Студопедия — Сақтар туралы деректер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сақтар туралы деректер






Сақтар туралы мәлімет беретін жазба мәтіндер грек, парсы авторларының шығармаларында сақталған. Қазақстан жеріндегі сақ тайпалары туралы жазған халық – парсылар. Парсы жазбаларында «сақ» сөзінің мағынасы «құдіретті еркектер» делінсе, иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» деген мағына білдірген. Сақтар туралы парсы билеушілері Дарий мен Ксеркстің;жарлықарында баяндалған. Парсылардың «Авеста» және «Бехустин» атты тарихи жазбаларында да сақтар туралы мол дерек кездестіруге болады.

Ежелгі грек халқы сақтар туралы «дұшпанға қатал, досқа адал» және сақтар «әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деген ойлар қалдырған. Грек тарихшылары сақтар туралы: «олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған» деп жазады. Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған.

Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы Геродот (б.з.б. 484-425 ж.ж.ж). Ол сақтарды «массагет» деп атаған. Геродот сақтардың қыс кезінде ағаш үйлерде тұрғанын және «сақтардың киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді» деп жазған. Геродот сақ жерінде парсы патшасы Кирдің өлтірілгендігін де жазып қалдырған.

Парсы сарайында тұрған грек тарихшысы Ксенофонт: «Парсы патшасы әр елден келген салт аттылардың жарысын ұйымдастырады. Жарыс жолының ұзындығы бес шақырымнан астам болып белгіленді, және осы жарыста сақ жігіті жеңіске жеткен» деп сақтардың тәрбиелігін сипаттаған.

Грек авторы Страбон сақтар туралы: «Құдай деп олар Күнді есептейді, оған арнап жылқыны құрбандыққа шалады» деген. Сақтар «садақ пен қылыш және қола балталармен қаруланып, сауыт киген» дей келе Страбон: «Сақтар ақкөңіл, уәдеге берік халық» деп жазған. Ол сақтардың Шірік-Рабад, Бәбіш-молда, Баланды қалалары туралы жазып қалдырған саяхатшы.

Ктесий: «сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнсе, ерлеріне көмектеседі» деп баяндаған.

І Дарий мен сақ патшасы Схунханың арасындағы соғысты грек авторы Полиэн баяндап, Шырақ есімді сақ малшысының ерлігін ерекше жырлаған.

Томирис пен Кирдің шайқасы туралы жазған Рим тарихшысы Помпей Трог Томирис туралы: «әйел болса да, өз жауынан қорыққан жоқ» деп жазады.

Рим тарихшысы Квинт Курций Руф сақтардың көктен түскен сиқырлы сиы бар екенін айта келіп, «сақтарда соқа мен қамытегіншілерге, найза мен садақ-жауынгерлерге, жалпақ тостаған-абыздарға арналған» деп жазған.

Сақтардың А.Македонскийге қарсы күресі туралы тарихшы Арриан жаза отырып, А. Македонскийдің Сырдариядан өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағанын баяндаған. Арриан көшпелілердің әскери қару-жарақтарының ерекшелігі туралы жазып қалдырған грек-македон тарихшысы.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 18651. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия