Студопедия — Бұйрық райындағы (амр) етістік туралы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бұйрық райындағы (амр) етістік туралы






Амр екі түрлі болады: амри хазир и амри ғайиб.

Амри хазир (ІІ жақ)

Амри хазир осы-келер шақ етістігінің ІІ жағында алты формада жіктеледі. Ол үшін: 1) музариъ етістігінің қосымшасына назар аударыңыз. Егер соңында дұрыс (сахих) әріп тұрса, онда оған сүкун (-ْ) қойылады. Мысалы: تَضْرِبُà تَضْرِبْ.

Егер соңында әлсіз (иллат) әріп тұрса, онда ол түсіп қалады. Мысалы, تَرْمِىُ à تَرْمِ. 2) Музариъат әріп (ت) түседі. Содан соң кейінгі тұрған әріпке назар аударылады. Егер музариъат әрпінен кейін тұрған әріптің харакаты болса, бұйрық райлы етістікті жасау осымен аяқталады.

Мысалы, تَثِبُ (ты секіресің) етістігін алайық. Ол дұрыс әріпке (сахих) аяқталып тұр, сондықтан бұл әріпке сүкун қойылады: تَثِبْ. Содан соң музариъат әрпін түсіреміз. Одан кейінгі әріптің харакаты бар, сондықтан бұйрық етістігін жасау осымен аяқталады.

تَثِبُ à تَثِبْ à ثِبْ (секір).

Егер музариъат әрпінен кейінгі әріп харакатсыз болса (яғни жол үсті белгісі сүкун болса), онда етістіктің ع әрпінің харакатына назар аударамыз. Егер ع әрпінің харакаты кәсра немесе фатха болса, онда жасалатын бұйрықты етістігінің алдынан кәсралы һамза қойылады. Мысалы:

(تَفْعِلُ - تَضْرِبُ), (تَفْعَلُ - تَحْمَدُ)

تَضْرِبُ à تَضْرِبْ à ضْرِبْ à اِضْرِبْ (ұр);

تَحْمَدُ à تَحْمَدْ à حْمَدْ à اِحْمَدْ (мақта).

Егер ع әрпінің харакаты замма болса, онда жасалатын бұйрық райлы етістіктің алдына заммалы һамза қойылады. Мысалы:

(تَفْعُلُ – تَكْتُبُ),

تَكْتُبُ à تَكْتُبْ à كْتُبْ à اُكْتُبْ (жаз).

Осымен бұйрықты етістіктің жасалуы аяқталады. Алайда (إِفْعَالٌ يُفْعِلُ - أَفْعَلَ) бабындағы етістіктердің (суласий мазидтің 1-бабы – ауд. еск.) алдынан үнемі фатхалы һамза қойылады.(Мысалы: أَقِمْ ؛ أَكْرِمْ).

يَضْرِبُ ضَرَبَ етістігінен бұйрық райлы етістік төмендегідей: تَضْرِبُ 2-жақ ж.т. (мухатаб). Соңғы ب әрпі – дұрыс, сондықтан оған сүкун қойылады: تَضْرِبْ. Музариъат ت әрпі түсіп қалады: ضْرِبْ. Музариъат әрпінен кейінгі әріптің жол үсті белгісі сүкун, сондықтан етістіктің ع әрпіне қараймыз. Поскольку буква на месте буктыдер ع әрпінің орнындағы ر әрпі кәсралы болғандықтан жасалатын бұйрықты етістіктің алдынан кәсралы һамза қойылады: اِضْرِبْ.

Амри хизир төмендегідей жіктеледі:

اِضْرِبْ Сен ұр (ер кісі) (вахид, мүзәккар)
اِضْرِبَا Сендер ұрыңдар (екі ер кісі) (тасния, мүзәккар)
اِضْرِبُوا Сендер ұрыңдар (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар)
اِضْرِبِي Сен ұр (әйел кісі) (вахида, мүәннас)
اِضْرِبَا Сен ұр (екі әйел кісі) (тасния, мүәннас)
اِضْرِبْنَ Сендер ұрыңдар (бірнеше әйел кісі) (жамъ, мүәннас)

Амри ғайиб (І және ІІІ жақтарда)

Амри ғайиб осы-келер шақтағы етістіктің алдына (لِ) қосу арқылы жасалады. Мысалы, لِيَضْرِبْ. Егер музариъ етістік дұрыс әріпке аяқталса, онда бұл (لِ) қосымшасы жекеше түрдегі етістіктің дыбыстық белгісін (харакатын) түсіреді. Мысалы, لِيَضْرِبْ. Екілік және көпше түрдегі сахих және нақис етістіктерінде соңғы нун түсіп қалады. Алайда әйел тегінде көптік мағынаның белгісі болатын (ن) еш уақытта түсіп қалмайды.

Егер амри ғайиб етістігінің алдынан қандай да бір харакатты әріп келсе, онда (لِ) харакатсыз (сүкунмен) оқылады. Мысалы, فَلْيَضْرِبْ (ұрсын).

Амри ғайиб 8 түрлі формада жіктеледі – алтауы үшінші жақта (ғайиб) және екеуі бірінші жақта (мутакаллим):

لِيَضْرِبْ Ол ұрсын (бір ер кісі) (вахид, мүзәккар, мухатаб)
لِيَضْرِبَا Олар ұрсын (екі ер кісі) (тасния, мүзәккар, мухатабайн)
لِيَضْرِبُوا Олар ұрсын (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар, мухатабийн)
لِتَضْرِبْ Ол ұрсын (бір әйел кісі) (вахида, мүәннас, мухатаба)
لِتَضْرِبَا Олар ұрсын (екі әйел кісі) (тасния, мүәннас, мухатабатайн)
لِيَضْرِبْنَ Олар ұрсын (бірнеше әйел кісі) (тасния, мүәннас, мухатабат)
لأَِضْرِبْ Мен ұрайын (ер кісі, әйел кісі) (вахид(а), мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)
لِنَضْرِبْ Біз ұрайық (ер кісі, әйел кісі) (жамъ, мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

І және ІІІ жақ бұйрық райдағы (амри ғайиб) етістіктердің ырықсыз етісі (мажхул)

Мажхул амри ғайибтың 14 жіктелу формасы бар. Ережеден тыс алдымен 2-жақ (мухатаб):

لِتُضْرَبْ Сені (ер кісіні) ұрсын (вахид, мүзәккар)
لِتُضْرَبَا Сендерді (екі ер кісіні) ұрсын (тасния, мүзәккар)
لِتُضْرَبُوا Сендерді (бірнеше ер кісіні) ұрсын (жам, мүзәккар)
لِتُضْرَبِى Сені (әйел кісіні) ұрсын (вахида, мүәннас)
لِتُضْرَبَا Сендерді (екі әйел кісіні) ұрсын (тасния,мүәннас)
لِتُضْرَبْنَ Сендерді (бірнеше әйелді) ұрсын (жамъ, мүәннас)
لِيُضْرَبْ Оны ұрсын (вахид, мүзәккар, ғайиб)
لِيُضْرَبَا Оларды ұрсын (екі ер кісіні) (тасния, мүзәккар, ғайибайн)
لِيُضْرَبُوا Оларды (бірнеше ер кісіні) ұрсын (жамъ, мүзәккар, ғайибийн)
لِتُضْرَبْ Оны (вахида, мүәннас, ғайиба) ұрсын.
لِتُضْرَبَا Оларды (екі әйел кісіні) ұрсын (тасния, мүәннас, ғайибатайн)
لِيُضْرَبْنَ Оларды (бірнеше әйелді) ұрсын (жамъ, мүәннас, ғайибат)
لِأُضْرَبْ Мені (әйел кісіні, ер кісіні) ұрсын (вахид(а), мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)
لِنُضْرَبْ Бізді (әйел кісіні, ер кісіні) ұрсын (жамъ, мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)






Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 718. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия