Студопедия — Сақтардың қалалары мен ескерткіштері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сақтардың қалалары мен ескерткіштері






Қызылорда облысы жеріндегі б.з.б. 4ғ. – б.з. 13ғ. жататын ежелгі сақ қалашығы Шірік-Рабад. Қызылордадан 300км. жерден табылған сақ қаласы Шірік-Рабад (Қызылқұм шөлінде). Шірік-Рабад қаласының орталығында орналасқан күзет мұнарасы цитадель деп аталады. Шірік-Рабад қаласының орнынан сақ жауынгерлерінің темір қару-жарағы мен сауыт-саймандары табылған.

Сақтардың Бәбіш-молда деген қаласынан қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылды.

Сақ дәуірінің ең негізгі көп кездесетін ескерткіштері обалар. Сақ обасындағы сағанаға жер астымен келетін арнайы жол дромос деп аталса, сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған табыты саркофаг деп аталады.

Солтүстік Қазақстан жеріндегі ең алғашқы сақ заманына жататын зерттелген обалар Бірлік пен Алыпқаш.

1969 ж. Алматы облысы Есік қаласы маңына археолог Кемал Ақышев тиграхаудалық «алтын адамды» тапты. Оның обасынан 4000 қола теңге және 26 таңбадан тұратын күміс табақша табылды (андронов мәдениетіндегі ыдыстарға қарағанда сақ керамикасының ерекшелігі шар тәріздес домалақ келеді). Антропологтардың анықтауынша, Алматының шығысынан табылған белгілі Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы 17-18 жасар сақ ханзадасы (Нулы).

Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғар тауының етегінде орналасқан сақ қорымы Бесшатыр. Обаның жасалған мерзімі б.з.б. V-IV ғ.ғ. Бесшатыр қорымынан оба табылды. Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар «патша қорғандары» деп атайды. Өйткені бұл обаларда патша сияқты ең беделді, ең даңқты адамдар жерленген. Бесшатырда үлкен оба бар, олар: бірінші, үшінші және алтыншы.

Сақ дәуіріне жататын Шілікті қорғанынан (Шығыс қазақстан) тамаша олжалар табылды. Қазақстан аумағындағы ең көне патша жерлеу орындары да (б.з.б. VIIІ ғ. жататын) осы Шілікті қорғанынан табылған болатынн. Шілікті «Алтын қорғаны» б.з.б. 7-6 ғ.ғ. салынған.

 

 

Сарматтар (Савроматтар)

(Б.з.б. VIII ғ. – б.з. V ғ.)

Б.з.б. 8ғ. – б.з.б. 3 ғ. дейін сарматтар «савромат» деп аталып келді. Ал «сармат» деген атау көне деректерде б.з.б. 3ғ. бастап кездесе бастаған. Елімізде сармат тайпаларының қоныстанған аймағы Батыс Қазақстан. Батыс Қазақстаннан табылған ескерткіштердің барлығы сарматтардікі.

Сарматтардың тайпалық одағына роксаландар, аландар, сирақтар енген. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы Гиркани деп аталған. Өйткені, сармат дәуірінде Каспий теңізі Гиркан теңізі деп аталған.

Грек деректеріндегі көшпелілердің тағы бір атауы дайлар (дахтар). Олар Арал мен Каспий аралығын мекендеген сармат тайпасы. Б.з.б. 248-247 ж.ж. дайлардың апарн деген руынан шыққан Аршақ (Арсақ) Гиркания аймақтарын өзіне қаратып, одан әрі Парфия мемлекетінің негізін қалап, онда өзінің атымен аталған Аршакидтер әулетін құрды. Зерттеушілердің пікірінше дай-массагеттерде болған рәсім түрі отқа табыну болған. Дайлар бүгінгі адайлардың арғы ата-бабасы болуы мүмкін деген де болжам бар.

Сарматтар б.з.б. 2ғ. қазіргі Батыс Қазақстанның біраз аумағын жаулап алып, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жеткен. Сарматтардың жорықтары Алдыңғы Азия мен батысқа бағытталды.

Савроматтар жөнінде дерек қалдырған тарихшылар Полибий, Үлкен Плиний, Диадор. Рим тарихшысы Диадорды айтуынша сарматтар Қара теңіз жағалауындағы кимирей тайпасының жеріне басып кіріп, қырғынға ұшыратқан.

Сарматтар Понт патшасы І Митридатпен одақтасып, Римге қарсы соғысқан.

Сарматтардың саны б.з.б. ІІІ-ІІ ғ.ғ. 20 мың; б.з.б. ІІ-Іғ.ғ. 10 мың; ал б.з.б. І- б.з. І ғ. 5-7 мың адам болған, олардың санының күрт кеміп кетуіне қатты қуаңшылық себеп болған.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 16352. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия