Студопедия — Тақырып: «Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту әдістері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып: «Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту әдістері






Мақсаты:«Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту және омыртқасыз жануарларды өсіру әдістемесін меңгерту.

Тапсырмалар: 1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.

Жауын құртын зерттеу оның сыртқы құрлысымен танысудан басталады.Үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын ұйымдастыруды,жауын құртын оқушыларға үлестіріп беруден бастаймыз.Оқушылар жауын құртының цильиндір пішіндес,буылтық болып келетінін көреді.Жауын құртының сыртқы құрлысын зерттеп болғаннан кейін,ішкі құрлысын қарайды.Тітіркенуге жауап реакциясын бақылау керек.

2. Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын бақылау Зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі.

Мақсаты:Жауын құртының сыртқы құрлысымен тіршілік әрекеті топырақ арасында тіршілік етуге бейімдеушілігінің басты белгілерімен таныстырып,олардың топырақ түзудегі,құнарлы- ғын арттырудағы рольін түсіндіру.Зертханалық жұмысты нұсқау карточкасы бойынша жүргіземіз. Мына терминдерге түсінік беріледі:целом,параподия,трохофора,гирудин.

3. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері (жазбаша)

Жауын құртын әртүрлі жәшіктерде сақтап,температурасы пльюс3-5градус погрубте сақтайды.Жәшіктің түбіне 1см.құм төсейді.Оның үстіне құнарлы топырақ төсейді.Топырақ- тың үстіне ағаштан түскен жапырақтарды төсеп оның үстіне тағы да топырақ салады. Ең үстіне құм себеді.Құрттарды құмның үстіне төгу керек.Оқушылар құрттардың бірігіп түйдектелуі арқылы едәуір дәптерге ылғалдықты сақтай алатын,рефлекторлық қорғаныс бірлестігін,соның нәтижесінде тіршілігін ұзарта алатынын бақылады.Содан соң топырақты ылғалдаса болды,құрттар бірте бірте жан жаққа тарап кетеді.

Әдістемелік нұсқаулар:Жауын құртының суретін салу, құрлысының схемасын қолдану.

Сұрақтар: 1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын қалай ұйымдастырасың?

2.Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын бақылау үшін қандай жұмыстар жасайсыңдар?

3. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері қандай?

Дидактиканың басты мақсаты – методикаға байланысты, оқушыларға білім берудегі біртұтастығын қамтамасыз ету, сонымен қатар мазмұнын, ідіс-тәсілдерін таңдай білуге көмектесу.

Дидактиканың тағы да бір артықшылығы білім беру бағытын алдын ала болжау арқылы жаңа әдістерді, білім стандартын жаңа оқу материалдарын, бақылыу жіне бағалау жүйелерін енгізуге мүмкіндік береді.

 

Пәннің мазмұнын саралаудағы басты талаптың бірі, оның биология ғылымы мен өзара байланысын және оның даму деңгейіне қарап құрастыру болып табылады. Сондықтанда пәннің мазмұны мен мағынасын талдауда оның ғылыми жағын ескере отырып түсініктілік жақтарын да қамтып қарайтын болса, онда биологиялық түсініктерді терең ашып анықтап көрсетуге үлкен роль атқарады. Сондықтанда пәннің мазмұнын арттыру үшін, сол ғылымның даму деңгейін барлық уақытта есепке алып отырған жөн.Қазіргі мектеп оқушыларының қолданып жүрген биология оқулықтарындағы көптеген материалдардың мазмұны, биология ғылымындағы жетістіктерді, жаңалықтарды толық қамтамасыз ете алмай келеді. Соның нәтижесінде оқушылардың сана сезімінде биология жайлы шын пікірлердің, олардың дұрыс қалыптасуына әсерін тигізуі мүмкін.

Мектеп оқушыларының білім жүйелігін арттырудың методологиялық шартының бірі, оқулықтың мазмұнына, әсіресе жоғарғы кластарда ғылыми мағлұматтардың барлық элементтерінің біртұтастығын сақтай отырып мазмұндау болып табылады. Осы жағдайда орындаудың ең бірінші кепілі ғылыми теория немесе білім жиынтығы, методология мен дүние тану көзқарасының дүниенің көрінісі және практика арсындағы байланыстарды біріктіруші деп есептеледі.Мүшелер мен мүшелер жүйесінің ырғақты қызметі болуы үшін, оған оны реттеп отыратын нервтік және гуморальдық реттеуді түсіндіру үшін, алдымен нерв жүйесінің құрылысымен таныспай оның реттеу механизмін түсіну қиын. Мысалы, кезеген нерв ішкі мүшелердің, жүректің қызметін реттейді, сол үшін кезеген нервтің құрылысын, шығу тегін білмей, оның қызметін түсіне алмайды. Немесе гуморалдық реттеу мен нервтік реттеудің арасында қандай айырмашылықтар бар. Организмдердің эволюциялық даму жолында осы реттеу процессінің қайсысы бұрын пайда болды. Әрине осындай мәселелерді түсіндіру үшін әуелі ең қарапайым, жеңіл жақтарымен таныстыра келіп, оның әрі қарай күрделендіріп қарастырған жөн. Әрбір фактілердің, түсініктердің мағынасын түсіндіре отырып, оның басқада бір фактілермен байланысын анықтай отырып мазмұндауды сақтаған жөн.

 

34.Өсімдіктану пәнінен экологиялық білім және тәрбие беру әдістерін түсіндіріңіз. І-ші ден, оқушыларды өсімдік денесін құрайтын қарапайым бірлік - клеткамен таныстырып, оның қабықшасы, қозғалу қабілеті бар цитоплазмасы, ядросы, клетка шырыны, пластидтерді болатынымен таныстыру;2-ші ден, өсімдіктің тірі клеткасына қоректік заттар келіптұратынын, клетканың өсетінін және бөлінетінін, клетканың бөлінуін ядроның бөлінуінен басталатыны, ал ядро бөлінгенде микроскоппен оның хромосомасында күрделі өзгерістер болып жатқанын көретінімізді, ал оның өзі екі жаңа клетканың ядроларын, түзуге әкелеітінін түсіндіру;3-ші ден пияз өзінің мысалынан оқушыларға тканьдер жайында түсінік беру керек, бұл одан әрі қарай тамырдың, сабақтың, жапырақтардың клеткалы құрылысын оқығанда тереңірек өтілетінін түсіндіру.Тақырыпты оқу оқушыларды үлкейтіп көрсететін приборлардың /қол лупалы» штатавті мура, микроскоп/ құрылысымен және оларды пайдалану техникасымен таныстырудан басталады. Келесі сабақтарда оқушылар пияз өңінен препарат даядлаумен, өсімдік клеткасының құрылысымен, клеткаға заттардың енуі және цитоплазманың қозғалуымен /клетканың бөлінуі және өсуімен танысады. Жоғарғы кластарда бұл мәселені тереңірек өтуге байланысты, өсімдіктердің клеткалы құрылысы жайындағы түсініктің оқушыларда дұрыс қалыптасуы – ботаника курсының негізгі мақсаттарының бірі. «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс» К.Д.Ушинский.Халықтық тәрбие адам баласының дүниеге келген күнінен бастап біргежасап келеді. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша ақыл-нақыл, өсиет-өнеге, қағида болып келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағылымдары бар. Халық өзінің өмір сүруінің барлық жақтарына да халықтық білімді жинақтаған.Халық педагогикасы – халық ауыз әдебиетінде, салттарында, әдет-ғұрыптарында, ырымдарында, балалар ойындарында мәңгі сақталып қалған білім, педагогикалық мағұлыматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Бұлар әдетте ауызша таралады. Өсімдіктану пәнінен «Өсімдіктің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы», «Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі», «Өсімдік тұқымдастары» т.б. көпшілік тақырыптарда ата – бабамыз өз туған жерінде өсетін өсімдіктердің атын, қасиетін жақсы білгендігін әңгіме етуге болады. Өсімдік табиғаттың құрамды бөлігі екенін айтып, оларды қорғаудың ережелерін, елімізде жүргізіліпжатқан шараларды түсіндіру арқылы экологиялық тәрбие берсек, екінші жағынын табиғатты суреттеуде қазақтың халық даналығын, айтыс –жырларын, аңыз - әңгімелерін, мақал–мәтелдерін насихаттау арқылы эстетикалық әрі ұлттық тәрбие қалыптастырамыз. Ерте заманнан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін білген. Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген тағы басқа да шығыс ғалымдары қазақ халқы медицинасының дамуына ықпал етті. Осыған байланысты көне көз қариялардың ақыл-кеңесінен және Шығыс елдерінің қолданып жүрген өсімдіктері қарапайым ауруларға ем болатыны туралы «Дәрілік өсімдіктер» тақырыбында түсініктеме беруге болады.

 

 

35. Ғылыми дүниетанымдылығын қалыптастыру әдістеріндегі биология пәнінің ролін дәлелдеңіз. «Дүниетаным» жеке тұлғаның тіршілік бағдары, оның идеалы, сенімі, қызығушылығы, құндылығымен анықталады. Ең ақырында адамдардың мінез-құлқының даму бағытына себепші болады. А.Швейцердің айтуы бойынша тіршіліксіз дүниетаным жоғары сезімталдықта болатын патологиялық бұзылыстың басталуы. Дүниетанымның теориялық ядросы – философия. Философиялық таным төрт проблеманы қарастырады. Материя туралы ілім, таным туралы ілім, құндылық жайлы ілім, практика тура ілім. Философияның барлық аспектері дүниетанымдылықтың негізі ретінде бір-бірімен өзара байланыста және бір-бірін толықтырушы. Дүниетанымдық бағытта биологиядан білім берудің басты талаптары мыналар:- бір кезеңнен екінші кезеңге көтерілу барысында биологиялық реальдылықты (шындықта) терең үйрете отырып биология пәнінің көзқарасындағы бір тұтастыққа үйрету; - басты теориялар мен концепциялардың мазмұнындағы құбылыстарды белгілі бір деңгейде суреттеп, методологиялық тұрғыдан түсіндіру. Мектепте өтілетін әрбір пән оқушыларға белгілі бір жүйеде білім, ептілік пен дағды беріп, олардың ғылыми дүниетанымын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Оқу пәні ретінде биология оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда үлкен және жан-жақты мүмкіншіліктер береді. Орта мектептегі биология пәнінің негізі материалының барлық деңгейдегі құрылымдарының әртүрлі жүйелерін (молекулалық, клеткалық, организмдік, популяциялық, түрлік биоценоздық, биосфералық, планетарлық) оқыту болып табылады. Биология сабағында берілетін материал оқушыларға тірі табиғаттың даму негізі жаңдылықтарын ашып көрсетеді. Биология пәнінің мұғалімі оқу материалын таңдау және баяндау барысында оқушыларға тірі табиғаттың құбылыстарын ғылыми негізінде түсіндіріп, оларды дұрыс ұғынуға үйрету үшін диалектикалық материализмнің негізгі баптарын қолдана білуі қажет.

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1267. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия