Студопедия — Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстартың қалыптасуы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстартың қалыптасуы.






1. Өндіріс факторлерінің нарығы.

2. Пайда және капиталдан процент.

3. Жер нарығы және жер рентасы.

4. Еңбек нарығы және еңбек ақы..

1) Өндіріс факторларының нарығы –жер, капитал, еңбек сияқты ерекше ресурстардың тауарлы айналымының сферасы. Кез- келген тауардың нарығы сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасын, солардың әсерінен қалыптасатын бағаны туындайды.

Өндіріс факторлерінің нарығында сұраныс пен ұсыныс заңдары жүзеге асады.

Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшелігі:

1. соңғы тұтыну тауарларына сұранысқа қарағанда екіншілік сипатта, демек оларға сұраныс тұтыну тауарларын өндіруге қажет болғанда ғана туындайды.

2. өндіріс факторларына сұраныс осы фактор көмегімен өндірілетін тауарға сұраныстың көлеміне байланысты жоғарлайды немесе төмендейді. Мысалы: бидайға сұраныстың артуы оны егетін жерге деген сұранысты арттырады.

3. өндіріс факторлеріне сұранысты кәсіпкер және мемлекет білдіреді.

Нарықта іс жүзіндегі баға деңгейінде ұсынылатын өндіріс факторлері - ө ндіріс факторлерінің ұсынысын туындайды. Өндіріс факторлерінің ұсынысын оса факторлерге сұраныс тудырады. Бірақ оның ерекшеліктері бар:

1. экономикалық ресурстардың щектеулігі, мысалы жер ұсынысы.

2. өндіріс факторлерінің ұсыныс нарығы ресурстар шектілігі заңының арқасында қызмет етеді. Егер олар шексіз болса, олар су сияқты ақысыз болар еді, тұиынушылар қажеттілігі толығымен қанағаттандырылған болар еді.

 

2) В. Даля пайданы –бастапқыда жұмсалған капитал өсімі, артуы және оған қосылым деп сипаттайды. Бұл өсім тауарды жай ғана өндіргенде ғана емес, оны сатқанда пайда болады, демек пайда сәтті коммерциялық қызметпен байланысты. Экономикалық теорияның әр түрлі мектептері пайданы әр түрлі сипаттайды, олардың барлығын түйіндесек, пайда:

1. өндіріс факторлерінен түсетін табыс: рента, процент және еңбек ақы.

2. кәсіпкерлік қызметті жүргізгені және техникалық жаңашылдықтарды еңгізгені үшін сый-ақы.

3. тәуекл мен анықсыздық үшін төленетін ақы.

Ссудалық процент - ссудалық капитал иесінің табысы. Ссудалық каиталды пайдаланғаны үшін төлем ақы процент нормасы арқылы сипатталады.

Процент нормасы – ссудалық капиталдан алынатын жылдық табыстың ссудалық капиталдың жалпы сомасына қатынасы.

Процент ставкасы – жылдық процентпен берілген ссудалық капитал табысы, ол қаржылық ресуртарға сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасымен анықталады.

Проценттің орташа ставкасы –ұзақ уақыт кезеңінде анықталады, проценттің нарықтық ставкасы - күнде есептелінеді, оған келесі жағайлар әсер етеді:

· капитал көлемі;

· капитал өнімділігі;

· капитал сұранысы мен ұсынысының өзара қатынасы.

Проценттің номиналды ставкасы – курс бойынша ақшалай бірлікте беріледі (тенге, доллар,

рубль);

Проценттің шынайы ставкасы – инфляцияны ескергендегі процент ставкасы.

Процент ставкасының көлеміне келесі факторлер әсер етеді:

1. тәуекел;

2. несиені қайтару мерзімі;

3. ссуда көлемі.

 

3) Жер және оның қойнауы әкелетін табыс – рента. Басқа өндіріс факторлерінен жердің өзгешелігі:

оның ұсынысының шектеулігінде,сондықтан оның ұсынысы икемсіз, демек оның бағасы қанша артқанмен ұсыныс көлемі өзгермейді.

Рента дифференциалды және абсолютті болады.

Дифференциалды рента- сапалы және орташа жер учаскелерінде қалыптасады, сапасыз жерлерде ол болмайды.

Абсолютті рента- жердің барлық учаскелерінде болады, ол ауыл шаруашылығының өнімдерінің құны мен оны өндіру құны арасындағы айырмашылықтан пайда болады.

Егер меншік иесі жерді жалға берсе, ол жал төлемін алады, оған жер рентасы және жердегі құрылыстарды пайдаланғаны үшін төлем кіреді.

Нарықтық экономикада жер сату объектісі болғандықтан, оның бағасы бар. Жер бағасының көлемі екі көрсеткішке байланысты:

1. жер иесі болып, алынатын жер рентасының көлемінен;

2. ссудалық процент ставкасынан.

Жер бағасы = рента көлемі * 100%

ссудалық капитал көлемі

 

4) Еңбек ретіндегі өндіріс факторы еңбек ақы түрінде табыс әкеледі. Еңбек ақы тұтынушылар табысының басым бөлігін туындайды, демек тұтынушылық тауарлар мен қызметтерге сұранысқа үлкен әсер тигізеді.

Еңбек ақы - жұмыс күшінің бағасы мен құнының нысаны. Еңбек ақы деңгейін еңбек ұсынысы мен оған сұраныс анықтайды. Екеуі тең болған жағдайда тепе-тең еңбек ақы көлемі қалыптасады. Еңбекке сұраныс еңбек ақы деңгейін жоғарлатады және керісінше. Егер еңбекті пайдаланғаннан алынатын шекті өнім көлемі жоғары болса, еңбекке сұраныс артады және керісінше.

Еңбек ұсынысына келесі жағдайлар әсер етеді:

1. елдегі жұмысқа қабілетті тұрғындар саны;

2. жұмыс күнінің ұзақтығы;

3. тұрғындардың мамандылығының және біліктілігінің деңгейі.

Еңбек ақы нақты және номиналды түрде болады.

Номиналды еңбек ақы – жұмыскердің еңбегі үшін алатын ақша сомасы.

Нақты еңбек ақы - алынған ақшаға келетін тауарлар мен қызметтер көлемі. Ол номиналды еңбек ақыға тура байланысты, ал тауарлар мен қызметтер бағасына кері байланысты.

Еңбек ақы екі нысанда болады.

1. уақытылы - еңбек ұзақтығына байланысты анықталатын еңбек ақы.

2. д аналы немесе келісімді к – өндірілген өнім көлеміне тәуелді болатын еңбек ақы.

Еңбек ақы деңгейіне нарықтағы жағдайдан бөлек келесі факторлер әсер етеді: ұлттық ресурстар жағдайы және экономика жағдайы.

Нарықтық экономикада еңбек ақы деңгейіне профодақтар – профсоюз үлкен әсерін тигізеді, олар:

1. еңбек ұсынысын шектейді;

2. кәсіпкерлерге еңбек ақыны өсіруге қымыс жасайды;

3. еңбекке сұранысты ынталандыратын өндіріс түрлерін дамытуға ықпалын тигізеді;

4. өндіріс монополизациясымен күреседі.

Еңбек нарығында шынайы еңбек ақы көлемі тепе- еңбек ақы көлемінен артық болса, ұсыныс сұраныстан артық болады, жұмыссыздық; орны алады. Керісінше, төмен болса, сұраныс ұсыныстан артық болады, себебі жұмысшылар төмен еңбек ақы үшін жұмыстан бас тартқаннан жұмыс орындары бос қалады.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2075. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия