Студопедия — Ақпараттық блок
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ақпараттық блок






Цитоқаңқа – бұл жасушаның тірек-қоғалыс жүйесі, ақуыздық қосылыстарды қосады (фибрилді, жасушаның қозғалыс қызметін атқарады. Цитоқаңқаның құрылымы динамикалық, олар пайда болады және ыдырайды. Цитоқаңқа түзілуінің үш типі белгілі: аралық филаменттермен (диаметрі 10 нм жіпшелер), микрофиламенттер (диаметрі 5–7 нм жіпшелер) және микротүтікшелер. Аралық филаменттер – жіп тәрізді ақуызды құрылысты, жиі шоғырланып орналасқан. Олардың ақуыздық құрамы әр ұлпада әртүрлі, эпителей кератиннен, бұлшықет жасушалары десминнен тұрады. Аралық филаменттер тірек-каркас қызметін атқарады.

Микрофиламенттер – плазмалық мембрананың астында шоғыр немесе қабат болып орналасатын фибриллді құрылысты. Микрофиламенттер жиырылғыш актин, миозин ақуызынан құралған және жасушаішілік жиырылғыш аппарат болып табылады.

Микротүтікшелер жасушаның уақытша және тұрақты құрамына кіреді. Уақытшаға бөліну ұршығы, ал тұрақтыға-талшықтар, кірпікшелер және жасуша орталығының центриолдері жатады. Микротүтікшелер –жартылай цилиндр пішінді диаметрі -24 нм, олардың қабырғасы тубулин ақуыз малекулаларынан тұрады. Электрондық микроскоп арқылы қарағанда микротүтікшелердің сақиналы байланысқан 13 суббірліктен тұратынын көруге болады. Микротүтікшелердің қызметінің бірі –жасуша ішінде каркас түзу. Сонмен қатар микротүтікшелермен ұсақ везикулаларда араласады.

Жасуша орталығы микротүтікшелермен байланысқан екі центриольден тұрады. Бұл органеллалар бөлінетін жасушаларда бөліну ұршығының түзілуіне қатысады. Негізгі центриольдер ені 0,2 мкм, ұзындығы 0,3–0,5 мкм жартылай цилиндр пішінді 9 триплетті микротүтікшелермен қоршалып орналасқан. Жасушаның бөлінуге дайындығы кезінде центриольдер ажырайды және екіеселенеді. Митоз алдында центриольдер бөліну ұршығының микротүтікшелерінің пайда болуына қатысады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде центриоль жоқ, бірақ микротүтікше ұйымының аналогиялық орталығы бар.

 

Микротүтікшелер: клиникамен байланысы. Онкологиялық ауруларды медикаментозды емдеуде тубулиннің полдимеризациясын бұзатын митоздық ұршықты, заттармен жою болып табылады (мысалы, колхицинмен, винбластинмен немесе винкристинмен).

Осы препараттарды қолдануда, митоздық ұршық, хромосоманың ацырылуына мүмкіндік беретін, микротүтікшелерден тұрады. Антимитоздың дәрілік құрал-саймандар микротүтікшелермен байланысады және митоздық ұршықтың пайда болуын ингибирлейді, хромосоманың ажырамауынан сақтап қалады.

Көбінесе жылдам бөлінетін ісік клеткаларды жою керек болады. Сүт бездерінің ісігін емдеу үшін басқа препарат қолданылады, микротүтікшелер аппаратына әсер ететін – таксол болып саналады. Бірақ, таксол әсері механизмі, колхицин әсерінің механизміне қарама-қарсы (таксол микротүтікшелерді тұрақтандырады, оларды деполяризациядан сақтайды), бұл препараттардың фармакологиялық эффектісі бірдей: клетканың жылдам бөлінуінің кідіруі.

Кірпікшелер және центриольдер.

Кірпікшелер – құрылысы микроскоптық, шаш тәрізді, диаметрі шамамен 250 нм, қарапайымдылар жасушаларымен қоса жасушалардың көптеген түрлерінің бетінде орналасады. Кірпекшелердің негізгі қызметі:

- жасушаның беті, кейде жанында сұйықтық пен кішкентай бөлшектерді орналастырады;

- біржасушалы ағзаларды алға қарай қою, сұйықтықты жарып жылжытады;

- жұмыртқа клеткасын ұрық өтетін жерден итермелеп жіберу;

- сперматозоидтарды қозғалысқакелтіреді;

Тыныс алу жолдарын жабатын, эпителий көптеген кірпікшелерден тұрады, шырышты қабатта орналасады, кішкентай бөлшектерді ұстап қалады, өлі жасушаларда ауыз қуысына қарай бағыттайды, онан әрі жұтқан кезде алып тасталады. Кірпікшелер құрылысы бұзылған пациенттер тыныс жолындағы жұқпалы ауруларға жақын болады, ал еркектерде сперматозоидтардың қозғалуы төмендесе, ұрықсыздыққа әкелуі мүмкін болады.

Жасушаның бөлінуі кезінде актинді және миозинді жіпшелерден тұратын жиырлғыш сақиналар түзіледі. Бұл сақина плазмалық мембранаға күш береді, нәтижесінде екі жас жасушаның бөлнуі жүреді. Бұл процесс цитокинез деп аталады.

Жасушааралық байланыстардың типтері:

Жай (қарапайым) байланыс;

Десмосомды байланыс;

Тығыз байланыс;

Саңылаутәрізді немесе нексус;

Синаптикалық байланыс немесе синапс.

Қарапайым байланыстар жасушаның көптеген аймағын алып жатады. Билипидті мембраналармен көрші жасушалардың арасындағы ара-қатынас 15-20 нм құрайды, ал жасушалар арасындағы байланыс гликокалиске жанасқан макромалекулалардың ара-қатынасы есібінен жүзеге асады.

Қарапайым байланыс арқылы әлсіз механикалық байланыс – жасушааралық аймақтардағы заттардың тасымалдауына кедергі жасамайтын адгезия жүзеге асады.

Десмосомды байланыстар жасушааралық байланыстар диаметрі 0,5 мкм. Әрбір бөлімі (десмосома) үшқабатты құрылысты және екі имеет десмосомэлектрондытығыз бөліктен тұрады, цитоплазмада жасушаның байланысатын жерінде орналасады, электрондытығыз материал мембрана аралық аймақта (15-20 нм) жинақталады. Десмосоманың бір жасушадағы саны 2000 жетеді. Десмосоманың қызметі жасуша арасындағы механикалық байланысты қамтамассыз етеді.

Тығыз байланыстар асқазан, ішек және т.б. мүшелердің эпителиальді жасушаларының арасында орналасады. Тығыз байланыс эпителей жасушасының апикальді бөліктерінің арасында болады. Бұл бөліктерде мембранааралық аймақ болмайды, көрші плазмолеммалардың билипидті қабаты бір ортақ билипидті мембранамен қосылады. Тығыз байланыстардың қызметі – жасуша арсындағы мықты механикалық байланыс сонымен қатар жасуша аралық аймақтарда заттардың тасымалдануына қатысады.

Саңылаутәрізді байланыс немесе нексустар диаметрі 0,5-3,0 мкм, билипидті мембрананың арасы 2-3 нм қашықтықта жақын орналасқан. Гидрофильді канал бар. Бұл каналдар арқылы иондардың алмасуы жүреді.

Синаптикалық байланыс немесе синапстар – жүйке жасшаларындағы арнайы байланыс (нейронаралық синапстар) немесе жүйке жүйесінің басқа да жасушаларымен байланысы (жүйке-бұлшықеттік синапстаржәне басқа да). Синапстық байланыстардың қызметтік ролі қозу және тежелуді бір жүйке жасушасынан басқасына немесе жүйке жасушасынан иннервирлі жасушаға беру.

Студенттің өзіндік жұмысы:

Тәжірибелік жұмыстарды орындау:

1 Жұмыс (40х). Цетросома. Суретін салу және белгілеу: 1) цитоплазма, 2) ядро, 3) центросома жіпшелерін.

2 Жұмыс (40х). Бөлінудің жасушалық аппараты 1) цитоплазма, 2) бөліну ұршығының жіпшелері

Бақылау түрі:

1. Бастапқы білім деңгейін бақылау.

2. Студентттердің өз бетінше жұмысының нәтижесін талдау.

3. Қорытынды білім деңгейін бақылау.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік сабақ жүргізу, компьютерлік модельдермен және микропрепараттармен жұмыс







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 13345. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия