Студопедия — Аграрлық сектор
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аграрлық сектор






Малайзия экономикасына аграрлық сипаттағы күрделі мәселелер тән болды. Плантациялар, негізінен, шетелдіктердің меншігінде, ал ұсақ тауарлы өндірушілер көптеген бытыраңқы, жері аз шаруа қожалықтары түрінде болды.

Үкімет шаруаларды Малакка түбегінің әр түрлі аудандарындағы арнайы салынған ауылдарға қоныс аудару жөніндегі бағдарламалар жасады. Қоныс аударушыларға бұл аймақтарда егілетін дақыл түрлеріне сәйкес, жер телімдері, несиелер және қажетті құрал-жабдықтар берілді. Мемлекеттік ұйымдардың 70-80-жылдары жүргізген шаруаларды көшіру саясаты табысты болды. Мысалы, ФЛДА (Federal Land Development Authorities) жалпы аумағы 4,5 мың акрды құрайтын жерге шаруаларды көшірді. Жаңадан көшіп келген адамдарға сегізден он акрға дейінгі жер телімдері, тұқымдар мен көшеттер, сондай-ақ, алғашқы егін түсіміне дейінгі шығындарын төлеу үшін, ақша қаражаттары берілді. Несие плантациялық дақылдардың алғашқы түсімінен кейінгі 10-15 жылдың ішінде төленуі тиіс болды.

Мемлекет шаруаларды несиемен қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық жинақ банкі, Федералдық жер банкі сияқты арнайы қаржы институттарын құрды.

1984 ж. «Бірінші ұлттық аграрлық саясат» (1984-1991) жарияланды.

 

Мақсаттары:

· Ұсақ шаруа қожалықтарының тауарлылығын көтеру;

· Ауыл шаруашылығы өндірісін қарқындандыру және жаңғырту. Ауыл шаруашылығы өндірісін қарқындандыру бағдарламасында ұсақ шаруа және фермер қожалықтарын жаңғырту, жер өңдеудің озық әдістерін қолдану, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортқа бағдарлану деңгейін өсіру және коммерциялық қызметті кеңейту қарастырылды.

· Қоныс аудару саясатын шаруаларға тиімді шарттар бойынша жүргізу.

 

Нәтижелері:

Шаруаларға жер бөліп беру мен арзан несиелер ұсыну, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар қысқа уақыттың ішінде ауылдарда экспортқа тауар шығаратын орта тауар шаруашылықтарының қалыптасуына әкелді. Сонымен қатар, жер үлестерінің шамадан тыс ұсақталуының алдын алу үшін, 0,4 гектарға дейінгі жерді ұжымдық иеленуге және ол бойынша меншік құқығын беруге тыйым салынды. Бір жағынан, мемлекеттік аграрлық ұйымдар ұсақ және өте ұсақ жер телімдерін қосу арқылы жер иеліктерін үлкейтуге де көңіл аударды. Мұндай аграрлық саясаттың нәтижесінде, ауылдардағы кедейшілік деңгейі 1970 ж. 58,7 %-дан 1990 ж. 21,8 %-ға дейін төмендеді.

1990-жылдардың басында «Екінші ұлттық аграрлық саясат» (1992-1997)» бекітілді. Бұл бағдарлама 1993 ж. бастап жүзеге асырыла бастады.

 

Мақсаттары:

· Ауыл шаруашылығы кірістілігін ішкі ресурстарының есебінен барынша көбейту;

· Аграрлық өндіріс пен өңдеу өндірісінің арасында тығыз байланыс орнату;

· Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын реформалау;

· Агротехнологияның жетістіктерін пайдалана отырып, негізгі дақылдардың шығымдылығын арттыру.

 

Нәтижелері:

Аталған аграрлық саясатты жүзеге асыру кезінде жаңа жерлерді шаруашылық айналымға біртіндеп тарту одан әрі жалғастырылды. Соңғы онжылдықтар ішінде әртүрлі мемлекеттік агенттіктер Диқандық каучукты өңдеуді ұйымдастыру мекемесі, Жерді қалпына келтіру мен оның құнарлылығын арттыру федералдық қызметі, т.б. ұйымдардың бірқатар бағдарламаларының негізінде жеке компаниялармен бірге түбектегі, Саравак пен Сабахтағы жаңа жерлерді игеру мен мелиорациялау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізді. Нәтижесінде, шаруашылық айналымға 800 мың гектар жер енгізіліп, 120 мың гектар жердің құнарлылығы қалпына келтірілді.

«Үшінші ұлттық аграрлық саясат» (1998-2010). Бұл құжатта 2010 ж. қарай Малайзияны әлемдік нарыққа ірі азық-түлік жеткізушіге айналдыру көзделді. Аграрлық секторды одан әрі жаңғырту және оның өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, 10 млрд. рингг. бөлінді. Сонымен қатар, тауарлы шаруашылықтар мен ішкі және сыртқы нарықтар, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындарының арасында коммерциялық қатынастар орнату арқылы ауыл шаруашылығын коммерциялауды жалғастыру қарастырылды. Малайзияның қайта қаралған стандарттар Кодексіне сәйкес, жаңа сапа нормалары енгізілді. Сонымен қоса, тауарларды Құранға сәйкес арнайы сертификаттау кеңінен қолданыла бастады.

Ұлттық экономиканың табысты дамуының арқасында инфрақұрылым да жетіле түсті. Бұл бірте-бірте көптеген ауылдық аймақтарда жағдайдың жақсаруына, көп жағдайларда шаруалардың кірістерінің қала тұрғындарының жалақыларымен теңесуіне әкелді. Ауыл халқы дамыған жол жүру жүйесі, халықты қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету және қазіргі заманғы телекоммуникациялық құралдарды қолжетімді ету сияқты тұрмыс жағдайлары бойынша қала халқының деңгейіне жақындады. Нәтижесінде, ауылдардағы кедейшілік деңгейі төмендеді.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 520. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.306 сек.) русская версия | украинская версия