Студопедия — Бекіту тестілері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бекіту тестілері.






1. Гидра қорегін қалай ұстайды?

А) қармалауыштарымен

Ә) аузымен

Б) қимыл мүшелерімен

С) бүкіл денесімен

Д) зәр шығару мүшесімен

2. Төмендегілердің қайсысы қозғалыссыз, бекініп тіршілік етеді?

А) актиния

Ә) гидра

Б) қызыл коралл

С) инфузория

Д) тамыр ауыз

3. Гидра қалай таныс алады?

А) өкпесімен

Ә) желбезектерімен

Б) бүкіл денесімен

С) тыныс алмайды

Д) аузымен

4. Атпа жасушалардың қызметі қандай?

А) қорғаныс

Ә) тітіркенуді қабылдау

Б) реттеуіш

С) қоректік

Д) көбею мүшесі

Үйге тапсырма: § 41

 

26. Өсімдіктердің көбеюі тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін түсіндіріңіз. Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану»
Мақсаты:
1. Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну.
Гүл – тұқыммен көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікірге негіз қалау.
2. Гүл, гүлдің құрылысы, көбею жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.
3. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысы: экологиямен, әдебиетпен, тілмен, халық педагогикасымен.
Сабақтың көрнекілігі: Гүлдің моделі, «Гүлдің құрылысы», «Тозаңдану», «Ұрықтану», Гүлшоғырлар сызбалары. Сөзжұмбақтар, Венн диаграммасы, вагон суреттері, т. б.
Сабақты өткізу әдісі: Аралас, ойын сабақ. Оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын анықтап болған соң сабақты мынадай өлең жолдарымен бастадым.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кел, балалар, ойлайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Оқушылар ойын сабақ екенін бірден сезеді. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріліп, тапсырманың ұраны мен мақсаты хормен плакаттан оқылады.
Сабақтың ұраны: Тіршіліктің тірегі өсімдікті қорғайық.
Тұқымдарын молайтып өсіруді ойлайық!
Сабақтың мақсаты:
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Ойын шарты:Пойызда 4 вагон бар, әр вагон тапсырмамен келген, сол тапсырманы орындап болған соң «белгісіз әлемге» саяхатқа аттану.(вагон суреттері жапсырылған)
№1 вагон тапсырмасы – сұрақтар.
№2 вагон тапсырмасы тест.
№3 вагон тапсырмасы гүлге қатысты сөз.
№4 вагон тапсырмасы – формула, жұмбақ.
ІІІ. Жаңа сабақ – белгісіз әлемге саяхат.
Мақсаты: Гүлдің тұқыммен көбею мүшесі екендігін ұрықтану мен тозаңданудың көбеюдегі маңызын ұғыну.
Сабақ жоспарлы тірек - сызбалары арқылы түсіндіріледі.
1. Тозаңдану
Бунақдене (шие, шай)Өздігінен Айқас Жел (жүгері, емен) (бетеге, тары)
2. Ұрықтану.Тозаңдану ұрықтану.Гүлді өсімдік – қосарынан ұрықтану.(Навашин)
3. Қосымша мәлімет.
4. Гамета. Зигота. Спермин.
5. Жұмыртқа жасуша. Орнитофилия.
6. 5 дәптермен жұмыс. 1) Жаңа ұғым.
2) а) жынысты көбею
ә) тозаңдану оның түрлері.
б) ұрықтану.
ІҮ. Қорытынды.
«Оқығаныңды айтпа – тоқығаныңды айт»
А) Тозаңдану – ұрықтану – жеміс – тұқым.
Ә) Венн диаграммасы.
Ү. Бекіту. Жеміс пен тұқым өнімнің алтын қоры.
(Сөзжұмбақтар шешу арқылы) «Зигота», «Тұқымбастама» сөзжұмбағы
ҮІ. Үйге тапсырма.«Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану» тақырыбын оқып, біліп келу. Сөзжұмбақтар дайындау.ҮІІ. Бағалау.

 

  “Өрмекшілер класынан” дәріс беру әдістерін түсіндіріңіз.

Дәріс – семинар түрінде өткізілетін сабаққа дәріс және семинар түрлерін кіргізуге болады, егер сабақтың тақырыбы үлкен бір күрделі проблемаларға арналған болса. Дәріс – семинар түріндегі өткізілетін сабақтың тиімділігі оқытушының сабақты мазмұндау шеберлігіне және семинар сабағын ұйымдастыра білу қабілеттілігіне көп байланысты болады.

Лекцияның басқа тәсілдерден айырмашылығы уақыты ұзақтау (25-45') копозициясы мен қызметі. Басқа артықшылығы тыңдаушының миына, жүрегіне әсер ету. Рухани күйін, белсенділігін әсер ете отырып жаңалық ашу. Лекцияның баяндамадан айырмашылығы оқытушы өзінің ойын, тақырыптың мазмұнын еркін, конспектіден оқымай, аудиториямен еркін тығыз байланыста жүргізу. Дәріске қойылатын негізгі талаптар: идеялығы, өзектілігі, ғылымилығы, түсініктілігі, жоғары көңіл-күймен мазмұндаушылығы. Формасы және мазмұны біртұтас, басқа әдістермен байланыстырып түсіндіру.

Дәрістің типтері:1) Қалыптағы орнына байланысты; 2)Кіріспе, негізгі (оқытушы, білім беруші), қортынды;3) Тыңдаушыға әсер етуіне байланысты; 4) Ақпараттық (жеке мамандар үшін), сендіруге, нанымдылыққа, танымдылыққа, мойындатуға, аралас.

Лектордың тіліне және сипаттауына тәуелді: а) бірқалыпты-тыныштықпен, бірағындылықпен, бірырғақты, асықпай, саспай оқу-сангвиниктерге тән; б) көңіл-күйі жоғары жылдам, аудиторияны қыздырып, өзіне тартушы (холерик);в) жоспарлы-көңіл күйі өзгермелі (аралас комбинированные).

Тыңдаушыларға байланысты (залдағы) – академиялық, оқыту, білім беру (мектепте), оқу-әдістемелік, ғылыми-популярлы (еңбек ұжымына байланысты).

Өрмекшітәрізділер (Arachnіda) – омыртқасыздардың бір класы. Бұлардың қазба қалдығы жоқ. Силурдан белгілі, ал карбондаөрмекшітәрізділердің осы кезде тіршілік ететін отрядының өкілдері табылған. Дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін. Жер шарында кең тараған, 10-нан астам отряды, 60 мыңға жуық түрі бар. Жиі кездесетін отрядының бірі – өрмекшілер (Araneі). 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 19 тұқымдасы, 400-ден астам түрі кездеседі. Бұлардың денесі бас-кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан (бас-кеуденің 7-бунағы). Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Бездерден бөлінетін сөлімен қорегін өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2 – 4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған. Эволюция даму барысында байқалатын бір ерекшелік – өрмек сұйықтығы бөлініп шығатын өрмек бездерінің дамуы. Олардан бөлінген сұйық зат ауада тез қатады да, өрмек жібіне айналады. Бұларды өрмекшілер тор құру, ұстап алған жемтігін орап тастау, жұмыртқа пілләсін жасау үшін қолданады. Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесіне мальпиги түтікшелері және коксальды бездер (жүретін аяқтарының 1- және 3-жұптарының бунақтарынан ашылатын бір не екі жұп бездер) жатады. Тыныс алу органдары жапырақты өкпе қапшығы мен трахеялардан тұрады. Өрмекшілердің Caponііdae тұқымдасында өкпе мүлдем жоқ, тек 2 жұп трахеясы болады. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі қысқарған, 3 – 4 остиялары (жүрегіндегі қақпақшалары бар саңылаулы қос тесік) бар. Сезім органдары жақсы жетілген. 8 көзі 2 доға түрінде орналасқан. Дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі байқалады. Бұлардың барлығы да жыртқыштар, жәндіктермен қоректенеді. Көпшілігі пайдалы: ауыл шаруашылығы зиянкестерін құртады, уы медицина мен биохимияда пайдаланылады, өрмек жібегі алынады. Бүйі мен қарақұрт – аса улы жәндіктерге жатады.Көптеген өрмекшілер гүлдердің шырынымен қоректенеді.Өрмекшілер құрсағының үстігінде "иіру органы" деп аталатын жібек иіру бездері болады.Өрмекшілер жемтіктерін жабысқақ торлары арқылы ұстайды.Өрмекші торы ластанып және үзіліп қала беретін болғандықтан олар күн сайын жаңа тор құрып отырады. Олар бұрынғысын тастамай, орап орап жеп қояды. Өрмекшілердің көпшілігінде у шашатын тістері болады. Есекқұрт өрмекшісі тек қана есекқұрт жейтін өрмекшінің түрі.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1243. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия