Студопедия — Жүректің созылмалы аневризмасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жүректің созылмалы аневризмасы






Жүректің созылмалы аневризмасы миокардтың кең трансмуральдық инфаркттардан соң туындайды. Ол сол жақтағы қарыншасының жұқарған қабырғасының ісінуімен сипатталады, ол кеуде клеткасының алдыңғы клеткасында патологиялық прекордиалды лүпілдеудің пайда болуымен айқындалады. Қарынша қабырғасының ісінуі оның әр бір қысқаруы кезіңде күшейеді және миокарданың жаныңдағы учаскедердің кеңеюіне әкеліп соқтырады. Бұл миокардтың айналасындағы учаскелерінде трансмуральды зақымдану аумақтарының туындауына шалдықтырады.

ЭКГ-де жүректің созылмалы аневризмасы үшін миокардтың кең трансмуральдық инфарктының көрінісі тән, сондықтан электркардиографиялық бөлмелерінің көбісінде QS үлгілі ЭКГ байқалады. Жүректің созылмалы аневризмасы үшін «қатып қалған» ЭКГ тән, ол стадиялар бойынша динамикалық өзгеріске ұшырамайды, керісінше көптеген жылдар бойы тұрақты болып қалады (153,155 суреттер). Осы «қатып қалған» ЭКГ-де миокард инфарктысының 1 және 2 сатыларында байқалатын ЭКГ-нің сипаттары бар. Осындай ЭКГ-лерде ST сегментінің изосызықтан жоғары көтерілуі көрінеді. ST сегментінің көтерілуі инфаркттың 1 стадиясына тән монофазалы қисықтың тұрпатына ие болуы мүмкі, немесе ST сегментінің көтерілуі инфаркттың 2 стадиясы үшін тән болып табылатын Т теріс симметриялы кертешімен үйлесуі мүмкін. ST сегментінің көтерілуі жүректің созылмалы аневризмаының айналасындағы зақымдану аумағының пайда болуымен ескерілген. ST сегменттің көтерілуінің кейбір жағдайларында, QS терең кертештеріне қатысты қосымша болуы мүмкін. ST сегментінің көтерілуі әдетте сол жақтағы қарыншаның алдыңғы қабырғасының аневризмасы кезіңде айқындалады.

Жүректің созылмалы аневризмасының бар болу күдігі пайда болған жағдайда үлкен көмекті патологиялық лүпілдеу орнында түсірілген ЭКГ көрсетеді. Патологиялық прекордиалды лүпілдеу орнында тіркелген ЭКГ-де әдетте монофазалы қисық тұрпатында немесе Т теріс кертешінің үйлесуімен ST сегментінің көтерілуі бар миокардтың кең инфарктысының көрінісі анықталады.

25 сурет (135) Ескілігі 3 күнге дейін септаль алдындағы аясының миокарда жіті инфаркты ЭКГV1-V3 үлгісі QS, сегмент ST V1-V3 изосызықтан жоғары пішіні монофазалық қисық. Сегмент STII III aVF изосызықтан төмен.

26 сурет. (136) Сол қарыншасының бүйір қабырғасы миокарданың асқынған инфаркты, QI aVL V5,V6 айқын көрінген, STV5, V6, I,,aVL монофазалық қисық түрінде изосызықтан биік көтерілген,, STV1,V2 изосызықтан төмен, RV5,V6,aVL амплитудасы бойынша кішірейтілген; SV1,V2 амплитудасы төмен, TV1V3 амплитудасы біраз ұлғайған. qV1 көрінеді.

Прекардиальды лүпіл кейбір кездері науқастың сол бүйіріне жатқан кезде немесе алдыңғы кеуде клеткасының сол жақ бөлігін зерттеу кезіңде жақсырақ анықталады. Прекордиалды лүпіл аздап күш жүктемесінен кейін ұлғаюы немесе пайда болуы мүмкін. Өте сирек оны анықтау үшін науқастың жазықтық тұрыс кезіңдегі аяқты көтеруін сұрайды. Анда-санда прекордиалды лүпіл жүректің динамикалық аневризмасы кезіңдеде болады, ол кезде қарынша қабырғасының анатомиялық ісінуі жоқ, бірақ оның систоласында ісінуі болады және диастолада төмендейді. Сондықтан жүректің созылмалы аневризмасы атты дұрыс диагнозы үшін лүпіл орнындағы ЭКГ аневризмасы үшін тән тіркелім қажет.

27 сурет (137) ескілігі 2-3 аптаға дейін сол жақтағы қарыншасының алдыңғы және бүйір жақтағы қабырғалардың артқы қабырғаға таралуымен септаль алды аясындағы кең трансмуральды миокард инфаркты.

28 сурет (138) Ескілігі 3 аптадан астам, бүйір жақ қабырғаларының базалық бөлімдеріне таралатын тік ішек базалық миокард инфаркты. ЭКГ V8, V9 үлгісі QS, V7 - qrs. RV1,V2-де жоғары..SV1,V2 төмен. ST изосызықта. TV6-V9, I, aVL терісті. TV1,V2 жоғары жағымды

29 сурет (139) Ескілігі 2-3 аптаға дейінгі кең артқыдиафрагмалық, артқы базалық және бүйір жақтық миокард инфаркты. ЭКГ I, III, aVF, V8V9 үлгісі Qr, V5 – V7 – qR. RV1, V2 жоғары. STII, III,aVF,V5- V8 изосызықтан жоғары. TII, III, aVF, V6- V9 терісті. STV1- V3 изосызықтан төмен. TV1-V3 биік оңды.

Осындай ЭКГ өте қажетті, өткені келтірілген электркардиографиялық өзгерістер жүректің созылмалы аневризмасы үшін патогномды емес, олар аневризмасы жоқ кең трансмуральды миокард инфарктысы бар науқастардың қимылсыздығы немесе дискинезия аумақтарының бар болған жағдайда да байқалуы мүмкін. Жүректің созылмалы аневризмасы диагнозы кешенді клиникалық зерттеу нәтижелерінің негізінде қойылады, бұл жерде электрокардиография маңызды ролді атқарады. Созылмалы аневризманың бар болуының клиникалық дәлелдері: патологиялық прекордиальды лүпілдің болуы; қажырлы, емдеуге қиын берілетін қан айналымның жеткіліксіздігі; осы рентгенологиялық талдаулар (жүрек сұлбасының ісінуі, патологиялық лүпіл және т.б.); эхокардиография нәтижелері.

Жүректің созылмалы аневризмасы кезіңде ST сегменті әдетте изосызықтан жоғары орналасқан. Сонымен қатар жүректің созылмалы аневризмасына шалдыққаны дәлелденген науқастардың бір қатарында ол изосызықта орналасқан, оған қоса патологиялық лүпілі жоқ. Әдетте, сол жақтағы қарыншасының аневризмасы дәлелдеген ST сегментінің изосызықта орналасуы және прекордиальды лүпілдің болмауы аневризма кеңістігіне қан қатуына байланысты болуы мүмкін. ST сегментінің изосызықта орналасуы жүректің созылмалы аневризмасы диагнозын жоққа шығармайды.

Осылайша, жүректің созылмалы аневризмасы және асқынған миокард инфаркты үшін бірдей ЭКГ өзгерістері тән, сондықтан жалғыз ЭКГмен ғана істің жайын анықтай алмаспыз, асқынған миокард инфарктысымен бе немесе жүректің созылмалы аневризмасымен бе. Дифференциалды диагностиканы өткізу үшін сырқаттың клиникасымен, сыртартқысы, науқастың бұрыңғы электркардиографиялық зерттеудің және динамикалық электркардиологиялық бақылау нәтижелерін міндетті түрде ескереді. Жүректің созылмалы аневризмасы кезіңде ЭКГ тұрақты; асқынған миокард инфарктысы кезіңде керісінше ЭКГ динамикалы және стадиялар бойынша тәндік өзгерістерге ұшырауы мүмкін.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 2213. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия