Студопедия — Экология мен адамның денсаулығы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Экология мен адамның денсаулығы






Адам организмнің қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне төзу қабілетін оның экологиялық төзімділігіне (адамның) жатқызамыз.

Бүкіл дүниежүзділік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша денсаулық;– жеке адамның толық физикалық, психикалық және әлеуметтік саулығының субъективті сезімі және объективті күйі.

«Денсаулық» термині аса көп жоспарлы, оның медициналық критерийлері оңтайлы еңбек қабілеттілігі және әлеуметтік белсенділік ұғымдарымен толығады. Жақсы денсаулық әлеуметтік, экономикалық және жеке дара дамудың басты ресурсы, сондай-ақ тіршілік санасының; аса маңызды параметрі болып табылады.

Қоғамының денсаулығы және өмірдің жалпы ұзақтығы биологиялық (тұқым қуалаушы), табиғи және әлеуметтік факторлармен анықталады. Сонымен халықтың денсаулығы сол елдің экономикалық дамудың деңгейімен және хал-ахуалымен тығыз байланысты.

Денсаулық сақтауға қажетті заттар таза ауа мен су, жоғарғы сапалы азық өнімдері, флора мен фаунаның барлық сан алуандылығы болып табылады.

Қоғам саулығының негізгі көрсеткіштеріне мына жағдайлары жатқызамыз:

- сырқаттанушылық;

- өлім-жітім және оның туындысы - өмірдің күтілетін орташа ұзақтығы, еңбекке қабілетсіздік, сондай-ақ негізгі созылмалы аурулардың даму қаупін күшейтетін бірқатар биологиялық параметрлердің қалыптасқан ауытқу жиілігі (мысалы, дененің артық салмағы, жоғары қан қысымы және т.б.).

Адамзаттың даму барысында бұл көрсеткіштер үнемі өзгеріп отырады. Мысалы ХХ ғасырдың басында өлім-жітім көрсеткіші негізінен жұқпалы (инфекциялық) ауруларға байланысты болса, осы ғасырдың 60-70 жылдарға медицинаның жақсы дамуына байланысты бұл аурулар өлім-жітімнің тек үштен біріне ғана жауапты болды, ал ХХ ғасырдың соңында бұл себептің әсері 10-15 есе азайтып, бірінші орынға қан айналымы жүйелерінің аурулары мен онкологиялық аурулары шықты.

Сырқаттану – бұл генетикалық, экологиялық және тұрмыстық жағдайлардың әсерінен халық арасындағы денсаулықтың жалпы түрде қалыптасқан жағдайдан ауытқу. Кең эпидемия түрінде таралатын жұқпалы аурулар үлкен экологиялық қауіпке жатады, себебі олар елдің экономикасына зор зардап әкеледі:

а) тыныс жолдарының инфекциясы (туберкулез, дифтерия, тұмау (грипп) пен т.б.);

б) іш аурулар инфекциясы (дизентерия, холера, вирусты гепатит (сары ауру), т.б.);

в) қандық топтың инфекциясы (бөрте, сүзек (тиф), кенелік, энцефалит, оба (чума), безгек (малярия) және т.б.);

г) тері аурулар инфекциясы (сібірлік ойық жарасы (түйнеме), сіреспе, т.б.).

Ауру тудыратын микроорганизмдердің организмге кіруі пайда болатын бұл аурулардың көбісі қоршаған ортаның биологиялық ластануына байланысты келеді.

Өлім-жітім – бұл денсаулықтың статистика бойынша нағыз шын түрдегі (объективті) және негізгі көрсеткіші. Бұл көрсеткіш еуропалық стандарт бойынша 100 000 адамға шаққандағы жылдық өлім-жітімнің шамасымен анықталады.

Адам өмірінің орташа ұзақтығы – бұл барлық өлген адамдардың жас шамаларының қосындысын олардың жалпы санына бөлгенде шығады. ХХ ғасырдың екінші жартысында көптеген дамыған елдерде өлім-жітім себептерінде күрделі өзгерістер боледы. Мысалы, жұқпалы аурулардан келетін өлім-жітімдер күрт азайып, оның орнына жүрек-тамыр (50-60%) мен онкологиялық аурулардан (20-30%) келетін өлім-жітімдер көбейіп кетті.

Біздің ата-бабаларымыздың орташа өмірінің ұзақтығы үлкен болғаны белгілі. Мысалы, неолит дәурінде бұл көрсеткіш шамамен 18 жыл, Рим империясы кезінде – 25, орта ғасырларда (Англияда) – 30-35 жыл болады. Кейінірек медицина мен ғылымның табыстарыны байланысты өлім-жітім азайып, ХХ ғасырдың басында кейбір елдерде адамдардың орташа өмірінің ұзақтығы 50 жылға жетті (1900 ж. АҚШ). ХХ ғасырдың соңында дамыған елдердің ішінде бұл көрсеткіш бойынша ең жоғарғы дәреже Япония мен Швейцарияда (77,6), Исландия (77,4), Швеция (77,1) және Испанияда (76,6) байқалды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, Қазақстан халқының денсаулығы жөнінен әлемде 180 орында тұр. Сол дерекке сүйенсек, халқымыздың 30 пайыздан астамы 60 жасқа жетпей-ақ өмірден озады екен.

Денсаулықты нығайту үшін үнемі тек өз жеке басыңның ұмтылысы керек. Мұны ештеңемен ауыстыра алмайсың. Адам бақытына қарай, оның жаратылысының жетілгендігі сонша, ол әрдайым денсаулығын нығайта алады. Тек үлкейген сайын және аурудың ұлғаюына сәйкес денсаулық үшін өз қара басынның күресу де ұлғаюы және әр түрліше болуы қажет.

Салауатты өмір сүру үшін еңбек етуді де, дем алуды да орынды пайдалану керек. Тек денсаулығы мықты адам ғана қоғамда байлық өндіріс алады, оны сақтай алады. «Денсаулық – қоғам байлығы». Денсаулық – зор байлық.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1261. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия