Студопедия — Зін- өзі тексеру сұрақтары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зін- өзі тексеру сұрақтары






1. Релеванттық материал шығыны - қорды сақтаумен және тапсырысты орындаумен байланысты болшақтағы шығын.

2. Релеванттық өндіріс шығыны - шешімнің таңдалған нұсқасына қарай өзгеретін болашақтағы шығын.

3. Релеванттық шығын - оңтайлы басқарушылық шешімді таңдау (іріктеу) барысында назарға алынатын шығын.

4. Ресми баға - сатушылар мен сатып алушыларға белгіленген баға.

5. Реттелетін (бақыланатын) шығын - жауапты орталықтардың басшылары тарапынан ықпалға көнетін шығын.

6. Реттелмейтін (бақыланбайтын) шығын - жауапты орталық басшысы ықпал ете алмайтын шығын.

7. Реттелмейтін шығын мен та­быс - жауапты орталык ме­неджерлері олардың шамасын реттемейді

 

Шығындар есебінің нормативтік әдісі мен калькуляциясы

Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

 

Бақылаумен қатар басқарудың ең маңызды функциясына жоспарлау жатады. Жоспарлаудың ең нақтыланған деңгейі -бюджеттік жоспарлау. Ақша түріндегі сандық жоспарды бюджет деп ұғуға болады. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болып табылады.

Жоспарлар оперативті, әкімшілік және стратегиялық деп бөлінеді. Мерзімі бойынша қысқа мерзімді жоспарлау (бір жылға дейін) және алдағы кезеңді жоспарлау (бір жылдан көп) деп бөлінеді. Нақтыланған бюджеттер әдетте қысқа кезеңдерге бөлу арқылы ең ұзақ дегенде бір жылға жасалады. Қысқа мерзімді жоспарлау бақылап басқарудың мақсаттары үшін жасалады.

Бюджет функцияларына жататындар: алға койған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау; әр түрлі қызметтер мен жекелеген бөлімшелерді үйлестіру; басшыларды жауапты орталықтарының мақсаттарына қол жеткізуін ынталандыру; ағымдағы қызметтерді бақылау.

Бас (негізгі) бюджет - тұтас ұйымдағы барлық бөлімшелер мен функциялардың үйлестірілген жұмыс жоспары. Ол екі негізгі бюджеттен тұрады: оперативтік (ағымдағы) және қаржылық бюджет. Оперативтікте – кәсіпорынның жеке функциялары немесе сегменті үшін жоспарлы операциялар қайта есептеледі. Қаржылық бюджетте қаржы қаражатының болжаулы көздері мен оларды жоспарлы кезенде пайдаланудың бағыттары көрсетіледі. Оған кіретіндер: капиталдық шығын бойынша жоспар, акшалай қаражат жоспары және ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп берумен жоспарлы бухгалтерлік баланс.

Бюджеттің орындалуын бағалау жоспарлыдан нақты қол жеткен нәтижелердің ауытқуын талдауға негізделеді.

Бас бюджетті жасау процесінің шығу нүктесіне сату бюджетін әзірлеу жатады, өйткені түсім нақты нарықтағы өткізудің негізгі мүмкіндіктерімен, яғни сыртқы факторлармен анықталады. Ақшалай қаражат бюджеті - бұл ақшалай қаражат түсімінің, төлемдердің және алдағы кезеңге төлеу жоспары.

Аталған жоспар екі бөлімнен (болжалды ақшалай қаражат түсімі және болжалды төлемдер мен төлеулер) тұрады және мына мақсаттарды көздейді. Біріншіден, жоспарлы кезең соңында ақшалай қаражат шотындағы ақырғы сальдоны көрсетеді. Екіншіден, жоспарлы кезеңнің ішіндегі әр айдың аяғында ақшалай қаражаттың қалдықтарын болжайды, қаржылық ресурстың артық шығатын немесе кем шығатын кезеңдерін анықтайды.

Бюджет функциясы бақылау құралы ретінде жоспарлы көрсеткішті нақты көрсеткішпен салыстыру кезінде көрінеді. Кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін талдау және түзілу мақсаттарына қарай бюджет тұрақтыға және икемдіге бөлінеді. Тұрақты бюджет - бұл ұйымның іскер белсенділігінің нақты деңгейіне, яғни өткізудің бір деңгейіне құрылатын жоспар. Икемді бюджет - іскер белсенділіктің белгілі бір диапазонына (өткізу көлемінің баламалы нұсқалары негізінде) жасалатын динамикалық жоспар әрі өткізу деңгейінің өзгеруіне қарай шығын өзгерісін ескереді. Оны қалыптастыру үшін шығын өзгермеліге және тұрақтыға бөлінеді.

Икемді бюджет ұйым мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін талдау мен бақылауға үлкен мүмкіндік тудырады. Оның арқасында нақты өнім шығарылымын ескеріп, өзгермелі шығынға түзету жасайды. Тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, өйткені өндіру мен өткізудің көлеміне байланысты болмайды.

Жоспарлыдан нақты шығынның ауытқуын талдау технологиясы мына кезеңдерді қамтиды:

• нақты және жоспарлы көрсеткіштерді салыстыру;

• жоспарлыдан нақты пайданың ауытқу себебін анықтау;

• баға және ресурс (баға факторы) бойынша ауытқулар есебі;

• ресурстарды пайдалану мөлшері (сандық фактор) бойынша ауытқу есебі.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 842. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия