Студопедия — Бүйректің функционалдық қызметін зерттеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бүйректің функционалдық қызметін зерттеу






Зимницкий сынамасы

Зимницкий сынамасы бүйректің концентрациялық қызметін бейнелеп, былай жүргізіледі. Науқас әдеттегідей тағам қабылдап, ішкен сұйықтық мөлшерін жазып және барлық тәуліктік зәрді (әр 3 сағат сайын бір порция) «1-8» санымен таңбаланған 8 ыдысқа (мысалы, 06:00 келесі күнгі 06:00 дейін) жинайды. Зерттеуді бастар алдында қуық бос болуы қажет (таңғы 06:00-де науқас дәретке отыруы керек). Алғашқы үш сағат бойы зәрді №1 ыдысқа жинайды (бірінші порция), бұл кезде дәретке отыру саны шектелмеген. Ал №2 ыдысқа зәрді жинар алдында қуығы бос болады(соңғы рет дәретке 09:00-де отырады). Қалған ыдыстың барлығы қатаң тәртіпте осындай рет бойынша толтырылады. Әр порцияның көлемі және зәрдің салыстырмалы тығыздығы, сосын тәуліктік, күндізгі (алғашқы төрт порцияның көлемдік жиынтығы) және түнгі диурез (соңғы төрт порцияның көлемдік жиынтығы) өлшенеді. Тәуліктік диурез көлемі ішкен тәуліктік сұйықтық мөлшерімен салыстырылады, күндізгі және түнгі диурез мөлшерін, салыстырмалы тығыздықтың тәуліктік тербеліс диапазонын және оның ең көп мөлшерін салыстырады.

Қалыпты бүйрек қызметінің көрсеткіштері:

- тәуліктік диурез 1,5-2 литрдей;

- зәрмен бірге 65-75% ішкен сұйықтық мөлшері бөлінеді;

- күндізгі және түнгі диурез 2:1 қатынасында;

- зәрдің салыстырмалы тығыздығыбір порцияда 1020 жоғары болмауы керек;

- зәр мөлшерінің тәуліктік өзгеруі (мысалы, 40-300 мл) және оның салыстырмалы тығыздығы (мысалы, 1008-1022) бүйректің адекватты қабілетінің көрсеткіші.

Бүйрек қызметінің бұзылу көрсеткіштері:

- олигуриянемесе полиурия;

- зәрмен бірге 65%-тен аз ішкен сұйықтық мөлшері бөлінеді;

- түнгі диурездің күндізгіден асып түсуі (никтурия);

- барлық порцияда салыстырмалы тығыздықтың (1015 төмен) азаюы (гипостенурия);

- тәуліктік зәр көлемінің және оның салыстырмалы тығыздығының сәл ғана тербелісі (изостенурия).

Зимницкий сынамасының нәтижесі науқастың сол күнгі ұқыптылығына және тамақтану ережесіне байланысты, бұл әдіс оңай және мәліметті. Егер науқас сұйықтықты бірдей аралықта ішсе, тәуліктік зәр мөлшері мен салыстырмалы тығыздықта өзгеріс білінбейді (қалыпты бүйрек қызметінде). Зимницкий сынамасы нәтижесіне бүйректен тыс факторлар әсер етеді; шумақтық фильтрацияға және түтікшелік реабсорбцияға әсер ететін дәрмектер қабылдаудан (зәр айдағыш, антигипертензивті және қан тамырын кеңейтетін заттар) және де декомпенсирленген қант диабетімен ауыратын науқастарға оны жүргізудің маңызы жоқ.

 

 

Реберг сынамасы

Бұл сынама креатинин клиренсіне негізделген, бүйректің шумақтары арқылы сүзгіленіп, өзекшелері арқылы бөлінбейді немесе реабсорбцияланбайды. Бүйректің креатиніндік клиренсі - белгілі бір заттан тазарған қан плазмасының мөлшері (мл). Осы мөлшер арқылы бүйректің мынадай қызметін бағалауға болады: шумақтық фильтрация, өзекшелерінде реабсорбция және т.б.

Шумақтық фильтрацияКаротид биі

. Креатинин концентрациясы плазмада және шумақтық сүзгіде бірдей. Шумақтар арқылы уақыт бірлігіндегі сүзгіленген креатинин мөлшері (дебит) плазмадағы осы заттың концентрациясының шумақтық сүзгі көлеміне көбейтіндісіне немесе зәрдегі креатинин концентрациясының уақыт бірлігіндегі зәр көлеміне көбейтіндісіне тең:

 

FxP=UxV.

 

Осыдан шумақтық сүзінді көлемі (F) мына формуламен есептеледі:

 

F=(U—V):Р,

 

мұндағы F - шумақтық сүзінді көлемі; U - зәрдегі креатинин концентрациясы (мг/дл); V - диурез; Р - плазмадағы креатинин концентрациясы (мг/мл).

Зерттеуде нақты санды анықтау үшін тәуліктік сүзгілеу көлемі оны 1 минутқа шағумен анықталады. Қалыпты қуық толуындағы тәуліктік зәрді жинап, көлемін және ондағы креатинин концентрациясын анықтайды. Әдетте қандағы креатинин концентрациясы тәулігіне онша өзгермейді, сондықтан, креатининды анықтау үшін биохимиялық анализге қанды бір рет - клиренс кезеңінің ортасында алады.

Қалыпты жағдайда шумақтық сүзгілеу F ерлерде 1,73 м2 дене аумағында 97-137 мл/мин және әйелдерде 1,73м2 - 88-128 мл/мин тең. Шумақтық сүзіндінің төмендеуі жиі бүйректің органикалық зақымдалуының; негізгі себебі болады. Осы көрсеткіш 50-30 мл/мин төмендесе, азотемия пайда болады. Осындай көрсеткіштің төмен болуы бүйректен тыс артериялық гипотонияда, көп қан жоғалту және дегидратация салдарынан гиповолемия дамығанда анықталады.

Түтікшелік реабсорбцияны (R) мына формуламен есептейді:

 

R=(F —V)х 100:F.

 

Қалыпты жағдайда біріншілік зәрдің кері сіңірілуі 98,5-99,0% құрайды. Түтікшелік реабсорбцияның 80-60% төмендеуі айқын бүйрек жетіспеушілігінде байқалады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 7207. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия