Студопедия — Сіреспе
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сіреспе






Жаңа туылған балаларда сіреспе ауруы кіндік арқылы сіреспе қоздырғыштары енгеннен кейін пайда болуы мүмкін.Бұл ауру басталатын болса,баланың барлық бұлшықеттері қатайып(тризм)қарысып қалады,бала еме алмайды, опистотонус байқалады.

Емі:арнайы ем-сіреспеге қарсы анатоксин және сіреспеге қарсы сарысуды Безредко әдісі бойынша егу(3000-10000 АЕ).

Симптомдар бойынша жалпы ем жүргізіледі.

Алдын алу:үйде,жолда,транспортта туып қалған балаларға сіреспеге қарсы анатоксин 0,5мл және сарысу егу(3000 АЕ) болып табылады.

 

Ерте жастағы балалардың ас қорытылуы мен қатар қоректенуінің бұзылуы

Ас қорытылуының өткір бұзылуы 1 жасқа дейінгі балаларда әсіресе жаз айларында жиі байқалады. Ерте жастағы балаларда асқазан-ішек қызметінің бұзылуының өте жиі кездесу себептерін ас қорыту ағзаларының жетілмеуімен, нерв жүйесінің жеткілікті дәрежеде толыспауымен түсіндіруге болады. Сол себепті, баланы тамақтандыру және күтім жасау тәртібінде кінарат болған жағдайда асқазан-ішек қызметі оңай бұзылады.

Себептері:

- тамақтандырудағы кемшіліктер- ерте аралас және қолдан тамақтандыруға көшіру, белок, майлар, кқмірсулардың бала жасына сәйкес болмауы т.б.;

-ыстық жаз айларында сусынның жеткіліксіз болуы;

-баланың күтіміндегі кемшіліктер-температуралық тәртіптің бұзылуы.

Ерте жастағы балалардың ас қорытылуының –д и с п е п с и я л а р д ы ң 3 түрін анықтай аламыз: жай немесе қарапайым, уытты (токсикалық) және парентеральды диспепсиялар.

Арапайым диспепсия

Көбінесе аралас және қолдан тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Баланың жалпы жағдайы аса көп өзгермейді. Алғашқыда бала 1-2 рет құсып, 6-8 ретке дейін іші сұйық болып өтеді (диарея). Нәжісі сұйық, сары түсті немесе көкшіл, іртік-іртік арасында шала қорытылған сүт ақшыл түціршік тәрізді араласып жүреді.

Баланың іші кеуіп, ауырсынады, мазасызданады, салмағы төмендейді, организмнен су жоғалту белгілері анықтала қоймайды. Дұрыс ем, күтім жасалса, таз тәуір болып кетеді.

Емдеу. Аурудың себебін анықтап, ары қарай болдырмау;

-денеден кеткен сұйықтар мен тұздар, микроэлементтердің орнын толтыру, осы мақсатпен ФАП және үй жағдайында қолдануға ыңғайлы р е г и д р о н немесе ц и т р а г л ю к о с о л а н препараттарын тағайындау;

-жиі сусын және шөп дәрілердің қайнатпаларын ішкізу;

-ас қорытылуын жақсарту мақсатымен ферменттер(пепсин, фестал, панзинорм, мезим, линнекс т.б.) тағайындау;

-витаминдермен емдеу.

Көп жағдайда, баланың басқа қосымша аурулары болмаса, осы жүргізілген ем жеткілікті болады.

Уытты (токсикалық) диспепсия

Себептері жәй диспепсиялардағыдай, бірақ одан ауыр өтеді. Баланың жалпы жағдайы ауыр немесе өта ауыр. Алғашқыда бұл түрінде де бала құсып, іші өту байқалады, бірақ жәй диспепсиялармен салыстырғанда жиірек қайталанады, соның салдарынан организмнен көп мөлшерде сұйықтық, онымен бірге тұздар, микроэлементтер жоғалады. Сөйтіп, эксикоз (су жоғалту) және токсикоз (улану) белгілері пайда болады.

Э к с и к о з белгілері- тері қабатының серпімділігі мен созылғыштығының төмендеуі, баланың көзі мен үлкен еңбегінің төмен түсуі, көз жасының, зәрінің азаюы, қатты шөлдеуі. Жоғалтқан судың мөлшеріне қарай дегидратацияның 3 дәрежесі анықталады: 1дәреже- салмағының 5%-не дейін, 2 дәреже- 5%- 10%, 3 дәреже- 10%-дан жоғары кемуі. Су жоғалту 20%-дан асса бала өледі. Эксикоздың түрлері:

1- су дефицитті (гипертониялық) түрі- бала өте мазасыз, температурасы жоғары, бұлшық ет тонусыда жоғары, қатты шөл қысады, елірмелейді, тер мен зәр азаяды.

2- Тұз дефицитті (гипотонмкалық) түрі- бала өте енжар, әлсіз, есін жоғалтады, рефлекстері мен бұлшық ет тонусы төмен, жүректондары күңгірт, қан қысымы төмендеген.

3- Изотоникалық түрі- организмнен жоғалтқан су мен тұздардың мөлшері бірдей, клиникалық белгілері зат алмасуының бұзылуының дәрежесімен байланысты.

Т о к с и к о з белгілері- дене қызуы көтерілуі, барлық басқа ағзалардың қызметінің бұзылуы белгілерінің пайда болуы. Жүрек, қан айналу жүйесі тарапынан- жүрек тондарының әлсіреуі, тахикардия не брадикардия, тері қабатының мрамор түске енуі байқалады. Орталық нерв жүйесі тарапынан- қатты мазасыздану, есін жоғалту, елірмелеу анықталады. Тыныс алу ағзалары тарапынан- дем алысының жиілеуі (тахипноэ), ретсіз болуы немесе ауыр түрлерінде патологиялық дем алысы түрлерінің байқалуы (Куссмауль, Чейн-Сток сияқты).







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 4259. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия