Студопедия — Ішектің туа пайда болатын өткізбеушілігі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ішектің туа пайда болатын өткізбеушілігі






Туа пайда болатын ішек өткізбеушілігін әдетте перзентханаларда анықталады, емі арнайы хирургиялық ауруханаларда. Бірақ, осындай науқастармен емхана жағдайында да кездесуге тура келеді. Көбіне ішек түтікшесінің жартылай бітелуіне байланысты (ішектің туа біткен стенозы, оның сырттан іш перде тәжімен және кисталармен қысылуы, “ортаңғы ішектің” эмбриональді айналуының бұзылысы – тұйық бұралу немесе Ледда синдромы, ішкі жарықтар және т.б.). Емхана хирургіне созылмалы туа біткен ішек өткізбеушілігімен ауыратын балалар қаралады. Ол тұрақсыз белгілердің болуымен ерекшелінеді және операцияға дейін осындай өткізбеушіліктің шынайы себебін анықтау қиынға соғады. Емхана хирургінің міндеті – көрінетін айқын белгілер негізінде ішек өткізбеушілігіне күдіктену және диагнозды нақтылау үшін науқасты жедел түрде ауруханаға жатқызу. Дегенмен клиникалық көрінісі ішек қуысының тарылу дәрежесіне және оның орналасуына байланысты. Аурудың алғашқы белгілерінің біліну уақыты іщектің тарылу дәрежесіне байланысты (тарылу неғұрлым айқын болса, соғұрлым ерте пайда болады). Аш ішектің жоғарғы бөлімдері айтарлықтай тарылған кезде (әсіресе он екі елі ішек) өткізбеушіліктің алғашқы белгілері ерте емізулі нәрестелерде байқалады. Бала күніне бірнеше рет мазасызданады, іші кебеді, әртүрлі дәрежеде қарқынды лоқсу және құсу болады. Құсыққа өт араласады, бірақ фатеров емізікшесінен жоғары стенозда өттің болмауы мүмкін. Баланың емуі нашар, дене салмағы жеткіліксіз. Үлкен дәреті сирек. Науқасты қараған кезде, іштің жоғарғы бөлімінің асимметриясы, ішектердің айқын перистальтикасы көрінеді. Іші ауырсынбайды, бұлшық еттердің қатаюлары жоқ. Ауырғандық толқын тәрізді өтеді. Осындай науқастарға педиатр тағайындаған мезгілмен тамақтандыру режимі аурудың компенсация кезеңін ұзақ уақыт ұстап тұрады. Егер кішкене болса да диета бұзылатын болса немесе басқа да аурудың қосылуы өткізбеушілік белгілерінің қайталануына әкеледі. Біртіндеп ұстамалар үдейеді, баланың жалпы жағдайы нашарлайды.

Мықын және тоқ ішектің терминальді бөлімдерінің тарылуыда емізулі нәрестелерге тән. Іштің кебуі, қатуы, құсу, тәбеттің төмендеуі байқалады. Клизма жасаған кезде аурудың жалпы жағдайы айтарлықтай жеңілдейді. Науқасты қараған кезде іштің біртекті томпаюы және терең пальпацияда күшейетін айқын перистальтика білінеді. Іші аздап ауырсынады, шамалы қатаяды. Біртіндеп созылмалы интоксикация белгілері үдейеді.

Айқын емес тарылулар (стеноздар) емізулі нәрестелерде ұзақ уақыт білінбейтін көрініспен өтеді. Клиникалық көріністері қосымша тамақ бергенде және тамақтану рационына қатты тағамдарды қосқанда көрінеді. Іштің қатуы, аздаған ауру сезімдері, тәбеттің төмендеуі, сирек құсу тән. Уақыт өте ішектің жоғарғы супростеноздық бөлімдерінің конпенсаторлы мүмкіншіліктері әлсірейді. Аурудың клиникалық көрінісі айқындалады. Жоғарғы және төменгі өткізбеушілікке тән белгілер әртүрлі дәрежеде көрінеді. Көп жағдайларда іштің жоғарғы бөлімінің кебуі, үлкен дәреттің сиреуі, дене салмағын қоспау байқалатын болса, кейде Гиршпрунг ауруындағы сияқты созылмалы іш қату, іштің кебуі, созылмалы интоксикация, анемия болады. Туа пайда болатын патологияның сипатына байланысты клиникалық көрінісінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Қайталанатын туама ішек өткізбеушілігіне күдіктенген кезде диагноз қоюға көмек беретін рентгенологиялық зерттеу әдісін өткізу қажет. Өршу кезеңінде, баланы тіке тұрғызған қалпында құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенограммасы жасалынады. Бұл кезде бір жағдайларда созылып кеткен асқазан мен он екі елі ішек және екі горизонтальді сұйықтық деңгейлерімен газды көпіршіктер анықталса, ал кейде аш ішекте көптеген горизонтальді деңгейлер мен газдар білінеді. Контрасты зат жіберіп тексеру жүргізген дұрыс. Ауыз арқылы сұйық барий сульфатын береді, әрбір 2-3 сағаттан соң, қандай деңгейде іркіліп тұруына байланысты тарылу жерін анықтайды. Егер тосқауыл он екі елі ішек деңгейінде болса барий асқазан түбіне жиналады, кейіннен аздаған мөлшермен ұзақ уақыт бойы аш ішекке таралады. “Ортаңғы” ішектің эмбриональді айналымының бұзылысына күдіктенген кезде соқыр ішектің орналасқан жерін анықтау мақсатында тоқ ішекті рентген контрастпен зерттейді. Егер ол биік орналасатын болса, онда он екі елі ішектің қысылуы туралы ойлау керек.

Жоғарыда айтылып кеткендей, емхана хирургінің міндеті науқасты дер кезінде ауруханаға жатқызу.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1937. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия