Студопедия — Соттың өкілеттігі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Соттың өкілеттігі






1. Жоғарғы Соттың өкілеттігі түсінігі

2. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы

 

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;

сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарғы Сот, әдетте, істердің кейбір санаттары (азаматтық, қылмыстық, конституциялық) бойынша сенаттарды (палаталарды, алқаларды) қамтитын күрделі құрылым болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияның (және Уэльстің) Жоғарғы Сотын төраға ретінде лорд-канцлер басқарады, ол дербес үш сот мекемесінен – Шағымдық соттан, Мәртебелі соттан және Тәж сотынан тұрады. Әдетте, Жоғарғы Соттың құрылу тәртібі, сондай-ақ, негізгі міндеттері (өкілеттіктері) елдің конституциясымен айқындалады. Жоғарғы Соттың судьясын мемлекет басшысы дербес немесе парламенттің (оның жеке палатасының) бекітуімен тағайындайды. Мысалы, АҚШ-тың Жоғарғы Сотның судьясын АҚШ Президенті Сенаттың кеңесімен және келісімімен тағайындайды.

2. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы

Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

2. Жоғарғы Соттың органдары мыналар:

1) қадағалау алқасы;

2) азаматтық істер жөніндегі алқа;

3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;

4) соттың жалпы отырысы.

3. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультатциялық кеңес және баспа органы құрылады.

Жоғарғы Сот алқалары

1. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасын –алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады.

2. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.

3. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

4. Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

Жоғарғы Сот Төрағасы

Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:

1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларды төрағалық етеді;

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;

5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми –консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;

6) Қажет болған жағдайларда бір алқаның судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

8) Алқалардың жұмысын үйлестіреді;

9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жургізеді:

11) өкімдер шығарады;

2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынас кезінде Республика сот жүйесіні мүддесін білдіреді сондай-ақ:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті орган басшысының кандидатурасын ұсынады;

2) Соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы,Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына балама негізде кандидатуралар енгізеді;

3) Соттардың жалпы отырыстарының қорытындылары негізінде соттардың жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса тіркей отырып, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне немесе Әділет біліктілік алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық соталқасының төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметтерінің бос орындарына балама негізде кандидатуралар ұсынады;

4) Қазақстан Республикасының Президентіне заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізіледі;

5) Осы Конституциялық заңмен көзделген негіздер туындағанжағдайда, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне және Әділет біліктілік алқасына Республика соттары төрағаларының, алқа төрағалары мен судьяларының өкілеттігін тоқтату мәселесі бойынша ұсыныс енгізеді;

6) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяларды мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметті атақтар беру туралы ұсыныс енгізіледі;

7) Республика судьяларына «Құрметті судья» атағын береді, осы атақты беру тәртібі туралы ереже бекітіледі;

8) Республиканың судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;

9) Заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндеті Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқалардың бірінің төрағасына жүктеледі.

4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайдаТөрағаның міндетін уақытшы атқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1761. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия