Студопедия — Лазерлік агротехника
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лазерлік агротехника






Лазер агротехникасын қолданғанда дақылдардың сорттық айырмашылығын, топырақтың құнары мен құрамын, минералды тыңайтқыштармен қоректенуін және басқа жағдайларды мұқият ескеруді талап етеді. Лазер басты төрт элементтерден тұрады.

1. Лазер агротехникасының көбірек зерттелген элементтерінің бірі-тұқымды себер алдында өңдеу.

Бұл әдістің мақсаты - қысқа мерзім ішінде тұқымның жаппай және біркелкі көктеп шығуын қамтамасыз ету.

Көп жылдық тәжірибелердің нәтижесі бойынша лазермен өңделген тұқымның өсу мен өну қарқындылығы 20-30%-жоғарыланған. Лазермен өңделген тұқым жаппай біркелкі көктеп шыққан және қарқынды өскен.

2. Лазер агротехникасының екінші элементі - лазермен егісті, өсімдіктердің вегетативті мүшелерін сәулендіру. Алғашқы тәжірибелер лаборатория жағдайында жеке өскіндерге және теплица өсімдіктеріне жүргізілді. Зерттеу үшін қияр, помидор, бидай және басқа өсімдіктер алынды.

Жас өскіндер мен жемісті қысқа мерзім ішінде лазер сәулесімен өңдегенде олардың өсу процестерінің қарқынды жүргендігі байқалады. Бұл құбылыс әсіресе жапырақтардың қалыптасуы кезінде ерекше байқалады. Егісті лазермен сәулелендіру өсімдіктің өнуін бірнеше күнге тездетіп жемістің пісуін жеделдетті. Егісті лазермен өңдеуді өсімдіктің гүлдеуі кезінде жүргізсе тозаң түтіктерінің ұрықтану қабілеті артып, ірі дән мен жемістер түзілуін қамтамасыз етеді.

3. Лазер агротехникасының үшінші элементі — оптикалық квантты генераторлардың сәулесін өсімдіктердің әр түрлі аурулармен, оларды туғызатын қоздырғыш микробтарымен күресу үшін қолдану.

Мысалы: дәнді дақылдардың қауіпті ауруы - қатты қара күйе қоздырғышымен күрес әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Осы кезге дейін бұл ауруға қарсы әр түрлі физикалық және химиялық әдіс қолданылып келеді. Химиялық әдістер қанша тиімді болғанымен оларды қолдану қоршаған ортаға зиянды. Соған орай егін шаруашылығында қатты қара күйеге қарсы күресте жаңа, қоршаған ортаға зиянсыз әдіс қолданудың маңызы зор. Мұндай биофизика жетістіктері елеулі орын алады. Атап айтқанда, лазер сәулесінің көмегімен өсімдіктің өсіп - өнуін пайдалы бағытта реттеп, зиянды жақтарын басып отыруға мүмкіндік бар.

Қатты қара күйені саңырауқұлақ - паразит микроорганизмдері қоздырады, олар астық тұқымды өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Қара күйенің екі түрі - қатты және тозаңды қара күйе бар. Қатты қара күйе дәннің ішін зақымдайды, ал қабығы сол күйінде қалады: тозаңды қара күйе дәннің ішінде, сыртқы қабығын да зақымдайды. Бидайдың қара күйемен зақымдануы тұқымның өсіп шыққан кезеңінде басталады.

Қара күйенің микробтары топырақта ұзақ, кем дегенде 25 жылға дейін өзінің өнгіштігін сақтайды. Олардың өніп шығуы үшін 5 градус жылылық жетіп жатыр. Сондықтан да ауру тұқымды жылуы аз топыраққа сепкенде бидай егістігі қара күйемен көп зақымданды. Қара күйені жою үшін оны поляризацияланған қызыл жарықпен немесе лазер сәулесімен өңдеу керек (5-6).

4. Лазер агротехникасының төртінші элементі - суды лазер сәулесімен активациялау.

Бұл әдістің нәтижесінде су бастапқы физикалық химиялық биологиялық қасиеттерін өзгертеді. Италия зерттеушісі Д.Пиккарди күн қуаты мен судың кейбір қасиеттерінің арасында белгілі бір байланыстың бар екендігін байқаған. Ол күннің жарқылы мен висмуттың ұсақ оксихлорид бөлшектерінің суда тұну жылдамдығының арасындағы сәйкестікті статистикалық дәлдікпен анықтады.

Лазер сәулесімен суға әсер еткенде, одан қандай өзгерістер болатыны әлі толық зерттелген жоқ. Лазердің әсерінен суда белгілі бір мөлшерде қуат қатынасы жүреді, ол биологиялық жағынан белсенді бола бастайды да, су уақытша жаңа қосымша қасиетке ие болады. Лазер сәулесінің әсерінен туатын судың биогендік белсенділігі резонанс құбылысының арқасында су құрылысын өзгертеді. Лазер жарығының квант қуаты сутегі байланыстарын ажыратуға. жеткіліксіз, сондықтан судың молекулалары және оның ассоциаттары бір - бірімен резонансқа түседі де содан келіп әр түрлі құбылыстар туады. Құбылыстың жүруін тездететін судағы қоспалар - иондар, әр түрлі еріген газдар және оттегі судың физико - химиялық және биологиялық қасиеттерін өзгертеді. Лазер сәулесімен өңделген суда тұқым жақсы бөртеді, суды мол сіңіреді.

Лазер сәулесімен топырақ пен минералды тыңайтқыштарды
активациялау әзірше мүлде зерттелген жоқ. Лазер жарығымен әр түрлі топырақты өңдегенде биохимиялық құбылыстар өзгереді, қара шіріктің түзілуі жеңілдейді. Топырақтағы микробиологиялық құбылыстардың қарқындылығы өзгеріп, өсімдіктің су сіңіруі мен басқа жағдайлары өзгеруі мүмкін. Лазер сәулесінің әсерінен өсімдіктердің минералды және органикалық тыңайтқыштарды сіңіруі жеңілдеп, жаздық бидайдың көп мол өнім беруіне септігін тигізеді. Бұл мәселерлер әлі терең зерттеуді қажет етеді.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 3645. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия