Студопедия — Естен тануға көрсетілетін көмектер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Естен тануға көрсетілетін көмектер






Есінен айырылған адамдар алғашқы дәрігерлік көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады.

Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрі-дәрмек: промедол, морфин, аналгин 5%-2мл ерітінді, олар болмаса 0,5г аналгин, 0,1г кофеин, кординамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстіне жылы киім жабады.

Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәрігерге барып, ауруға қарсы ектіру керек.

Алғашқы дәрігерлік көмек. Жараға тиіспей, оның айналасын сулаған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкемен таныңыз, үлкен жараның ең жақсысы алғашқы көмекті жеке пакетіндегі дәкелі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы, таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз, егер қолыңызда дәнеге жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш дененің қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сырдырылған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз. Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5 г аналгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

Буынның шығуы – бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстіңгі жағының анатомиялық өзара қарым-қатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуы толық және жартылай шығу болып бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуынан немесе буынды бекітетін байламды үзуге, кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді.

Буынның шығу белгілеріне мыналар жатады: домбығу, буынның табиғи емес пішіні, буын төңірегіндегінің қатты сырқырауы, буын төңірегіндегі тері түстінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырауы.

Дененің ұзақ қысымды болуы және оның салдары. Зілзала және апат аудандарындағы құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесі көрсеткеніндей, сынықтарды астынан жылдам алып шығуға әрекеттену әрдайым сәтті құтқаруға әкелмейді.

Улы ыдырау өнімдері мен миглобин зақымдану аймағынан тамырлар арасына қарай жөңкиді, бұл жүректің қызметін күрт бұзуға алып келеді. Нақ осы жәй зардап шегушіні үйінділер мен қираулар арасынан алып шыққаннан кейінгі алғашқы минутта жарық дүниемен қоштасуына себеп болды.

Ұзақ қысымда болу салдарынан бұлшық ет талшықтарының зақымдану нәтижесінде қанда бос миоглобиннің пайда болады.

Миоглобиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйрек қақпақшаларын зақымдайды. Бұл бүйректің жұмысын қиындатады, дәреттің бөліну толығымен тоқтайды, соның салдарынан зақымданушы қаза болады.

Жарақат алған орнында көмек көрсету. Мұндағы көмек екі кезеңмен көрсетіледі.

Бірінші кезең бірнеше сағатқа созылуы мүмкін және қирандылардың астында қысылып қалған аяқ-қолды қалайша жылдам босатуға байланысты.

Бақытсыз жағдайлардың алғашқы минуттарынан бастап зақымданған аяқ-қолға мұз немесе қар салынған пакеттер қойып, қаттырақ таңады және зардап шегушіге барынша көбірек ыстық сусын беру қажет.

Екінші кезең – жарақаттанушы босатқаннан кейін көмек көрсетуді мүмкіндігінше азайту. Қатты таңғыш тастау, көлік шиналарын қою және қан айырбастағыш сұйықтарды енгізу, зардап шегушіні міндетті түрде «жасанды бүйрек» апараты болуға тиіс реанимация орталығына тез жеткізу істің сәтті аяқталуына үміттендіреді.

Іштің зақымдалуы және жарақаты. Іштің жарақаттары сипаттары бойынша ашық;және жабық; болып бөлінеді.

Жабық зақымдану жоғарыдан құлағанда, ішке соққы тигенде, жер, инженерлік құрылыстар мен қираған ғимараттар сынықтары қысқан кезде, көлік апаты кезінде болады.

Жеңіл зақымдану кезінде құрсақ қуысы жарақаттанып тері сырдырылады, қан ағады, ұлпалар күлбірейді, құрсақ бұлшық еттері тітіркенеді, құрсақтың тітіркену белгілері байқалады.

Ауыр жарақаттар кезінде құрсақ қуысының ішкі органдары: үлпершекті ағзалар және жыныс органдары зақымданады.

Жыныс органдардың зақымдануы сыдырылу, қысылу, толық және ішінара сөгілу болып бөлінеді.

Үлпершекті ағза ішкі органдардың зақымдануы капсулдың бұзылуынсыз және оның бұзылуымен болады. Жыныс органдарының зақымдануы құрсақ қуысы сіре қабырғаның тез қабынуына алып келеді.

Іш жарақаты атыс қаруы мен суық қарудан болуы мүмкін. Атыс қауынан болған жарақат көбінесе ішке өтіп ішкі органдарды зақымдайды.

Үлпекші органдар жарақаты кезінде алғашқы орында ішкі қан ағу құбылысы, жыныс органдары атыс қаруынан зақымдалған кезде құрсақтың тітіркену белгілері тұруға тиіс.

Ішкі жабық зақымдалу кезіндегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек. Құрсақ қуысы жеңіл сыдырылған зардап шегуші дәрігерлердің қармағына жіберіледі.

Алғашқы дәрігерлік көмек жараға тазартқыш таңғыш қоюдан басталады. Түскен органдарды түзеуге болмайды, оларды тазартылатын жастықшамен жабады және сақтықпен, қыспай, шеңберлі таңғыш қояды.

Іштің төменгі жағына таңғыш қою. Іштің төменгі жағындағы спиральдық таңғыш сырғып кетеді, сондықтан іш пен шап төңірегіне масақ тәріздес таңғыш қойылады, ол іш төңірегін айнала ораудан басталады. Бұдан кейін бинт орамы санның үсті бойынша оның жанынан өтеді және бұдан әрі іштің маңайынан шеңберлері орамдар қайталанады.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1125. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.03 сек.) русская версия | украинская версия