Студопедия — Тақырып. Экономикалық циклдар. Инфляция мен жұмыссызыдық.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Экономикалық циклдар. Инфляция мен жұмыссызыдық.






1.Дамудың циклділігі, экономикалық циклдің фазалары

2. Инфляцияның себептері, көрсеткіштері және түрлері.

3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, нысандары.

 

1) Барлық елдердің экономикалық дамуы циклділікпен сипатталады, циклділік – прогрессивті даму нысаны.

Циклділік- экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы.

Экономикалық циклдер ұлттық экономиканың барлық салаларын қамтиды да, келесі белгілер бойынша жіктеледі:

ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

әсер ету саласына қарай: өнеркәсіптік, аграрлы.

қамтуына қарай: құрылымдық, салалық.

көріну ерекшелігіне қарай: мұнайлы, азық-түліктік, энергетикалық, шикізаттық, валюталық.

аумағына қарай: ұлттық, ұлтаралық.

Экономикалық цикл -белгілі бір уақытта іскерлік белсенділіктің артуы мен төмендеуімен сипатталады, ал ол сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен болады.

Экономикалық цикл- ЖІӨ ретіндегі іскерлік белсенділіктің ауытқуы.

Циклдің көрінісі- экономикалық белсенділіктің әр түрлі көрсеткіштерінің ауытқуларын көрсетеді: ЖҰӨ өсу қарқынын, жалпы сату көлемін, жалпы баға деңгейін, жұмыссыздық деңгейін.

К.Маркс өнеркәсіптік циклді қарастырады.

Өнеркәсіптік цикл- барлық фазалардан тұратын бір шыңнан екінші шыңға дейіңгі кезең. Циклда бірінен соң бірі қайталанып тұратын төрт фаза бар: дағдарыс (кризис), депрессия, жандану және өрлеу.

1 фаза- дағдарысқа келесілер тән:

ü қорлар жойылып, өнеркәсіптік инвестициялар азаяды:

ü еңбекке сұраныс азаяды:

ü тауарлар бағасы төмендейді:

ü пайда азаяды, несиеге сұраныс азайып процент ставкасы төмендейді.

Ең төмеңгі дағдарыс деңгейі- депрессия.

Депресия- жоғары деңгейдегі жұмыссыздыққа әкелетін ұлттық өндіріс көлемінің төмендеуі, ол бірнеше жылға созылады.

2 фаза -депрессияға келесілер тән:

ü өндіріс көлемі азаймайды, өспейді де;

ü тауар артықшылығы азаяды, бірақ сауда жүрмейді;

ü процент ставкасы минимумда.

Біртіндеп жандану бастала бастайды.

3 фаза-жандануға келесілер тән:

ü нарықтың жаңа жағдайларына бейімділген кәсіпорындар тауар өндірісін арттыра бастайды;

ü жұмыссыздық қысқара бастайды;

ü инвестициялық процестер жанданады;

ü баға және процент ставкасы артады.

4 фаза-өрлеу келесілер тән:

ü ЖҰӨ өсуінің жоғары қарқыны;

ü жұмысыздық толығымен жойылады:

ü баға және процент өсуде.

 

2) Тұрғындардың жұмысбастылығы-макроэкономиканың басты сипаты.

Жұмысы бар- жұмыс басты болып жұмыспен толығымен қамтылған немесе толығымен қамтылмаған адамдар.

Жұмыссыз - статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ оны іздеп, жұмысқа кірісуге дайын болған адамдар.

Жұмыссызбен жұмысбастылар жиынтығы жұмыс күшін құрайды.

Жұмыссыздық дәрежесі - жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына қатынасы ретінде анықталады.

Жұмыссыздықтың негізгі типтері:

Фрикционды жұмыссыздық; жұмысты іздеумен оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қысқа мерзімді және ерікті түрі, осы категориядағы жұмыссыздардың еңбек нарығында сатуға келетін жұмыс дағдысы бар.

Құрылымдық жұмыссыздық; - жұмыс күшінің құрылымының жұмыс орындарының құрылымына сәйкес келмеуінен туындайды.

Жұмыссыздықтың бұл түрі еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады.

Циклдік жұмыссыздық;- экономикалық құлдыраумен байланысты пайда болады, жандану кезінде ол болмайды.

Толық жұмысбастылық;- экономикада фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықжағдайындағы жұмысбастылық.

Оукен заңыжұмыссыздық деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады: жұмыссызыдық деңгейінің 1 процентке әр өсімінде(алдыңғы жыл көрсеткішімен салыстырғанда) шынайы ЖІӨ өсу қарқыны 2,5% азаяды.

Жұмысыздық деңгейі= жұмыссыздар саны/ жұмыс күшінің санына *100%

3) Инфляция - орташа баға деңгейінің өсуі салдарынан ақшаның құнсыздануы.

Дефляция - орташа баға деңгейінің төмендеуі.

Инфляция деңгейі (баға өсімінің қарқыны) бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі Дезинфляция - инфляция деңгейін төмендету (бағалардың өсу қарқыны).

Инфляция түрлері:

Ашық және жабық – біріншісі баға өсуімен, екіншісі тауардың жоғалуымен сипатталады.

Қалыпты (ж орғалап жүруші ) - баға жай өзгереді, көбіне жылына 10% дейін.

Шоқырақтаушы – баға өсімі жылына 10 -200% дейін.

Гиперинфляция- баға өсімі жылына 1000% (айына 50 %) болады да, ақша айналымы толығымен бұзылады.

Балансты және баланысталмаған: әр түрлі тауарлар бағасы салыстырмалы түрде өзгеріссіз және керісінше өзгермелі.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1183. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия