Студопедия — орытынды
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

орытынды






 

Инвестиция елдің көркеюіне зор ықпал жасайды, ал дұрыс қолданылған инвестиция елдің экономикасы жағынан жоғары деңгейге көтерілуіне септігін тигізеді. Шетелдік инвестициялардың тасқынды келуі үшін, барлық әкімшілік рәсімдерді оңайлату керек. Бұл жерде әңгіме визалар алу, шекара және кеден бақылауынан өту, жұмыс істеу құқына және ел ішінде жүріп – тұруға рұқсат беру жөніндегі ережелер туралы болып отыр. Инвестицияларға немесе несиелерге салық шешімдерін беруді қоса алғанда салық жеңілдікті, кеден бажын және т.б. қайта қарап, уақыт талабына сәйкестендіруге болар еді. Сонымен қатар, әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық тиімді және қатаң ұсынатын заңдары бар ашық және бәтуәгерлік инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Сондықтан мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі өйткен Қазақстанға шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеуге, дамуға қиынырақ болады. Шетелдік және отандық инвесторлар үшін бірдей жағдайларды жасауға болады, инвестицияларды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге, оның ішінде инвестициялық келісім – шарттарды жасасу процесін оңайлатуға және олардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Инвестициялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Инвестициялық салада осы уақытқа дейін іске асырылған шаралардың нәтижелері ретінде мыналарды атап өткен жөн: негізгі капиталға инвестициялар көлемінің жыл сайын ұлғаюы; «Moody`s Investors Service» рейтинг агенттігінің Қазақстанға инвестициялық санатқа жатқызылатын Ваа3 кредит рейтингін беруі; мемлекеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру жүйесін ретке келтіру; мемлекеттік даму институттарын құру. Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы бойынша инвестицияға қатысты негізгі мақсаттары:

1. Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту;

2. Экономикаға инвестициялар тарту мен оларды тиімді пайдаланудың жоғары деңгейіне қол жеткізу;

3. Экономиканың басым секторларына инвестициялардың көлемдерін ұлғайту.

Алдағы уақытта мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру Қазақстан Республикасының Индустриалдық – инновациялық дамуының 2015 жылға дейінгі стратегиясына, инвестицияға қатысты заңдарға, бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Тәуелсіздік жылдарында, өнеркәсіп салаларындағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың едәуір көлемін Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кәсіпорындары игерген. Қарашығанақ кен орындарындағы жұмыстардың аяқталуына байланысты, Батыс Қазақстан облысында 2000 жылмен салыстырғанда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 27,6 пайыздық пунктке төмендеген. Мәліметтерге жүгінсек, өткен үш жыл ішінде Қазақстанға тартылған шетел капиталдарының көлемі 5,9млрд долларға жуықтаған. Мұның 28% несие, 22% заемдар, қалған бөлігі мемлекет кепілдігімен алынған тікелей инвестициялар. Үш жыл ішіндегі осы қаржының 60% мұнай өңдеу өнеркәсібіне, 10% түсті металлургияға, қалғаны газ бен тамақ өнеркәсібін дамытуға жұмсалды. Бұл инвестициялардың 54% - ы АҚШ – тан, 6,8% - ы Ұлыбританиядан, 6,6% - ы Түркиядан және Оңтүстік Кореядан, Франциядан, Жапониядан түсті. Менің ойымша, Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатты жақсы, орынды жүзеге асыруда. Өйткені шетел капиталының, жалпы инвестицияның арқасында біздің елімізде көптеген кен орындары ашылып, кен өндірілуде. Оған Қарағандыдағы көмір, Батыс Қазақстандағы, Арал маңындағы мұнай, сонымен қатар тағы да басқалары жатады. Мысалға, сол кәсіпорын, зауыттарда еліміздің халқы жұмыс істейді, демек инвестиция Қазақстандағы жұмыссыздар санын азайтуға да көмектеседі. Бірақ мемлекеттегі тұрақтылықты сақтау үшін мемлекет тарапынан белгілі бір іс – шаралар істеліп жатыр. Оған мысал ретінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығатын жаңа Салық кодексін келтіруге болады. Мен Қазақстанның өзінің даму барысында қаржы дағдарысынан өтіп, инвестициялық саясатты пайдаланып, зор табысқа жететініне сенімдімін.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

2. «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында 2006». Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2006.

3. «Егемен Қазақстан» 2003 жыл 11 қаңтар №8 «Қазақстан Республикасының 8.01.2003 жылғы №373 Заңы».

4.С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Әлем экономикасы». Астана «Дәнекер» 2005.

5.Н.Қ.Мамыров, Д.М.Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева «Халықаралық экономикалық қатынастар». Алматы «Экономика» 1998.

6.Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе «А – Полиграфия» 2004.

7.А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы». Алматы «Экономика» 2003.

8.Н.Ш.Әлжанова “Инвестициялық жобалау” Алматы “Қазақ Университеті” 2006, 5 – 10 бет.

9.С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов «Экономикалық теория» Алматы «Экономика» 2003.

10.Г.М.Осипова «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002.

11. Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы.

12. Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.

13. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамызындағы № 402 Жарлығы.

14. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы Заңы.

15. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2006жыл.

16. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі. 2004 – 2007 жж Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет, Астана 2008.

18. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі Казахстан и страны СНГ, 2/2008, Астана 2008.

19. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі Статистикалық баспасөз – бюллетень, Астана 2007.

20. Қазақстан – 2030, Алматы 2004.

21. « Kazakhstan today» агенттігі.

22. Н.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова «Макроэкономика», Алматы «Экономика» 2003.

 

 

           
 
 
   
   







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 503. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия