Студопедия — Ші дәріс. Әкімшілік сот - мемлекеттік құрылымдарға бақылау жасаудың бір жолы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ші дәріс. Әкімшілік сот - мемлекеттік құрылымдарға бақылау жасаудың бір жолы






1. Әкімшілік сот - мемлекеттік құрылымдарға бақылау жасаудың бір жалпы түсінігі

2. Ресей мемлекетіндегі әскери соттың түсінігі мен ерекшелігі

 

Coт жүйесіндегі соны жаңалыкщардың бірі әкімшілік соттарды құрумен байланысты. Coт ісін атқарудың бұл түрінің өмірмен тығыз қабысып кетуінде де басы ашылмаған мәселелер баршылық. Жуырда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Германияның coт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен "Қазақстанда әкімшілік соттарды құрудың кажеттігі және оны заңдармен қамтамасыз ету проблемалары" атты халықаралық ғылыми конференция осы жағдайды таразылауға арналды. Назарларыңызға Парламент Мәжілісінің депутаты, заңдар және сот-құкыктык, реформа жөніндегі комитет мүшесі Рамазан САРПЕКОВТЫҢ жиында сөйлеген баяндамасын ықшамдап ұсынып отырмыз.

Қазақстанда әкімшілік юстиция құрудың қажеттілігін сот және құкық қорғау жүйесінің қызметкерлері ғана емес, осы саладағы ғалымдар да мойындап отыр. Сондықтан, Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған әкімшілік соттардың құрылуын сот реформасының заңға негізделген жалғасы деп бағалау керек.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабы 2-тармағына сәйкес, сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Бұл конституциялық негіз болса, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі" туралы конституциялық заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында мамандандырылған соттарды құру мүмкіндігі тағы бар. Бұны заңдылық негіз деп қабылдауымыз керек.

Қазақстанда әкімшілік соттардың құрылып, одан әрі жұмыс істеу қажеттігі, меніңше, мынадай факторлармен де байланысты. Біріншіден, республикада мемлекеттік реттеу, оның азаматтық қоғамдық құрылымдарға қатысу үлесі және азаматтардың күнделікті өміріндегі іс-әрекетіне араласуы әлі де болса жоғары. Екіншіден, басқару ісіндегі әсіресе атқарушы биліктің заңсыз актілерінің күшін жою құқығын соттарға берудің қажеттігі. Үшіншіден, қазақстандық судьялардың жұмыс көлемінің шамадан тыс көптігі (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің қабылдануына байланысты бұл көрсеткіш тіпті көбейіп отыр). Төртіншіден, азаматтардың құкықтарын бұзатын атқарушы билік органдарының, лауазымды адамдардың билеп-төстеуі мен әділетсіз төрешілдігінің көптеп кездесу фактілері. Бесіншіден, соңғы жылдардағы азаматтардың өз құкықтарын қорғау жолында соттарға жүгіну көрсеткішінің өсу фактісі.

 

 

2.Ресей мемлекетіндегі әскери соттың түсінігі мен ерекшелігі

 

Ресей Федерациясының тәжірибесіне сүйенсек, оларда әкімшілік соттар проблемаларын теориялық әзірлеудің қазіргі жағдайы бұл институттың моделін құрудың екі түрлі әдісі туралы айтуға мүмкіндік береді. Бірінші әдіс мамандандырылған әкімшілік соттар құруды, екіншісі - бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан соттардағы судьяларды мамандандыруды көздейді. Яғни, Ресей Федерациясының Жоғарғы сотында және Ресей Федерациясы субъектілерінің жоғарғы сот органдарында әкімшілік істер жөніндегі тиісті сот алқаларын құра отырып, жалпы соттарда әкімшілік істер жөніндегі алқалар құру. Ал "Ресей Федерациясыңдағы федералдық әкімшілік соттар туралы" федералдық конституциялық заңның жобасын әзірлеген Ресей Федерациясының Жоғарғы соты әкімшілік соттарды жалпы юрисдикция соттары жүйесінде құруды ұсынады.

Елімізде арнайы мамандандырылған әкімшілік соттың болмауы, азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығын шектейтінін практика көрсетті. Мемлекеттік биліктің барлық, салаларында жүргізіліп жатқан реформаға сай атқарушы билік пен азаматтардың немесе олардың бірлестіктерінің және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының арасындағы дауларды қараумен байланысты олардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне сот арқылы бақылау жасау институты ретінде әкімшілік соттарды енгізудің маңызы зор.

Біртұтас мемлекет ретінде біз үшін бастапқыда мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттарды әрбір ауданда құрып, ал одан әрі осы институттың өміршеңдігіне қарай ұлттық заңдардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жетілдіру дұрыс болатын сияқты. Барлық жерлерде әкімшілік соттар құрылып, жұмысын бастап кетсе, практиканың өзі бұл саланың келешегін айқындап береді.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1390. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия