Студопедия — Функционалдық калькуляция
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Функционалдық калькуляция






Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың функционалдық әдісін негізінен жаппай өндіріспен шүғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардың, жалақының жұмсалуы және өнім дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталардың негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары бойынша жасалады. Оларды жасау кезінде колданыста жүрген өндірістік технологияны, жалақы жөніндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттардың жұмсалу нормаларын негізге ала отырьш, бастапқы массасы, таза массасы, қалдықтары, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттарға қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген тоқсандық сметасы ескеріледі.

Нормалардың және шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ кәсіпорынның мүдделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық процесстерін және басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы тәртібін реттеу аркылы жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және таразылау-өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудін, материалдарды сақтау және өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнін жекелеген түрлері бойынша (егер энергия және басқа да шығындар тікелей жолмен өнімге жатқызылса) және тұтастай алғанда судың, будың, газдын, электр энергиясының тұтынылуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың маңыздылығы зор.

Нормативтік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бүндай шектеулер өндірісті ұйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жөндеуге, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді.

Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардын үнемделуі немесе артық жұмсалуы, нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпорынның ұйымдық-техникалык жүмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін баяндайды.

Нормадан ауытқуларға құжатталған және құжатталмаған болып келеді.

Құжатталған ауыткулар алғашқы құжаттардың мәліметтері бойынша ашылған дабылдары жатады (талап накладнойы, қосымша жүмыстарға жазылған нарядтары,қосымшатөлемдержәнет.б.), сондай-ақ есептеу жолымен анықталған ауытқулар (түгелдеу тәсілімен, нақты рецептурасы бойынша алдын-ала жасалған есептеулер және т.б.)

Құжатталмаған ауытқуларға ауытқудың жалпы сомасы мен оның құжатталған бөлігінің арасындағы айырмасынан шығады. Әдетте, олар құжатталған ауытқулардың дұрыс есептелмеуінің нәтижесінен, ақау өнімдерін шығарғаннан, нарядтарды артық жазғаннан, кем шығудан, шалафабрикаттардың жоғалтулары мен бұзылуынан, аяқталмаған өндірісті дұрыс бағаламауынан шығады.

Егер де өндірісте құжатталмаған ауытқулар бар болса, онда ол нормативтік есептің дұрыс үйымдастырылмағанын куәландырады.

Ауытқу теріс те (артық жұмсалғаны) және оң да (үнемделгені) болуы мүмкін.

Теріс ауытқулар (материалдар, отындар, энергиялар, технологиялық процестерде қарастырылмаған, косымша жұмысқа жасалған төленген және т.б.) өндіріс процесінің дұрыс ұйымдаспағандығынан туындайды.

Оң ауытқулар жекелеген учаскелердің жетістіктерін баяндайды (материалдардың тиімді пайдалануын ашу, материалдарды барынша қалдықсыз пайдалану, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықты тиімді қолдану және т.б.), және норма шығындарын үнемдеуді жүзеге асырады. Кейде оң ауытқулар шын мәніндегі қаражаттың үнемделгенін көрсете бермейді, ол тек норманың шын арттырылған деңгейін пайдаланғандығын көрсетеді.

 

Есеп 1

Фирма бұйымның 5 мың бірлігін дайындады және өткізді. Уақыттың белгілі бір кезеңі ішіндегі шығындар 2 млн.тг құрады. Бұйым бірлігінің өзіндік құнын анықтаңыз.

Жауап:

Өнімнің өзіндік құны келесі формуламен анықталады:

Сбір=З/К,

мұндағы: Сбір- өнім бірлігінің өзіндік құны, тг

З- есепті кезең ішіндегі жиынтық шығындар, тг

К- есепті кезең ішіндегі өндірілген өнімнің заттай бейнеленген саны, дана, тонна, метр

2000000: 5000 = 400 тг







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2195. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия