Студопедия — Глоссарий. . 1. Жеңіл бетондардың қасиеттерінің ерекшеліктері және ұялы бетондардың көлемін қарау.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий. . 1. Жеңіл бетондардың қасиеттерінің ерекшеліктері және ұялы бетондардың көлемін қарау.






Термин Пояснение
Керамзит Сазы күйдіру арқылы күбіндіру жолымен алынатын жеңіл толтырғыш
Claydite
Шлаковая пемза Металлургиялық (домналық) қождардың балқымаларын кенет суыту жолымен күбіндіріп алынатын жеңіл толтырғыш
Қож пемзасы
Slag pumice
Аглопорит Құрамында саз баршикізатты агломерациялық машиналардағы торларда (8-10 % отын қосапсы бар) күбіндіріп алынатын жеңіл толтырғыш
Aggloporite
Газобетон Портландцемент, кремнеземдік компонент және газдандырғыш араласпасынан дайындалатын жеңіл бетон
Gas concrete
Пенобетон Байланыстырғыштан, кремнеземдік компонент, судан және бөлек дайындалған ұяшықтар түзетін көбіктен тұратын араласпа негізіндегі жеіл бетон
Көбікбетон
Foam concrete
Строительный раствор Байланыстырғыштан, ұсақ толтырғыштардан, судан және қоспалардан құралған ерітінділік араласпаның қатаю нәтижесінде алынған жасанды тас материалдар
Құрылыс ерітіндісі
Building mortar
Водоудерживающая способность Ерітінділік араласпаның кеуекті негізге салғанда жылжымалылығын, қатпарлануын және негізбен жақсы жабысуын сақтау үшін суды ұстап тұру қасиеті
Су ұстаушылық қабілет
Water-holding capacity
Строительные сухие смеси Толтырғыштар мен қоспалардан тұратын минералдық байланыстырғыштар негізіндегі зауытта дайындалған композицичлар
Құрғақ құрылыс араласпасы
Dry building mix

4. СӨЖ-ге тапсырма

 

1. Жеңіл бетондардың қасиеттерінің ерекшеліктері және ұялы бетондардың көлемін қарау.

2. Құрылыс ерітінділерінің негізгі қасиеттері

 

5. СӨЖ-ге тапсырма

1. Құрылыстық сұйық араласпалар

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

 

6. Әдебиеттер мен оқу-әдістемелік материалдар тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 бет.

3. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары; қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –

208 бет.

 

Қосымша әдебиет:

1. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.Ә., Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы:

«Издат Маркет», 2007. – 224 б.

2. Баженов Ю.М. Технология бетона. М., ИАСВ, 2002.

3. Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных

материалов. - М.: ИАСВ, 2004.

4. Журналдар «Строительные материалы, технология, оборудование ХХI века», «Строительные материалы»,

«Бетон и железобетон», «Технология бетона» 2000-2013 жж.

 

 

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары -1 Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті
3 кредит 2 - семестр, 2013-2014 оқу жылы
ЛЕКЦИЯ № 10.Силикаттық және асбестцементтік материалдар Ассоциацияланған профессор, т.ғ.к. Ибраимбаева Гульназ Баккыдыровна

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

 

Әк негізіндегі материалдар: силикат кірпіштер, силикат бетондар. Олардың өндірісіне арналған шикізаттық материалдар: ауалық әк, кварц құмы, өндіріс қалдықтары.

Силикат кірпіштерін өндіру принциптері жартылай құрғақ пресстеу (Р=15-20 МПа) әдісімен қалыптанып, автокалавта автоклавта жылу-ылғаламен қатаяды. Силикат кірпіші ауалық әк (92-94%), кварц құмы (6-8%) және судан (7-9%) тұрады.

Силикат кірпішінің түсі ақ-сұр, әртүрлі сілтіге төзімді пигменттерді қолданып кірпіштің кез келген түрін алуға болады. Силикат кірпішін тұрғын, азаматтық және өндірістік ғимараттардың қабырғаларын, карниздерді, және құрғақ топырақтағы цокольдерді, жертөле қабырғаларын, түтін мұржаларын қалау үшін қолданылады. Заманауи силикат кірпішінің беріктігі 7,5 МПа-дан 40 Мпа-ға дейін, аязға төзімділігі 10-100 цикл және суға төзімділігі әрқалай. Пресстелген ұсақданалы силикат бұйымдары жалаң, біржарым (қалыңдатылған), қос және үш еселенген форматтағы кірпіш (тас) түрінде дайындалады. Негізгі өлшемдері 250*120*65 мм, 250*120*88 – қалыңдатылған модульдік, 250*120*138 - тастар). Қалыңдатылған кірпіштің салмағы 4,3 кг-нан аспайды.

Негізгі техникалық қасиеттеріне сығылым және иілім беріктігі, су сіңіргіштігі, ылғылөткізгіштігі, аязға төзімділігі, атмосфераға төзімділігі, суда және агрессивті ортада төзімділігі, отқа төзімділігі, жылу өткізгіштігі, газ-, бу және дыбыс өткізгіштігі, шөгуі, ерітіндімен жабысуы жатады. Кірпіштің маркасы орташа сығым беріктілігі шегімен анықталады. Орташа тығыздығы 1000 және 1200 кг/м3 қуыс денелі тастар үшін марка 50 және 25 болуы мүмкін. Су сіңіргіштік – силикат кірпішінің кеуектілігін сипаттайды және ол араласпаның түйіршектік құрамына, оның қалыптау ылғалдығына, пресстеу қысымына байланысты. МемСТ бойынша силикат кірпішінің су сіңіргіштігі 6%-дан кем емес. Беттік силикат кірпішінің су сіңіргіштігі 14%-дан аспайды, ал қарапайым кірпіш үшін – 16%. Силикат кірпішінің жұмсару коэффициенті оның макроқұрылымына, цементтеуші заттың микроқұрылымына байланысты және әдетте 0,8-ден төмен емес.

Әк-қож кірпішті әк және түйіршектелген домна қожы араласпасынан дайындайды. Әк 3-12, қож - 88-97% көлемінде алынады. Әк-күлді кірпіштің құрамы: 20-25% әк және 80-75% күл. Кейбір жанғыш сланецтердің құрамында 15% және одан жоғары СаО болады, олар әк қоспай-ақ қатая береді. Мұндай кірпіш әк-сланецті деп аталады. Әк-қож және әк-күлді кірпіштердің тығыздығы – 1400 -1600 кг/м3, жылу өткізгіштігі - 0,5-0,6 Вт/(м°С). Беріктігі бойынша 3 маркасы болады: 75, 50 и 25. Әк-қожді кірпіштің аязға төзімділігі кәдімгі силикат кірпішімен бірдей, ал әк-күлді кірпіштікі төмендеу.

Силикат бетонда құрамында ауалық әк және майда ұнтақталған кварц құмы бар әк-кремнеземді байланыстырғаш қолданылады (құмның орнына күл, майдаланған домна қожын қолдануға болады. Ауыр силикат бетоны (тығыздығы 1800-2500 кг/м3, беріктігі 15-80 МПа құрамалы бетон және темірбетон конструкциялары өндірісінде қолданылады.

Силикаттық ұялы бұйымдар: көбіксиликат және газды силикат. Бұл бұйымдар үшін құрамындағы СаО 70%-дан кем емес әк пайдаланылады. Әдетте ол құрғақ араласпаның 15-20% салмағын құрайды. Құмның орнына қож, күл, трепел, диатомит, яғни құрамында кремнезем мол толтырғыштар қолданылады. Дайындау әдістері: құйма, кесу, дірілдету. Ұялы бұйымдардың тығыздықтары 300 -1200 кг/м3 және беріктігі 0,4-20 МПа.

Асбестоцемент – жасанды композициялық материал, цемент, асбест (10-20% цементтің салмағынан) және судан тұратын араласпаның қату нәтижесінде алынады. А/ц бұйымдарын өндіру келесі әрекеттерден тұрады: қоспаны дайындау (асбест пен цементті құрғақтай араластыру), асбестті түту, а/ц араласпасын дайындау, бұйымдарды қалыптау, а/ц бұйымдарының қатаюы (6-8 сағат алдын-ала ұстау, 12-16 сағат 50-600С бұландыру камерасында ұстау), бұйымдарды механикалық өңдеу.

 

2. Бақылау сұрақтары

А) жазбаша бақылау үшін

1. Автоклавта өңдеу кезінде процесстер жүреді?

2. Силикат кірпішінің беріктілігінің қалыптасуы, оның негізгі қасиеттері. Керамикалық кірпішпен

салыстырғандағы тиімділігі мен кемшіліктері.

3. Силикат бетондардың, көбік-, газсиликаттардың қолданыс саласы.

4. Асбестцемент бұйымдарын өндіру тәсілдері.

5. Асбестцемент бұйымдарының негізгі түрлері мен қасиеттері.

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Асбестоцементтің құрамы:

$$ цемент, асбест және су

$ цемент, асбест, сұйық шыны және су

$ цемент, асбест, гипс және су

$ цемент, асбест, әк және су

 

2. Асбест қолданылады:

$$ жабын материал, қоршаулық конструкция, жылуоқшаулық мастика түрінде

$ жолтақтасы, маңдайша арқалығы, жылуоқшаулағыш материал ретінде

$ құрылыс араласпасына, ғимараттың жүк көтергіш элементтеріне

$ іргетас блоктары, сылақта

 

3. Силикат кірпішінің құрамы:

$$ кварц құмы + ауа әгі + су

$ кварц құмы + ЖЭС күлі + су

$ кварц құмы + саз балшық + су

$ кварц құмы + сұйық (силикатты) шыны

 

4. Силикат кірпішін қалыптау әдісі:

$$ жартылай құрғақтай пресстеу, Р=30 МПа

$ құйма

$ иілімді қалыптау Р=3-5 МПа

$ түйіршектерін нығыздау Р=1-3 МПа

 

5. Силикат кірпішін қыш кірпішімен салыстырғанда:

$$ жоғары температураға және суға төзімділігі төмен

$ беріктігі, қаттылығы жоғары

$ беріктігі, қаттылығы төмен

$ жоғары температураға және суға төзімділігі жоғары

 

6. Силикаттық бұйымның қатаюы:

$$ автоклавта өндеуде кальций гидроксиді мен кремний қос гидроксидінің әрекеттесуі

$ 20 2 С температурада табиғи кептіру

$ туннелді кептіргіште кептіру

$ сақиналы пеште күйдіру

 







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1419. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия