Студопедия — Дисбиозды қалпына келтіру әдісі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дисбиозды қалпына келтіру әдісі






 

ТІ дисбиозын қалпына келтіру кешенді әдісті қажет етеді: 1) дисбиоз-дың пайда болуына себепші болған негізгі ауруды дұрыс толық емдеу; 2) ішектің бұзылған қызметін қалпына келтіру; 3) иммунологиялық және спецификалық емес қорғаныштығын күшейту арқылы макроорганизмнің жалпы төзімділігін жоғарылату; 4) функциональді тағамдарды (ФТ) пре, про және синбиотиктерді, сонымен қатар (қатаң көрсеткіш бойынша) ішектік антисептиктерді және басқа антибактериальді және антипаразитарлы заттарды қолдану арқылы ТІ дисбиозын қалпына келтіру.

Тоқ ішектік дисбиозының эмпириялық («соқыр») емдеуге болмайды, ол дисбиоз деген ұғымға қарсы келеді және нәтижесіз, себебі оны дәрімен және дәрісіз қалпына келтіреді. ТІ дисбиоздың І және ІІ дәрежесі кезінде ФТ тағайындау ұсынылады. Бұл кезде дисбиоз клинкиалық көрініссіз өтеді. ФТ түсінігі ТІ бұзылған микробиоцинозды және микроорганизмнің биохимиялық реакциясын қалпына келтіруші қабілеті бар шынайы туындылы тағамдарды қолдану түсінігін айтады. ФТ құрамына бифидо-және лактобактериялар, ТЗ, шынайы антиоксиданттар кіретін өсімдік, жануар және микробты текті тағамдар кіреді. ФТ құрамына көбінісе соялық сүт, пектиндер, протеиндер, витаминдер, минералды заттар кіреді. Оларды кейде «тағамдық дәрілер» деп атайды. ФТ нәтижесінде ТІ эубиозын фармакопрепараттрды қолдануға жүгінбей –ақ қысқа уақыт аралығанда қалпына келтіруге болады. ФТ маңызды құрамдық бөлігі ПВ болып табылады. ТЗ көп бөлігі ішектік микрофлорамен бұзылыды. 40% целлюлозалар, 56% гемицеллюлозалар және 35% дейін лигнина. ТЗ нәжіс көлемін жоғарылатады, тағамдық химустың қозғалысын күшейтеді, іш қатуын басады. КЖК мембраналық фосфолипидтердің, протеиндердің, аминоқышқылдардың (аргинин, глутамин) негізгі көзі, су және натрий сіңірілуіне, бикорбонаттар секрециясына, колоноциттер пролиферациясына және трофикасына, холестерин, липогенез және глюконеогеноз метоболизіміне, анаболикалық иммундық нығайтушы және энергетикалық әсер етеді. АТФаза энергиясы арқылы ТЗ тоқ ішек эубиозын қалпына келтіруге бейімдеуі маңызды. Ол жабысқақ микроорганизмдердің жабысуы үшін матрица ролін атқарып макроорганизмнің колонизациялық төзімділігін жоғарылатады. ТІ дисбиозы кезінде ТЗ басқа сүтті –қышқыл тағамдар (айран, простакваша, йогурт, творог, қаймақ, май) ұсынылады.

ФТ нәтижесіз болған жағдайда дисбиозды қалпына келтіру үшін пребиотиктер қолданылады.

Пребиотиктер-тағамның қорытылмаған компоненттері, олар жабысқақ микроорганизмдердің селективті өсу популяциясының субстраты, ең алдымен бифидо-және лактобактериялар. Пребиотиктерге лактулозаны (дюфалак) және басқа олигосахаридтерді, инулин, хелак форте және т.б. жатады. Лактулозаның құрамына галактоза және фруктоза кіреді, олар өзгермеген түрде асқазан және ащы ішек арқылы өтеді және тек ТІ КЖК түзілу арқылы ыдырайды. Лактулоза сахаролитикалық бактериялардың қоректік субстраты. Хилак форте құрамында ТІ қалыпты микрофлорасының метобализмдік өнімдері бар, олар ішектегі микробиоценозды тепе-тең жағдайда ұстау арқылы бұзылған эубиозды биологиялық жолмен қалпына келтіреді. Пребиотиктерді пробиотиктермен қоса тағайындау ыңғайлы, олар тірі микроорганизмдердің негізінде дайындалған жабысқақ микрофлора туындысы: бифидо-, лакто-, және колибактерий, энтерококктар. Тек ТІ фиброзының ІІІ және ІҮ дәрежесі кезінде ғана орташа патогенді микрофлораны басу мақсатында антибактериальды заттарды тағайындау қажеттігі туындайды: ТІ эубиоздың өзіндік қайта қалпына келуін ескеру қажет. Дисбиоздың жоғары дәрежесінде антибиотиктерді тағайындаудың қажеті жоқ. Ол үшін ішектік антисептикерден бастау қажет, олар тек орташа-патогенді микроорганизмдерді таңдап басады және сол арқылы жабысқақ микрофлораның көбеюімен өсуіне бейімдейді. Ішектік антисептиктерге 8-оксихинолин туындыларын (нитроксолин, хлорхинальдол) нитрофуран туындыларын (фуразолидон, фурадонин,нифуроксазид және т.б); фторланбаған хинолондар (неграм); сульфаниламид туындылары (фтамилсульфатиазол); антимикробты белсенділікті биологиялық препараттар (энтрол, флонивин-БС, бактисубтил); қосарланған антимикробты препараттар (интетрикс, энтро-седив, депендал-ле, танапомл және т.б). Энтерол құрамында тірі – Saccharomyces boulardii ашытқы саңырауқұлағы бар, жоғары бір жасушалы организмдердің эукариоттар тобына жатады. Ішектің анаэробты жағдайында лиофимезирленген ашытқы саңырауқұлақтарын ішке қабылдағанда «тіріледі», патогенді және орташа- патогенді бактериялар (соның ішінде Clostridium difficle, псевдомембранозды колитке жауапты), патогенді Candida тобындағы саңырауқұлақтар, дизентериялық амебалар және т.б, спецификалық емес инфекцияға қарсы қорғаныштығын жоғарылатып, трофикалық әсер етеді. Флонивин –БС (ІБ 5832 бацилла штамының құрғақ өсіндісі) капсулада шығарылады. Бұл бацилла антибиотиктердің әсеріне төзімді. Флонивин-Бс ТІ бұзылған микробиоцинозын орташа- патогенді және патогенді микрофлораны ығыстыру және ыдырату арқылы қалпына келтіреді.

Тоқ ішектік дисбиоздың ІҮ дәрежесі (декомпенсирленген, асқынған) және ішектік антисептиктердің нәтижесіздігі кезінде жалпы резорбтивті әсер ете-тін антибиотиктерді тағайындауға қажеттілік туындайды. Солардың ішінде фторхиналон (офлоксацин, ципрофлоксацин, левофлоксацин, спафлоксацин және т.б) тағайындау қажет, олар кең спектірлі антимикробты белсенділікте бола тұрып қалыпты ТІ микрофлорасын (облигатты) жоймайды.

Дисбиоздың симптоматикалық терапиясының ішінде ішек моторикасын реттеушілерді еске түсіру қажет (дебридат, метеоспазмип, дицетел, мотилиум, мукофальк, имодиум), энтеросорбенттер (энтеросгель, энтеродез, смекта және т.б.). Псевдомембранозды колитте ванкомицин, метронидазол, энтерол, бацитрацин нәтижелі.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 672. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия