Студопедия — Порталды гипертензия
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Порталды гипертензия






Порталды гипертензия деп қақпа венасы жүйесіндегі қан ағудың қиындауына байланысты қан қысымының 140-160 с.б.б көтерілуін айтамыз. Сонымен қатар, порталды гипертензия асцит, спленомегалия, өңеш, асқазан және тік ішектің веналарының варикозды ұлғаюымен жүреді. Порталды гипертензияның пайда болу себебі бауырдағы ангиоархитектоникалық қайта құрылу, төменгі қуыс вена аурулары және панкреатобилиарлы аймақтың мүшелерінің аурулары (цирроз немесе тамырларының дамуындағы ауытқулар)да себеп болады.

Қақпа венасы іш қуысының жұпсыз мүшелерінен қан жинайды және қуыс веналар жүйесіне портокавальді анастомоздардың үш тобымен: гастроэзофагеальді (жоғарғы толық көктамырмен), геморроидальді (төменгі толық көктамырмен), кіндік айналысы (екі қуыс көктамырмен) арқылы қосылады. Қақпа венасындағы қысым келесі үш негізгі фактор бойынша: порталды қан ағымның үлкендігімен, қақпа венасы жүйесіндегі тамырлық тонуспен және жалпы бауыр ішілік тамырлық қарсы тұрумен анықталады.

Порталды қан ағымның қиындауына бауырда функционалды белсенді гепатоциттердің және Купфер жасушаларының санының төмендеуіне байланысты метаболикалық процестердің төмендеуі болып табылады (бауыр жетіспеушілігі). Сонымен қатар, көкбауырдың ретикулоэндотелиалды жүйесінің белсенділігі жоғарылайды, ол лейкоциттер мен тормбоциттердің көп мөлшерде бұзылуына әкеледі (гиперспленизм). Ары қарай порталды гипертензия лимфаның пайда болуының жоғарлауымен, лимфа тамырларындағы гипертензиямен сипатталады, ал олар іш қуысындағы құрылымдық және функционалды бұзылыстарға әкеліп соқтырады. Қақпа венасы жүйесіндегі қысымның жоғарлауына бауырлық артерия мен қақпа венасының фиброзды қабырғасындағы артриовенозды анастамоздар себеп болады, олар порталды жүйеге қосымша қанның ағып келуіне себепші болады.

Қақпа венасындағы гидростатикалық қысымның көтерілуі қанның сұйық бөлігінің транссудациясына, іш қуысына бөлінуіне әкеледі, сол себептен асцит дамиды. Соңғысының патогенезінде альдостеронның көп бөлінуіне ренин-ангиотензин-альдестерон жүйесінің белсенділігі мен гипоальбуминемия себеп болады.

Порталды гипертензияға алып келетін маңызды жағдай, бұл өңеш пен асқазанның жоғарғы үштен бір бөлігі венасының варикозды кеңеюі, ал олардың үзіліп кетуі фатальды қан кетуге алып келеді. Іш қуысының жоғарғы қысымы ((асцит, іштің қатуы, ауыр физикалық жұмыс) олардың жыртылып кетуіне себеп болады, ал оған қосымша себеп болатын жағдайлар - рефлюксті эзофагит, қатты тамақпен зақымдалу және бауыр жетіспеушілігі мен спленомегалия салдарынан гемостаздың бұзылуы.

Порталды гипертензияның жіктелуі:

Қақпа венасы жүйесіндегі блоктың мөлшеріне байланысты синдром келесі клиникалық түрлерге бөлінеді:

- бауыр астылық (тромбоз, қақпа венасының аномалиясы мен басылып қалуы, көкбауыр венасының басылып қалуы);

- бауырлық (бауыр циррозы, ісігі, өсіндісі және зақымданулары);

- бауыр үстілік (бауыр веналарының зақымдалуларына байланысты бауырдан вена қанының төменгі қуыс венаға ағып келуінің бұзылуы, Бадд-Киари синдромы);

- аралас (бауыр циррозы, қақпа венасының тромбозымен асқынуымен).

Қақпа венасы жүйесіндегі қысымның көтерілуіне байланысты порталды гипертензияның үш түрі бар:

- I - қысым 250–400 мм с.б.;

- II - қысым 400–600 мм с.б.;

- III - қысым 600 мм с.б. жоғары.

Порталды ггипертензияның басты клиникалық белгілері болып өңеш пен асқазанның кардиалды бөлігінің веналарының варикозды кеңеюі саналады, ондайда өңеш пен асқазаннан қан кету қаупі, спленомегалия, асцит, көп жағдайда тез бактериялық перитонитпен асқыну қаупі бар. Диагнозды аспаптық әдістер арқылы қояды. Іш қуысының УДЗ асцитті, спленомегалияны ерте анықтауға, қақпа венасы (қалыпты жағдайда 13 мм көп емес) мен көкбауыр веналарының диаметрін (қалыпты жағдайда 7 мм көп емес) өлшеуге мүмкіндік береді.

Допплерография әдісі қақпа венасы жүйесіндегі көлемді қан ағып келуін бағалау мақсатында, сонымен қатар, төменгі қуыс венаға қосылатын бауыр веналарындағы қан ағу көлемін анықтау мақсатында қолданылады. Дені сау адамдарда қан қақпа венасынан бауырға 0,15-0,20 м/с жылдамдықта бағытталады. Ал порталды гипертензия кезінде бұл көрсеткіш 0,09-0,12 м/с дейін төмендейді. Порталды гипертензияның патогмоникалық белгісі болып портоковальді анастомоздардың табылуы саналады.

Өңеш пен асқазанды рентгенді-контрасты зерттеу әдісі, сонымен қатар, эзофагогастродуоденоскопиясы өңеш веналарының варикозды кеңеюін анықтауда қолданылады.

Спленопортография бауыр астылық блоктың диагностикасы үшін қолданылатын әдіс, ал төменгі каваграфия Бад-Киари синдромын анықтау мақсатында қолданылады (бауыр үстілік блок).

Порталды гипертензия синдромының нәтижесі жақсы көрсеткіштер бермейді. Мұндай науқастардың орташа өмір ұзақтығы Чайлд-Пью критериі бойынша (6-6 кесте) болжамданады және осы кесте бойынша А тобы үшін орташа өмір ұзақтығы 5 жылға дейін, В тобы үшін 3 жылға дейін, С тобы үшін 1 жылға дейін.

6-6 кесте. Чайлд-Пью болжамдық критериі

Клиникалық белгісі Топтары
А В С
Гипербилирубинемия, мг% 2 кем 2–3 3 көп
Гипоальбуминемия, г% 3,5 көп 3,0–3,5 3,0 кем
Асцит жоқ жеңіл бақыланады қиын бақылана ды
Протромбиндік индекс, % 80–100 79–60 60 кем
Энцефалопатия жоқ минимальді кома






Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 6733. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия