Студопедия — Зін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері.






«Өзін-өзі тану» оқу пәні шеңберінде негізгі оқу бағдарламасы жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік білім беруді жүзеге асыру бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі міндетті оқу пәндерінің мазмұнын өзін-өзі танудың негізгі идеяларымен байытуды көздейді.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі мен бөлінуі:

Өзін - өзі тану пәні оқу жүктемесінің көлемі:

Негізгі орта білім беру деңгейінде-аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Жалпы білім беру деңгейінде- аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

 

Зін - өзі тану» пәні бойынша базалық білім мазмұны.

«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық мазмұны рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі барынша жүзеге асыруына ықпал етеді.

Оқу бағдарламаларында базалық мазмұны - бала дамуының жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы нақтыланады. «Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді құрайды.

1) Адамның өзін-өзі тануы

2) Адам және қоғам

3) Адам және қоршаған орта

4) Адамзаттың рухани тәжірибесі.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы оқу жылында Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат

Адам және қоғам білім саласы

Зін-өзі тану

«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байыту және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үрдісін ұйымдастыруды көздейді.

Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең аузымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Мектепке өзін-өзі тануды оқыту төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:

1. Адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

2. Оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

3. Қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:

1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

2) түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

6) жасампаздықпен белсенділік, адамзаттылық және елжандылық таныту;

7) өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

 

 

Пәнді оқытуда басшылыққа алатын бағдарламалар мен пайдаланылатын оқулықтар:

 

Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы. Алматы 2010ж «Бөбек»

Авторлары:

Бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы. Авторлары: М. Ж. Жадрина, А. С. Сейтақов, Ғ. З. Байжасарова, Р. О. Ізттынова, Ұ. М. Әбдіғапбарова, Ж. Ж. Әкімбаева;

Негізгі орта мектепке арналған оқу бағдарламасы: Авторлары: М. Ж. Жадрина, Ғ. З. Байжасарова, Б. А. Әрінова, Ж. Ж. Әкімбаева, Ж. Б. Қажығалиева, Р. О. Ізғұттынова, А. С. Сейтақов, Ұ. М. Әбдіғапбарова;

Мектептің жоғары сатысына арналған оқу бағдарламасы. Авторлары: М. Ж. Жадрина, Ғ. З. Байжасарова, Б. А. Әрінова, Ж. Ж. Әкімбаева, Ж. Б. Қажығалиева, Р. О. Ізғұттынова, А. С. Сейтақов.

 

Сынып А. С. Сейтақов, Ж. Б. Қажығалиева. «Бөбек» Алматы 2010 жыл

Сынып Б. А. Әрінова, Р. О. Ізғұттынова, Ж. Ж. Әкімбаева «Бөбек» Алматы 2010 жыл

Сынып Б. А. Әрінова, Ж. Ж. Әкімбаева, Ж. Б. Қажығалиева, Р. О. Ізғұттынова «Бөбек» Алматы 2010 жыл

Сынып Б. А. Әрінова, Ж. Б. Қажығалиева, Ж. Ж. Әкімбаева, Р. О. Ізғұттынова «Бөбек» Алматы 2010 жыл

Сынып Ж. Ж. Әкімбаева, Б. А. Әрінова, А. Қ. Рауандина «Бөбек» Алматы 2010 жыл







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1976. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия