Студопедия — Aриал» мейрамханасының қызметін жетілдірудің жолдары мен ұсыныстары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Aриал» мейрамханасының қызметін жетілдірудің жолдары мен ұсыныстары






Сонымен, мейрамханалық бизнес – бизнестің ерекше түрі, себебі оның қызметкерлері – мейрамханалық өнімнің бір бөлігі. «Ариал» мейрамханасының басшылығы мұны өте жақсы біледі, бірақ дегенмен баса назар аудармайды. Персоналдың қызмет көрсету сапасын жетілдіру бағдарламалары қарастырылмаған, тек жаңа қызметкерлерді үйретудің бастапқы бағдарламасы өткізіледі. Әдетте оған мейрамхана әкімгері жауапты болады. «Ариал»-дың жаңа қызметкерлеріне тренинг өткізу міндетін әкімгер бұрыннан қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі қызметкерге жүктейді. Ал егер тәжірибелі қызметкердің өзінің біліктілігі жетілдіріліп отырылмаса, ол жаңа қызметкердің өзіне көп нәрсе үйрете қоймас. Сондықтан «Ариал» мейрамханасына персоналдың қызмет көрсету сапасын жетілдіру бойынша арнайы жүйе құрастырып, енгізу қажет. Мұнда ішкі маркетингті дамыту маңызды роль атқарады. Ішкі маркетинг – фирма ішіне, оның қызметкерлеріне бағытталған маркетинг. Ішкі маркетингті дамыту, яғни қызмет көрсету мәдениетін, кадрларды басқаруда маркетингтік тәсілді, қызметкерлерді мадақтау және көтермелеу жүйесін жетілдіруді болжайды.

Ұйымдық мәдениет – жұмыскерлерге ұйым міндеттерінің түсінігін беретін және оларды ондағы іс-әрекет ету ережелерімен қамтамасыз ететін құндылықтар мен сенімдер жүйесі. Әрбір мейрамхананың өз мәдениеті болуы керек. Жақсы басқарылатын мейрамханаларда әрбір қызметкер сол мәдениетті ұстанушы болып табылады. Жоғары мәдениет, біріншіден, қызметкерлер іс-әрекетін анықтайды – олар түрлі жағдайда қалай әрекет ету қажеттігін, олардан не күтетінін жақсы түсінеді, екіншіден, қызметкерлерге компания мақсатын сезінуге көмектеседі – кәсіпорын қандай белестерге жетуді көздегенін және сол мақсатқа жетуде қалай көмек көрсету керектігін біледі. Сонымен, қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті қызметкерлерді іс-әрекет етуде қонаққа бағытталуға итермелейді, ал бұл қонақтың талап-тілегіне бағытталған ұйым дамуының алғашқы қадамы болып табылады [6].

Мейрамхана басшылығы жақсы қызметкерлерді тарту және сақтау мақсатында маркетинг принциптерін қолданулары қажет. Сатып алушы қалаған тауарын зерттегендей, қызметкер де жұмысты іздегенде өз пайдасын іздейді. Біреуін икемді жұмыс графигі қызықтырса, екіншісіне жұмыстың беделдігі ұнайды, ал үшіншісіне барлығынан да жалақы мөлшері маңызды болуы мүмкін. Сондықтан мейрамхана жақсы білікті мамандарды тартқысы, одан әрі оларды сақтағысы келсе, оларға бар жақсы мүмкіндіктерді ұсынуы қажет. Мейрамхананың қызметкерлерін қолайлы жұмыс жағдайымен, көңілден шығатын жалақы мөлшерімен қамтамасыз етуі персоналдың қызмет көрсету сапасына толық әсер етеді [7].

Әрине, бұл жобаны іске асыру «Ариал» мейрамханасына қомақты қаржы үлесін бөлуді талап етеді, бірақ дегенмен бұл жоба өзінің оң нәтижесін міндетті түрде береді. Себебі қазіргі таңда адамдар мейрамханаларда тапсырыс жасағанда, дәмді тағам мен жағымды атмосферамен қатар көбіне жақсы қызмет көрсетуді қалайды. Күнделікті дамып келе жатқан бәсекеге байланысты нашар қызмет көрсету өткен шақта қалады. Қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейі мейрамханаға тұтынушылардың қайта оралу деңгейін жоғары етеді.

Мейрамхана сәттілігі үшін кадрларды дұрыс іріктеу маңызды роль атқарады. Менеджердің қаншалықты кадрларды дұрыс іріктеуіне байланысты кәсіпорынның ары қарайғы жұмысы айқындалады. Менеджер жоғары нәтижелерге жету үшін берік еңбек ұжымына үміткерлердің қандай түрі қажет екенін өте жақсы білуі керек. Кейінгі уақытта тұтынушылар талабының өсуіне қарай мейрамханалар тағам мен қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға тырысып жүр. Сәйкесінше жоғары білікті кадрларға деген қажеттілік те жоғарылауда.


 







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 1000. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия