Студопедия — Ақ ұнтақ - Мучнистая роса
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ақ ұнтақ - Мучнистая роса






Erysiphe cichoracearum D.C.

Ауру белгілері. Жапырақтарында, сабақтарында алдымен ұнтақты өңез ретінде дөңгелек дақтар, кейін топтасқан конидиен мен конидийлерден құралған үлкен өңез құрайды. конидийлер түссіз, эллипсоидальды.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Клейстотеций түрінде саңырауқұлақтар өсімдік қалдықтарында сақаталды. Вегетация кезінде конидийлер ауа арқылы және жауын-шашын тамшыларымен таралды.

Ауруға себеп болатын факторлар. Жаз мезгілінің құрғақ болуы, түнгі және күндізгі ауа температурасының ауыспалы болуы.

Бақша аурулары

Қауынның бактериозы - Бактериоз дыни -

Pseudomonas lachrymans E. Sm.

Ауру белгілері. Тұқымжарнағы, жапырақтары, гүлдері мен жемістері залалданады. Тұқым жарнағының жапырақтарында сулы қара – жасыл дақтар пайда болады. Залалданған өскіндер солып, қурап қалады. Жапырақтарында майлы, жылтыр, қара жасыл дақтар қалыптасады. Кейін олар қарайып, жапырақтары біртіндеп қурап қалады. жемістерінде ауру белгілері алдымен майда, сулы дақтар ретінде, кейін бірігіп, ұлпаларға еніп, өңездер ретінде қалыптасады. Залалданған бөліктерінде сары эксудаттар бактерия жасушалары пайда болады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы тұқымда және өсімдік қалдықтарында 2 жылдан аса уақыт сақталады. Вегетация кезінде инфекция желмен, насекомдармен, жауын тамшыларымен таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Тұқымның залалдануы және ылғалдың жиі түсуі.

Асқабақ пен қарбыздың антракнозы - Антракноз тыквы и арбуза -

Colletotrichum lagenorium E.

Ауру белгілері. Жапырақтары, жемістері залаладанады. Жапырақтарында дөңгелек, сары-қоңыр дақтар ұзынша немесе сопақша келеді. Жемістерінде батыңқы дақтар пайда болады. Жемістері боржып шіриді. Дәмі ащы болады. Спороложалары тегіс, бұршақ тәрізді, диматері 1 мм дейін. Конидийлері бір жасушалы, эллипсоидальды бұралған, 10-40 х 3-8 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Патоген өсімдік қалдықтарында сақталып, тұқымдармен таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аусыпалы егістің сақталмауы, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, қалыпты ауа температурасының қалыптасуы 22-27 0С.

 

 

Асқабақтың ақ ұнтағы -Мучнистая роса тыквенных культур -

Erysiphe cichoracearum D.С.

Ауру белгілері. Жапырақтардың жоғарғы бетінде жұмсақ, ұнтақты өңез қалыптасады. Ол жапырақтың тұтас бетін қаптайды. Вегетация соңына қарай өңезде клейстотецийлі саңырауқұлақтар қалыптасады. Жемістері зақымдалмайды, бірақ залалданған өсімдікте олар майда, шырыны аз, қант көлемі төмен болады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары клейстотеций ретінде өсімдік қалдықтарында сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамуына құрғақ және ыстық, кейде жауын-шашын болып тұратын ауа-райы әсер етеді.

Пияз аурулары

Пероноспороз - Жалған ақ ұнтақ;

Peronospora destructor Casp.

Ауру белгілері. Пияздың барлық түрлері зақымдалады. Ауру белгілері сабақтарында, жапырақтарында ақшыл-жасыл, ұзынша келген дақтар ретінде байқалады. Ылғалды және жылы жылдары дақтарын саңырауқұлақтары бар сұр-күлгін өңез басады. Зақымдалған жапырақтар тез сарғайып, солып қалады. Конидиендері жинақталған, 3-7 рет қайта тармақталған. Конидиилері жұмыртқа тәрізді, сұр-күлгін, 35-60х22-35 мкм. Ооспоралары шар тәрізді, эллиптикалық, беті тегіс, диаметрі 25-35 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары тұқыммен, пиязшықтарымен, өсімдік қалдықтарымен бірге тасымалданады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауаның және топырақтың жоғары ылғалдылығы, жиі-жиі жауын-шашынның болуы.

 

Шейковая гниль - Мойын шірігі

Botrytis alli Munn.

Ауру белгілері. Ауру вегетация соңына қарай әлсізденген пиязды залалдайды. Көбіне сақтау кезінде залалданады. Пиязшықтарының мойнында батыңқы, іріңді, сұр дақтар пайда болады. Олардың бетінде саңырауқұлақтардан тұратын мамық, сұр өңездер пайда болады. Конидиилері эллипсиодальды, ұшталған, 7-16х4-6 мкм. Ауру пиязшықтың ішкі қабаттарында таралады, ол жұмсарып, сұр өңезбен қапталады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақта, қоймаларда сақталады. Екпе материалдары арқылы тасымалданады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Жинар алдында, ылғалды және салқын ауа-райы, пияздың піспей қалуы, қоймадағы температураның және ылғалдың жоғары болуы аурудың дамуына әсер етеді.

Картоп аурулары







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2349. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия