Студопедия — АВРЕЛИЙ АВГУСТИН ЖӘНЕ ФОМА АКВИНСКИЙ ІЛІМДЕРІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АВРЕЛИЙ АВГУСТИН ЖӘНЕ ФОМА АКВИНСКИЙ ІЛІМДЕРІ






 

Патристикалық кезеңнің көрнекті өкілі, шіркеу әкесі Аврелий Августин (354-430 жж.) болды. Еңбектері: «Донатаға хат», «Қуғындаудың апологиясы», «Ақиқат дін туралы», «Тәубе», «Үштік туралы», «Құдай қаласы туралы». Августин дәулетті отбасында дүниеге келді Оның әкесі пұтқа табынушы, ал шешесі христиан сенімінде болған. 7-8 жыл манихей сенімінде болған Августинннің христиандық дінді қабыл алуына Жаңа өсиеттегі апостолдардың жолдауы зор әсер еткен. Оны епископ Амвросий шоқындырды. 395 жылы Августин Гиппон қаласының епископы қызметіне тағайындалды. Августиннің дүниетанымының философиялық негізі Плотин мен Порфирийдің неоплатонизмі болды.Ол философиядан жұбаныш іздеді. Оның пікірінше, Құдай мен адам қатынасында күнә басты ұғым болып саналады. Адам құдай алдында, кінәлі, яғни күнәлі. Күнә – антропологиялық, метафизикалық космологиялық мәнге ие. Құдай бүкіл әлемнің генетикалық және субстанциялық бастауы. Адам – ең алдымен жан иесі. Августин неоплатонизм мен христиандыққа тән адам тәніне деген жиіркенішті қатынасты қолдайды Адам жаның құдай жаратқан. Жан тек адам болмысына тән. Ақыл, ырық, ес адам жанының қабілеттері. Ырық ақылдан жоғары және маңыздырақ. Жоғарғы ырық – сенім еркі. Алдымен адам құдайға сенім білдіріп, әрі сүюі керек, кейін құдайды тануға ұмтылуы тиіс. Құдай – ең жоғарғы игілік. Сенім – құдай сыйы. Августин бойынша, Адам ата мен Хауа Ананың жұмақта мәуе ағашының жемісінің дәмін татуы, алғашқы күнәнің бастауы болып табылады, осыдан кейін адамдар тек күнә жасауға ғана қабілетті. Адам игі іс жасауға ұмтылса да еріксіз түрде күнә жасайды. Августиннің пікірінше, Иисус Христос барлық христиандар үшін емес, тек құдай таңдауы түсіп құтқарылғандар үшін айқышта азап шеккен. Августин бойынша адамдар бойындағы қайырымдылық пен ізгілік тек құдай мейірімінен беріледі. Құдай мейірімі құтқарылуға таңдалған адамдарға ғана түседі. Авустиннің осы пікіріне замандасы монах Пелагий (360-418 жж.) қарсы уәж айтты. Құдайдың мейірімінсіз-ақ адам қайырымдылық жасауға, рухани кемелденуге қабілетті және тозақтан құтқарыла алады деп санады. 431 жылы өткен Эфес Соборында Несториан және Пелагиандық ілімдер айыпталды. Католик шіркеуі Августин ілімін жұмсартты. Құдай рахымы қарапайым адамдарға тікелей емес, шіркеу арқылы, яғни дін басыларының, әулиелердің, шіркеу қызметкерлерінің қайырымды істерімен түсетіндігі туралы ілімін негіздеді. Адам шіркеуге жағымды өз ісімен құтқарылады. «Құдай қаласы» еңбегінде адамзат тарихы құдай патшалығы мен ібіліс патшалығының ымырасыз күресі болып табылады. Құдай патшалығы – шіркеу, ал мемлекет – күнә патшалығы. Себебі мемлекет пенденің өзімшілдігіне негізделген. Рим империясы мемлекеттің жоғарғы сатысы. Римнің құлауы заңды. Өйткені Рим мемлекетінің тарихы ібілістік негізде құрылған. Адамзат тарихын ол алты кезеңге бөлді. Бес кезеңді Көне өсиет тарихымен байланыстырады. Алтыншы кезең Иисустың бірінші келуімен басталып, Иисустың екінші келуі сот күнімен аяқталады Августиннің философиялық көзқарасына неоплатонизм ықпал етті. Ол Плотин мен Порфиридің латын тіліндегі еңбектерін оқыды. Неоплатонизм идеясына көңілі толмаған Августин 8-9 жыл монахтық өмір салтын ұстанды. Христиандықты қабылдағаннан кейін, Августин манихеилік пен мүшіріктік, христиандық ересьтерді қудалады. Августин құдай мен адам арасындағы күнә ұғымына қатысты өз көзқарасын баяндай отырып, адам құдай алдында күнәлі. Күнә антропологиялық, метафизикалық, космологиялық мәнге ие. Адам ең алдымен жан иесі. Августин неоплатонизм мен христиандыққа тән адам тәніне деген жиренішті көзқарасты қолдайды. Адам жанын құдай жаратқан. Жан тек адам баласына ғана тән. Ақыл, ырық, ес адам жанының қабілеттері. Ырық ақылдан жоғары және маңызды. Ал ең жоғарғы ырық иесі – құдай. Алдымен адам құдайға сенім келтіріп, әрі сүюі керек, кейін құдайды тануға ұмтылуы тиіс. Сенім – құдай «сыйы». Августиннің пікірінше алғашқы күнәдан соң адамдар тек күнә жасауға ғана қабілетті. Адам ізгі іс жасауға ұмтылса да, еріксіз күнә жасайды. Адамдар бойындағы ізгілік пен мейірімділік тек құдай рахымымен беріледі. Құдай мейрімі құтқарылуға таңдалған адамдарға ғана түседі. Августиттің пікірінше, Иисус Христос барлық христиандар үшін емес, тек құдай таңдауы түскен адамдар үшін айқышты азап шеккен. Августиннің осы көзқарасын жұмсарту үшін католик шіркеуі құдай мейрімі қарапайым адамдарға тікелей емес, шіркеу арқылы түсетіндігі туралы ілімін негіздеді.
Фома (лат Thomas) Аквинский (1185-1224) схоластиакалық кезеңнің ірі өкілі, негізгі шығармасы «Теологияның жиынтығы», «Пұтқа табынушыларға қарсы жиынтық». Бұл еңбекте католиктік догматиканың негізі қаланып, бұл сохоластикалық теологияның ұстанымына айналды. Фома Аквинский – католицизмнің діни-философиялық жүйесін негіздеуші, оның ілімі томизм деп аталды. Оның 1323 жылы әулие аталуы да осы еңбегі үшін еді. Париж университетінде теологияның оқытушысы қызметін атқарды. Мінезінің жұмсақтығына байланысты «періште доктор» (doctor angelicus) атанды. Ф. Аквинскийде ғылым мен сенімнің аймақтары нақты анықталған. Ғылымның міндеті әлемдік заңдарды түсіндіру болады. Августин объективті түрде өмір сүретіндерді танып білуге болатындығына сенді, бірақ адам ақылының әрекеті ғана шынайлық дегенге қосылмайды. Объективті және ақиқатты тануда барлығын білу мүмкін емес. Христиан дініндегі құпияларды (құдайдың үшбірлігі, қайта тірілу және т.б.) философиялық ақыл мен танымнан тыс деп, ал философияның қарастыратын мәселесі құдай болмысын дәлелдеу болу керек деп есептеді. Ғылым мен сенім арасында қайшылық жоқ, христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, өйткені ол құдайдан пайда болады, бірақ ол ақылға қайшы емес. Сонымен, Фоманың негізгі принципі – сенім мен ақылдың үйлесімділігін жасау болды. Философия дінге қызмет етуі керек, философия діни ақиқатты ақыл категорияларына салып бейнелеуі және талдауы керек, және сенімге қарсы шығатын жалған аргументтерді теріске шығарып отыруы керек. Ф. Аквинский «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі емес, сондықтан оны таным арқылы дәлелдеп көрсету керек деп тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей құдай болмысының дәлелдерін келтірген: Қозғалыс – қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін тылсым күш, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы – Құдай; Себептілік – тіршілік иелерінің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі – Құдай; Кездейсоқтық пен қажеттілік – кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы – Құдай; Сапалық белгілер – болады, ең жоғарғы өзіне-өзі себеп– Құдай; Мақсаттылық (телеологиялық) – жаратылғанның бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын – Құдай. Аквинскийдің әлеуметтік философиясы католиктік ілім рухымен шешілді. Мемлекеттік билік – құдайдан, басқару формасы жағдайға байланысты жасалуы керек. Ол монархиялық билікті көздеді. Әділетті монархтың билігі әлемдегі құдай билігінің бейнесі болу керек. Азаматтар монархқа бойұсынуы тиіс. Монархтың міндеті азаматтарды ізгі өмір сүруге жетелеу. Бұл үшін бейбітшілікті сақтау және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуі керек. Адамның мақсаты мен өмірінің мәні ізгіліке жету болып табылады. Азаматтық қоғамда шіркеу бірінші орында болуы керек. Жердегі өмір болашақ о дүниелік өмірге дайындық. Мемлекетті жоғарыда Христос, ал жерде Рим папасы басқаруы керек деп тұжырымдады. 1244 жылдан бастап Фома Доминикан орденінің монахы. 1314 жылы Вьен соборында Фома ілімі католик шіркеуінің ортодоксалды ілімі ретінде қабылданды. Томизм (лат.Thomаs) схоластикалық философия мен католицизм теологиясында Аквинский ықпалымен қалыптасқан бағыт. Фома ілімі алғашқыда Августиншылардың қарсылығына тап болды. 1277 жылы Фома ілімі Париж және Оксфорд университетері мен шіркеу тарапынан айыпталды, ал XIV ғасырда доминикан орденінің іліміне айналды. Фома 1567 жылы католик шіркеуінің бесінші ұстазы болды. 1879 жылда Рим папасы Льв XIII энцикликасымен томизм католик шіркеуінің ресми ілімі ретінде жарияланды. ХІХ-ХХ ғасырларда Батыс Еуропада неотомизм ілімі Фома Аквинский философиясы негізінде қалыптасты.






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1301. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия