Студопедия — Тақырып. Құқықты түсінудің теориялық мәселелері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Құқықты түсінудің теориялық мәселелері






Түйінді сөздер: Құқық, құқықтық таным, теория, әдістер, әдіснама, тану, гносеология, эвристика

Қарастырылатын сұрақтар:

Құқықты түсінудің теориялық мәселелері

1 Құқық түсінудің әр түрлі мектептерінің объективті заңдылықтары

2 Құқық функцияларының түсінігі. Құқық функцияларының жүйесі.

3 Жария және жеке құқық, объективті және субъективті қарым қатынас

4 Құқық түсінгіне қазіргі кезгі ғылыми көзқарас

1) "Құқық" терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.

Заң ғылымында "құкық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық"- ресми турде танылған жеке және заңды тулғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құкығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалық) мағынада колданылады.

Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердін, Республиканың халықаралық шарттык және өзге де міндеттемелерінін, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" (4-бап).

Үшіншіден, "құқық" термині оку пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық кұқық, әкімшілік құқық, еңбек кұқығы, отбасы құқығы, азаматтык құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқыктық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Тертіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қадзақстанның, құққық жүйесі қалыптасуда.

Құқық пәндерін окып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінін белгісі.

Құкықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан килы құқықтар мен бостандықтар берілсе, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.

2) Құқықтың әлеуметтік мақсаты оның атқаратын қызметінен байқалады. Оның қызметі қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез-құлқына, іс-әрекеттеріне әсер етуге бағытталады. Құқық қызметінің негізгі бағыттары мыналар: 1) Реттеу қызметі. Бұл қызметтің мәні - қоғамдық қатынастарды баянды ету, тұрақтандыру. Мысалы, құқық нормалары азаматтардың түрлі жағдайлардағы құқықтық мәртебесін анықтайды. Конституция азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар береді және соларды пайдалану үшін тиісті қоғамдык қатынастарға қатысу мүмкіндіктерін туғызады. Құқықтар мен бостандықтар тұрақты құбылыстар, өзінің мәнін, күшін жоғалтпайды, оларды үнемі пайдалануға болады. Сондықтан құқықтар мен бостандықтарды паш ететін құқықтық нормалар әрдайым қоғамдық қатынастарды реттейтін құрал болып саналады; 2 ) Тыйым салу қызметі. Құқықтық нормалар жеке адамның, коғамның және мемлекет органының зиянды іс-әрекеттеріне тыйым салады. Зиянды іс-әрекеттердің алдын алуға арналған құқықтык нормалар адамдарға, ұйымдарға міндет жүктейді, зиянды істен сақтандырады, құқықтық нормалардың қағидаларын бұзбауды талап етеді; 3) Заңды игіліктерді қорғау қызметі. Адамдарға, ұйымдарға, бірлестіктерге құқықтар мен бостандықтар белгілі бір игілікті пайдалану үшін, өз кажетін (рухани, материалдық, т.с.с.) қанағаттандыру үшін беріледі. Мысалы, әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Оған ешкім қол сұға алмайды. Егер адамды заңсыз бас бостандығынан айыратын болса, кінәлі адам құқықтық жауапқа тартылады. Занда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың рұқсатымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Соның өзінде де тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Тұрғын үйге қол сұғылмауы керек. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Заңға сәйкес пайда болған меншікті мемлекет корғайды. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Кәсіпкерлікпен шұғылдану -азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.

Құқықтық нормалар адамдардың, ұйымдардың, бірлестіктердің құқықтары мен бостандықтарын паш етумен қатар, оларды қорғау жолдарын, әдістерін, мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырады.

4. Құқықтың тәрбиелік қызметі де ерекше. Құқықтың нормалары адамдардың санасына әсер ету арқылы құқыктық мәдениетті қалыптастырады. Сонымен қатар, құқық заңды бұзудың алдын алу қызметін де атқарады. Осы айтылғандар құқықтың экономикалық, әлеуметтік, идеология салаларындағы қызметіне жатады. Осыларға қоса құқық мемлекетті, қоғамды және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады.

3) Субъективтік (тұлғалық) құқық -тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқыктық міндет те болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңдық негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамнын, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап).

Айтылғаннан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.

Субъективтік (тұлғалык) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының занды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.

Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.

4) Әрине, кұқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқкықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кен орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы іл ім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың мүдделерін корғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін теріске шығармайды. Бірақ маркстік ілім құққықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осыңдай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Нормативтік құқықтық актілер:

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж. (7 қазан 1998 ж. өзгерістермен толықтырулармен)

2 ҚазССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 25 қазан 1990ж.

Әдебиеттер:







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1954. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия