Студопедия — Ы бұрғылауда жүргізілетін негізгі операциялар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ы бұрғылауда жүргізілетін негізгі операциялар






Ұңғыбұрғылауда бұрғы қондырғысын орналастыратын алаңды дайындаудан бастап өзінің міндетін орындап болған ұңғыны жоюға дейін көптеген операциялар жүргізіледі. Олар бұрғы ұңғысына келетін жолдарды дайындау, жуғыш сұйықтар құятын зумф қазу, оларды тазалайтын арықтар, тұндырғыштар дайындау, бұрғы мұнарасын, станокты, бұлқынды орналастыру, бұрғы құралдарын ұзарту, тозған жыныс талқандағыш қашауды айырбастау, ұңғыдан керн алу, әртүрлі геофизикалық және гидрогеологиялық зерттеулер, аварияны жөндеу, ұңғыны жасанды түрде қисайту және тағы басқа көптеген операциялар.

Осы операциялардың ішіндегі ең негізгілері:

a)ұңғы забойындағы тау жыныстарын талқандау. б)бұрғылау кезінде пайда болған жыныс ұнықтарын (шламды) жер бетіне шығару. в)ұңғының орнықсыз қабырғаларын бекіту.

Ұңғы забойындағы тау жыныстарын талқандау әртүрлі әдістермен жүргізіледі.

Олардың ішінде көп қолданылатыны механикалық әдістер. Бұл әдістердің ең негізгі ерекшелігі тау жыныстарын талқандау үшін механикалық құрал пайдаланыды. Мысалы:айналма бұрғылау әдісінде тау жыныстарын талқандауға әртүрлі коронкалар,кескіш қашаулар, шарошкалы қашаулар және тағы басқа механикалық құралдар пайдалынады. Соққылап талқандау әдісінде қашаудың бірнеше түрлері қолданылады: екі тавролы қашау,шапқыш қашау,айқыш қашау,дөңгелектеуші қашау және т.б.

Талқандаудың механикалық әдістерінен басқа физикалық-механикалық және қосынды әдістер бар.

Мысалы:гидромониторлы,гидроимпульсті,акустикалық,отпен,плазмамен,электр-мен талқандау әдістері. Бірақ бұлардың көпшілігі өндірісте қолданылмайды. Тек отпен талқандау ғана карерлерде саяз қопаруға арналған ұңғыларды бұрғылауға қолданылады.

Жыныс ұнтақтарын жер бетіне шығарудың әдістері үшке бөлінеді.Олар:механикалық гидравликалық (пневматикалық)және қосынды әдістер.

Механикалық әдістерде жыныс ұнтақтарын шығару үшін шнекті құрал, желонқалар,жылан бұрғы, бұрғы қасығы т.б. құралдар қолданылады.

Гидравликалық (пневматикалық) әдістерде жыныс ұнтақтарын ұңғыдан шғаруға жуғыш сұйықтар (қысылған газ немесе ауа) қолданылады.

Қосынды әдістерде жыныс ұнтақтарын шығаруға жуғыш сұйықтармен қоса бір механикалық құрал (мысалы:шлам жинағыш құбыр) қолданылады.

Ұңғының орнықсыз қабырғаларын бекіту үшін шегендеуші құбырлар, балшық ерітінділері,битум,сұйық шыны т.б. көптеген тығындағыш заттар қолданылады. Ұңғы қабырғаларындағы орнықсыз тау жыныстарын бекіту,немесе олардағы тесік жарықшақтарды ерітінділермен немесе қою қоспалармен бітеуді тығындау(тампонаж) дейді.

Ерітінділерді, қою қоспаларды ұңғыға әртүрлі әдістермен тасиды.Егер ұңғы саяз болса, оның сағасы арқылы қолмен шариктер жасап тастайды. Терең ұңғыларға ерітінділерді бұрғы құбырлары арқылы насоспен немесе цементтейтін агрегаттармен тасиды,қою қоспаларды әр түрлі тығындағыш снарядтармен контейнерлермен апарады.

ҚӘ /7/

Бақылау сұрақтары:

1. Соққылап бұрғылау әдісін түсіндір

2. Айналма бұрғылау әдісін түсіндіріңдер

3. Дірілді бұрғылау әдісін қалай түсінесіңдер

 

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1989. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия