттердің құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О.Конт бойынша әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі – салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың өмірін бір-бірімен салыстаруда қолданылады. О.Конттың осы әдіңстер туралы пікірлері де әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарады.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Склад судових витрат. | Наказ господарського суду, порядок його оформлення та виконання.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | <== 7 ==> | 8 | 9 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.186 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.186 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7