Студопедия — Бактериалды қара дақ - Черная бактериальная пятнистость -Xanthomonas campestris pv.vesicatoria Dye.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бактериалды қара дақ - Черная бактериальная пятнистость -Xanthomonas campestris pv.vesicatoria Dye.






Ауру белгілері. Өсімдіктің барлық жер беткі бөліктері залалданады. Тұқымжарнағында қара, майда, талшықтардың бойымен орналасқан дақтар қалыптасады. Жапырақтарында бұл дақтар қара-қоңыр, майлы, жылтыр. Сабақтарында ұзынша келген, жемістерінде дөңес келген, қара дақтар немесе өңездер. Бактериялар - қозғалмалы таяқшалар, грамотрицальды, 0,7-1,8 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында сақталып, тұқымдарымен бірге тасымалданады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Қалыпты ауа температурасы (15-20 0С) және ылғалдың жоғары болуы, ауыспалы егістің сақталмауы, аурудың дамып-таралуына қолайлы жағдай туғызады.

Төбе шірігі - Вершинная гниль

Ауру белгілері. Жасыл, пісуге жақын қалған жемістері залалданады. Жемістердің төбесінде тегіс немесе батыңқы, ашық немесе қара-қоңыр дақтар қалыптасады, кейін олдақтардың көлемі ұлғайып,, қарайып, батыңқырайды. Зақымдалған бөліктерде сапрофитті микроағзалар қоныстанып, шіруге әкеледі. Төбе шірігінің негізгі себебі, өсімдіктің сумен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі, әсіресе жемістің қалыптасу кезеңінде.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауа-райының құрғақ және ыстық болуы, суғару режимінің бұзылуы, азотты тыңайтқыштың көп болып, кальций тыңайтқышының аз болуы.

Альтернариоз - Alternaria solani.

Ауру белгілері. Жапырақтары, сабақтары, жемістері залалданады. Жапырақтары мен сабақтарында алдымен қоңыр, жинақталған дақтар пайда болады, кейін ол дақтар ұлғайып, бүкіл жапырақ бетін қамтиды, ол өсімдіктің ерте солып, өліп қалуына әкеледі. Жемістерінде қара, батыңқы, дөңгелек дақтар қалыптасады. Жоғары ылғалдылықта дақтарда қара, бархатты өңез ретінде конидиальды спроношениялар пайда болады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақтарында сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауа-райының құрғақ және ыстық болуы және оқтын-оқтын жауын-шашынның болуы аурудың дамып таралуына әсер етеді.

Столбур

Микоплазмалық ауыру

Ауру белгілері. Өсімдіктің барлық жер беткі мүшелері залалданады. Жас өркендері және өсімдіктің төбе бөлігі күлгін-қоңыр түсті болады. Жапырақтары жіңішке болып, сынғыш келеді. Гүл тостағаншасы пішіні бойынша қоңырау тәрізді болып келеді, жапырақтары ұсақ немесе қабырғалы болады. Ауырған өсімдіктерде жеміс қалыптаспайды,

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақтарында сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауа-райының құрғақ және ыстық болуы және оқтын-оқтын жауын-шашынның болуы аурудың дамып таралуына әсер етеді.

 

 

Ияр аурулары

Бактериоз - Pseudomonas lachrymans E. Sm

Ауру белгілері. Ауру тұқымжарнағын, нағыз жапырақтарын, сабақтары мен жемістерін залалдайды. Жапырақтарында қоңыр, бұрышты, майлы дақтар пайда болады. Олар кепкен соң құрғап, жарылып, түсіп қалады. Ылғалды жылдары жапырақтың төменгібетінде ашық қоңыр, шырыштар қалыптасады. Залалданған жемістің түрі өзгеріп кетеді. Құрғақ ауа-райында олар кеуіп кетеді. Сабақтарында сулы, қоңыр жолақтар байқалады, ал ауру қатты зақымдаса, өңездер пайда болады. Бактериялар грамотрицательді, спора түзбейді.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Инфекцияның негізгі көзі тұқымдар. Бактериялар өсімдік қалдықтарында сақталып қалады. Вегетация кезінде таралады (жауын тамшыларымен суғару суымен, насекомдармен).

Ауруға себеп болатын факторлар. Жоғарғы ылқалдылықта және оңтайлы 25-27 0С ауа температурасында ауру белсенді түрде дамиды.

 

Жалған ақ ұнтақ-Пероноспороз

Pseudoperonospora cubensis Rostow.

Ауру белгілері. Негізінен жапырақтары залалданады. Онда бұрышты, қоңыр – сары немесе қоңыр дақтар, ал астыңғы бөлігінде сұр күлгінді өңездер қалыптасады. Дақтар бірігіп, залалданған жапырақтар сарғайып, қурап қалады. Мицелийлерінде гаусториялары бар, жан-жаққа тармақталған. Зооспорангийлері эллипсоидальды, жұмыртқа тәрізді, сұр немесе, күлгін, 20-28х16-20 мкм. Ооспоралар шар тәрізді, сары, диаметрі 36-42 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Сңырауқұлақтар мицелия және ооспоралар түрінде өсімдік қалдықтарында сақталады. Ауру инфекциялары жауын-шашынмен және ауамен таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Аурудың дамуына ылғалдылық және салқын ауа-райы, түнгі және күндізгі ауа температурасының өзгермелі болуы әсер етеді.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1155. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия