Студопедия — Ревматизм
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ревматизм






Ревматизм – бұл организмдегі дәнекер тканьдерінің, негізінен жүрек қабаттарының және қан тамырларының қабынып, зақымдануымен сипатталатын созылмалы инфекциялық – аллергиялық ауру. Ревматизм көбінесе 7-15 жас аралығындағы балаларда байқалады, 2 жасқа дейінгі балаларда өте сирек кездеседі.

Себептері. Аурудың қоздырушысы – бета гемолитикалық «А» тобының стрептокогі. Ревматизм ауруы әдетте бета гемолитикалық стрептококпен шақырылатын баспалардан, скарлатина ауруынан, фарингиттерден кейін 10-15 күн өткеннен кейін басталады. Яғни, ауру туындау үшін, қоздырғыштан басқа бала организмінің ауруға бейімділігінің де үлкен мәні бар. Ревматизм ауруының себептерінің бірі ретіндетұқым қуалаушылық факторды атауға болады, өйткені ол көбінесе ата-анасының біреуі жүрек ауруымен ауырса немесе егіздердің біреуі ауырса байқалатыны байқалды.

Патогенез. Қоздырғыш – бета гемолитикалық стрептококк, өзінен 20 шақты әр түрлі токсиндер мен антигендер бөліп шығарады: стрептолизин - 0, стрептогиалуронидаза, стрептокиназа т.б. Бала организмінде оларға қарсы антиденелер түзіледі: антистрептолизин-0, антигиалуронидаза, антистрептокиназа т.б. Бұл антиденелердің біразы организмнің өз антигендерімен қосылып, аутоантиденелер пайда болады. Антиденелер және аутоантиденелер біріге отырып, дәнекер ткані мен майда қан тамырларын зақымдайды, иммунды қабыну өзгерісі – фибриноидты өзгерістер мен мукоидты ісіну басталады.

Ревматизмнің жіктелуі (ВНОР 1990 жыл)

Клиника. Ревматизмнің жіктелуі таблицада көрсетілген, негізгі 2 сатыда өтеді: белсенді кезең және белсенсіз кезеңде. Жіктелуіне қарай отырып, ревматизмде барлық ағзалар мен жүйелердің зақымданатынын көре аламыз. Ертеректе «Ревматизм жүректі тістейді, буындарды жалайды» деп ауруды ауруды итпен салыстырған нақыл сөз болған.

1. Сонымен, ревматизм ауруында ең жиі (90%-ке дейін)зақымданатын ағзалар-жүрек,қан айналу жүйесі.Ревматизмде жүректің зақымдануы(ревмокардит)әр қабатының бөлек-бөлек зақымдануы түрінде немесе барлық қабатының бәрі бірден зақымдану (панкардит)байқалады.Ревмокардит ауырған балада 1-ші рет байқалса,ол біріншілік ревмокардит немесе ревматизмнің бірінші шабуылы деп аталады.Ревмокардиттердің ішінде жиірек ревматикалық миокардит кездеседі.Миокардит белгілері:жүрек тондарының әлсіреуі, жүрек шекарасының ұлғаюы, жүрек ұшы мен 5-ші нүктеде систолалық шу естілу,тахи немесе брадикардия..Ауыр түрлерінде ентігу, көгеру, қан қысымының төмендеуі,ЭКГ-да “Т” тісшесінің төмендеуі, систоланың ұзаруы.

Эндокардит – жүректің ішкі эндокардит қабатының қабынуы – ревматизм ауруында қақпақшалардың зақымдану салдарынан жүре пайда болған жүрек ақауларының белгілерімен сипатталады. Жиі байқалатын ақау түрлері: қос жақтаулы (митральды) қақпақшаның жетіспеушілігі (недостаточность митрального клапана) және аортальды қақпақшаның ақауы. Митральды қақапақшаның жетіспеушілігінде "үрлеген" сияқты систолалық шу жүрек ұшында және 5-ші нүктеде естіледі. Аорталық қақпақшаның зақымдануында шу диастолалық, төс сүйегінің сол жағынан анықталады, сол қарынша кеңейіп, шекарасы ұлғаяды.

Перикардит – жүректің сыртқы қабатының қабынуы сирегірек байқалады. Бұл кезде баланың жағдайы нашарлай түседі, ентігу, көгеру, жүрек тондары қатты әлсіреп, жүрек көлемі ұлғаяды. Фибринозды перикардитте – перикардтың үйкелу дыбысы естіледі. Диагноз толығымен рентген тексеріс және ЭКГ арқылы анықталады.

2. Жүрек, қан тамырларынан кейінгі жиі өзгеріске ұшырайтын ағза – буындар, олардың қабынуы – артриттер деп аталады. Ревматикалық артриттер полиартрит (бірнеше буынның бірден қабынуы) түрінде байқалады және басқа ауруларда байқалатын артриттерден айырмашылығы болады:

‒ Қабынуға тән барлық белгілермен өтеді – қызару, ісіну, температура көтерілу, қатты ауырсыну, ағзаның қызметінің бұзылуы.

‒ Көбінесе үлкен буындар (тізе, жамбас, шынтақ, тобық) симметриялы түрде зақымданады.

‒ Қабыну бір буыннан екінші буынға тез өтіп отырады.

‒ Салицил қышқылы препараттарымен емдеу тез әсер етеді.

‒ Қабыну басылғасын буын қызметі толық қалпына келеді.

Кейінгі жылдары ревматизм ауруында буын зақымдануы артральгиялар түрінде өтеді: буын қатты қақсап ауырғанмен, ісініп өзгермейді.

3. Кіші хорея – ревматизм ауруында байқалатын нерв жүйесінің зақым – дануы, жиілігі бойынша 3-ші орында тұр.

Ауру белгілері баяу басталады: бала мазасыз, жылауық, тез өкпелегіш, сөзде- рі түсініксіз бола бастайды. Баланың қимылында өзгерістер пайда болады: бет аузын себепсізден себепсіз қисаңдатып, тыржиту, жазуының, жүрісінің өзгеруі, тамақ ішкенде қасық, кесені қолына ұстай алмай қалуы, сол себепті тамақты төгіп-шашып ішуі т.б. Осы аталған белгілердің негізінде келесі патологиялық жағдайлар жатыр: гиперкинездер – бұлшық еттердің жиыры – луының, қимылының жоғарылауы; гипотония – бұлшық ет тонусының тө – мендуі; гипорефлексия – рефлекстердің төмендеуі.

4. Тері қабатында сақина тәрізді немесе есекжемге ұқсас қызарулар пайда болады, көбінесе ревматизмнің 1-ші шабуылында, диагноз қою үшін үлен маңызы бар, негізгі белгілерге жатады.

5. Ревматикалық түйіндер – тез пайда болып, тез жоғалатын тері астында анықталатын, ауырмайтын, әртүрлі көлемдегі домалақ түйіндер, негізінен буын, омыртқа жотасында орналасады.

6. Ревматизм ауруында сирегірек зақымданатын ағзалар – өкпе, бауыр, бүйрек, плевра қуысы. Яғни олардың қабынулары ревматикалық гепатит, пневмония, нефрит, плеврит сирек кездеседі.

Аталған клиникалық белгілердің бәрі белсенді кезеңге тән белгілер, ревма - тизмнің белсенсіз кезеңінде бұл белгілер анықталмайды, лабораториялық тексерістерде де өзгерістер болмайды, бірақ бала толық айығып, жазылып кеткен болып саналмайды – бұл аурудың клиникалық-лабораториялық реми- ссия кезеңі. Организмде әлі қоздырғыштар сақталады, тек олардың белсенді- лігі төмендейді, келесі бір ыңғайлы уақытты күтіп жатады. Сол ыңғайлы уақыт келген(бала организмінің қорғаныш күштерінің басқа аурулар немесе тағы басқа себептерден кейін төмендеуі) ревматизмнің шабуылы қайталана- ды. Қайталанған шабуылдың алдын алу үшін баланың емін белсенсіз кезеңде де тоқтатпау керек.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 9372. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.033 сек.) русская версия | украинская версия