Студопедия — Мазмұны. № 1 дәріс. Тригонометриялық нивелирлеу әдістері және мәні
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мазмұны. № 1 дәріс. Тригонометриялық нивелирлеу әдістері және мәні






  Дәріс сабақтар
  Зертханалық сабақтар
  Тәжірибелік сабақтар
  Курстық жұмыс
  Студенттің өздік жұмысы

 

 

1 ДӘРІС САБАҚТАР

№ 1 дәріс. Тригонометриялық нивелирлеу әдістері және мәні.

Дәрістің мазмұны:

Тригонометриялық нивелирлеудің өсімшелерін анықтау. Қолданылатын аспаптар. Тригонометриялық нивелирлеу тәсілі. Нивелирлік белгілер. Желілі құрылыстарды трассалау.

ІІІ және ІV класты нивелирлеу жүргізу. Нивелирлік торлар мен жүрістерге қойылатын талаптар. Нивелирлеу дәлдігі. Нивелирлеудің әдістері және қолданылатын аспаптар. Электронды нивелирлер.

Тригонометриялық нивелирлеу әдісін рельефі тым өзгермелі жерлерде, көбіне таулы жерлерде нивелирлеу жұмысын жүргізгенде қолдану ыңғайлы. Бұл әдіспен нивелирлеуде жер бетіндегі нүктелердің өзара биіктіктерін анықтау үшін теодолит аспабы немесе тахеометр аспабы қолданылады.

Тригонометриялық нивелирлеу әдісінің мәні мынадай: жердің бетінде А және В нүктелері берілсін, осы нүктелердің арасындағы өзара биіктікті анықтау керек (һ=ВС). Ол үшін А нүктесіне теодолитті қойып, оны жұмыс қалпына келтіреді. Содан кейін аспап биіктігін і рулеткамен өлшейді. Ал В нүктесіне биіктігі белгілі v=ВМ қаданы немесе рейканы орналастырады.

 

 

Теодолиттің көру дүрбісін М нүктесіне көздеп, вертикаль бұрышты өлшейді. А және В нүктелерінің арасындағы горизонталь қашықтық d=AC=ON. Онда суретте көрсетілгенге байланысты MN биіктігін есептеп табуға болады. MN=h/=d*tgv. Енді суретте көрсетілген МС сызығының екі жағында l+h, яғни айтқанда i+d*tgv=l+h, бұдан толық өзара биіктікті анықтауға болады.

h =d*tgv+i-l

мұнда, d -горизонталь арақашықтық; v -көлбеу бұрыш; і -аспаптың биіктігі; l- көздеу биіктігі, d*tgv көбейтіндісін электрондық калькулятормен немесе арнаулы өзара биіктік таблицасы арқылы есептейді.

Өлшеу кезінде есептеу жұмыстарының көлемін азайту үшін рельефі бірыңғай өзгермелі тең шамаға (i=l) көздейді, онда келесі түрде болады:

h=d*tgv

Өзара биіктікті көлбеу ұзындықтар D (d=D*cos2v) арқылы анықтағанда, формуламыз келесі түрге енеді:

h=1/2D*sin2v

Егерде d>300 м болса, онда өзара биіктікті Жердің қисықтығы және рефракция құбылысы ескерілетін түзетпе беру арқылы анықтайды.

h=d*tgv+i-l+f

мұнда, f=0.42*d/R, R-Жердің радиусы.

Тригонометриялық нивелирлеу теодолиттер Т30, 2Т30, Т15, Т15К, Т5, Т5К, ТО5 (МЕСТ 10529-79) мен тахеометрлер ТЭ, ТД, ТН, ТВ (МЕСТ 10812-74) және шет елдік тахеометрлер Дальта 010, Дальта 020 және т.б. арқылы орындалады.

Топографиялық пландар мен карталарды, сондай-ақ инженерлік жобалауда және құрылыс остерін жобадан жерге шығарғанда жер бетіндегі нүктелердің биіктігін білу қажет.

Геометриялық нивелирлеу- өзара биіктік горизонталь көздеу сәулесі арқылы анықталады және нивелир аспабының көмегімен орындалады.

Геометриялық нивелирлеуде бір нүктенің екінші нүктеге байланысты өзара биіктігін горизонталь көздеу сәулесімен және сол нүктелерде вертикаль орналасқан рейкалардың көмегімен анықтайды.

Анықталған биіктіктер мен берілген бастапқы нүктенің биіктігі арқылы қалған нүктелердің биіктігі анықталады. Геометриялық нивелирлеудің екі әдісі бар: ортаға қою және алға қарай нивелирлеу.

Қазіргі таңда өлшемдерді алуда ыңғайлы электронды нивелирлер жиі қолданылуда. Өлшем жасау үшін, арнай рейкаға аспапты бағыттап, клавиша басса болғаны, нивелир нүктелердің арасындағы өзара биіктікті есептеп, қашықтықты өлшейді. Өлшеу нәтижесі экранда көрсетіліп, аспаптың жадысында сақталады. Бұндай электронды нивелирлерлер арнайы программалармен жабдықталған. Мысалы, өзара биіктіктерді, белгілерді және горизонталь қашықтықты болмысқа шығару; алдыңғы нүктелердің шамасын және өзара биіктіктерін есептеу; объектінің биіктігін анықтау; нивелирлеу жұмыстары.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Тригонометриялық нивелирлеудің мәні?

Түсіріс кезіндегі теодолиттік-биіктік жүрістің ерекшеліктері?

Электронды нивелирлердің жұмыс атқару принциптері?

 

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т.П., Атымтаев Б.Б. Инженерлік геодезия - Алматы, 2003 ж.

2. Михелев Д.Ш., Инженерная геодезия, учебник, М.:2008







Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 2742. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия