Студопедия — Жұқпалы аурулар диагностикасының принциптері мен әдістері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жұқпалы аурулар диагностикасының принциптері мен әдістері






Жұқпалы ауру диагнозын анықтау үшінаурудың даму анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, мүшелер мен жүйелердің клиникалық зерттеуі, лабораторлық зерттеулер қолданылады. Клиникалық зерттеу барысында науқас жағдайы бағаланады. Біріншіден аурудың ауырлық дәрежесін, сана сезімін, анықтау қажет. Менингеальді синдромды тексеру тиісті. Тері жабындыларын қарап тексергенде терінің түсіне, ылғалдығына, дермографизмге, бөртпеге назар аударылады. Одан басқа, көрінетін шырышты қабаттардың да түсі өзгеріп, энантемалардың болуы маңызды. Лимфа түйіндердің, бауырдың, көк бауырдың үлғаюына назар аудару керек. Олар ұлғайған жағдайда көлемін, консистенциясын, ауырлық сезімін, қоршаған тіндермен байланысын анықтау қажет. Бұл синдромдар жайылмалы инфкцияларға тән. Ішкі мүшелер белгілі ретпен тексеріледі.

Эпидемиологиялық анамнезіндежұқпалы аурулармен қатынас туралы, тұрмыс, тамақтану жағдайлары туралы мәлімет жиналады. Жұқпалы аурулардың диагностикасында гемограмма, копрограмма және урограмма көрсеткіштерінің маңызы зор.

Лабораторлық зерттеулерге әртүрлі материалдар алынады: қан, нәжіс, зәр, асқазанның жуынды сулары, анқаның жағындысы, жаралардың бөлінділері, жұлын сұйықтығы, қақырық және т.б.

Арнайы әдістерге бактериологиялық, вирусологиялық, микроскопиялық, серологиялық, биологиялық әдістер және терілік-аллергиялық сынамалар жатады.

Сонғы жылдары жұқпалы аурулардын стандартты анықтау принциптері құрастырылып тәжірибелік жұмысқа енгізіліп жатыр.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығы бойынша есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттар құрастырыған. Есепке алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесі:

1. Оба.

2. Туляремия.

3. Күйдіргі (түйнеме).

4. Бруцеллез.

5. Конго-қырым геморрагиялық қызбасы.

6. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба.

7. Шешек.

8. Ботулизм.

9. Кенелік энцефалит.

10. Тырысқақ.

Қазір басқа жұқпалы аурулар жағдайларын стандартты анықтамалары құрастырылып жатыр. Жұқпалы аурулар жағдайының стандартты анықтау принциптері келесі мәліметтерге негізделеді:

ü Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы;

ü Жұқпалы аурулардың ықтимал жағдайы;

ü Жұқпалы аурулардың расталған немесе дәлеледенген жағдайы.

Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы аурудың аса тән клиникалық белгілеріне негізделінеді, ықтимал жағдайы эпидемиологиялық мәліметтерге негізделінеді, расталған немесе дәлеледенген жағдайы лабораторлы зерттеулердің нәтижелеріне негізделінеді.

Жұқпалы аурулардың күмәндану және ықтимал жағдайы анықталса жедел түрде санэпидстанцияға хабарландыру беру керек. Осы кезден бастап ауруға қарсы алдын алу шаралар жүзеге асыралыды. Жұқпалы аурулардың расталған жағдай анықталса аурудың диагнозы дәлелденіп ресми түрде тіркеуге кіреді.

 

Е.Н. Павловскийдің табиғи-ошақтық аурулар жайлы ілімі. Е.Н. Павловский табиғи ошақтылықпен сипатталатын аурулардың ерекше тобын бөлген. Табиғи-ошақтыларға табиғи жағдайлар комплексіне байланысты аурулар жатады. Олар белгілі бір биогеоценоздарда адамнан тәуелсіз тіршілік етеді, бірақ адам бұл биогеоценоздарға кірсе залалдануы мүмкін. Табиғи ошақтық аурулардың қоздырғыштары жабайы аңдар арасында тараған және шынайы биогеоценоздардың мүшелері болып табылады.

Мұндай ошақтардың болуын организмдердің үш тобы қамтамасыз етеді: а) ауру қоздырғышы; б) ие ағзасы (ауру қоздырғышының табиғи резервуары); в) егер ауру трансмиссивті жолмен берілсе - тасымалдаушылар. Мысалы, Орта Азияның кейбір аймақтарында пендин жарасы деп аталатын ауру кездеседі. Оның қоздырғышы- қарапайымдылардың бір түрі- лейшмания (Leіshmanіa major). Лейшманияның табиғи резервуары - шөлді жерде тіршілік ететін кеміргіштер. Облигатты тасымалдаушылары - қосқанаттылар отрядына жататын москиттер (бәкене шыбын). Паразитарлы аурулардың көбісі табиғи ошақтық болып табылады. Табиғи ошақтық аурулардың алдын алу шараларын жүргізгенде, қоздырғышты тасымалдаушының және қоздырғыштың резервуары болатын жануарлардың биологиялық ерекшеліктерін білу керек. Табиғи - ошақтық аурулардың таралуын тоқтату үшін, қоздырғыштың айналым тізбегінің бір буынын алып тастау қажет. Табиғи-ошақтық аурулардың басым көп түрі трансмиссивті жолмен беріледі, бірақ берілудің басқа жолдарымен тарайтын аурулар да бар (описторхоз, дифиллоботриоз, трихинеллез).

Облигатты-трансмиссивті жолмен берілетін табиғи ошақтық аурулар оларды тасымалдаушылар ареалының ішінде кездесуі мүмкін. Табиғи-ошақтық аурулардың таралуының шектелуі басқа да жағдайларға (мысалы, климаттық жағдайларға) да тәуелді. Трансмиссивті және табиғи-ошақтық аурулардың ерекшеліктерін диагноз қою және алдын алу шараларын жүргізу кезінде ескеру қажет (С.Ә.Әміреев және соавт., 2005 ж.).

Тек қана адамды зақымдайтын ауруларды антропоноз деп атайды. Бұл аурулардың биологиялық иесі мен ауру көзі тек адам саналады. Мысалы: грипп, іш сүзегі, шигеллез және т.б.

Қоздырғыштары жануарлардан жұғатын және адамды зақымдайтын ауруларды зооноздар деп атайды. Мысалы: бруцеллез, түйнеме, пастереллез және т.б.

Аурудың көзі қоршаған орта объектілері болып табылса, онда ол сапроноздар тобына жатады. Мысалы: ботулизм және т.б. Зоонозды аурулар кей жағдайларда антропонозды сипаттқа аусуы мүмкін: оба, Қырымдық геморрагиялық қызба, құстардың, шошқалардың гриппі, листериоз және т.б.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 11237. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия