Студопедия — Тақырып. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау






Жоспар:

1. Ұңғыларды бұрғылау жұмыстарын зерттеу

2. Бұрғылау қондырғысын зерттеу

 

Ұңғыма туралы түсінік.

 

Ұңғыма дегеніміз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші, цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны.Ұңғыманың басталатын жері- сағасы, цилиндрлі беті- қабырғасы не оқпаны, ең төменгі шеті- түбі деп аталады.Сағасынан түбіне дейіңгі оқпан бойынша ара-қашықтық ұңғыма ұзындығы,ал ұңғыма осі проекциясының тіке аралығы тереңдігі деп аталады

.

А) Б) В)

 

1-сурет. Ұңғымалар сүлбесі

 

а,б- тіке ұңғы

в-көлбеу ұңғы

а,б-керн алмай бұрғылау

в-керн алып бұрғылау

1.ұңғы сағасы

2.ұңғы оқпаны (қабырғасы)

3.ұңғы осі

4.ұңғы түбі

5.керн

 

Керн-үлгітас бұрғылау арқылы алынған цилиндр пішінді жыныс үлгісі.

Ұңғымаларды тіке және көлбеу бұрғылайды.Олардың диаметрі аралықтан аралыққа кішірейіп отырады.Мұнай және газ ұңғымаларының бастапқы диаметрі 165 мм-ден кем болмайды.

Ұңғымаларды тау жыныстарын тұтастай (кернсіз) немесе оның шет жағын ғана талқандау (керн алу) арқылы тереңдетеді.Ұңғымаларды бұрғылау теңіздерінде, құрлықта бұрғылайды.

Теңіздегі бұрғылау бұрғылау қондырғылары эстакадаларға, арнайы ірге тастарға немесе қалқыма платформаларға, кемелерге орнатылады.Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау роторлық бұрғылаумен бұрғыланады.

Мұнай-газ кен орындарын геологиялық зерттеу, іздеу, барлау және пайдалану мақсатымен бұрғыланатын барлық ұңғымалар төмендегідей топтарға бөлінеді:

1.Тіректік ұңғымалар- ірі аймақтардың геологиялық құрылымы мен гидрогеологиялық жағдайларын зерттеу, мұнай және газ жиналатын шөгінді

тау жыныстары жинақтарының таралу заңдылықтарын анықтау үшін қазылады.

2.Параметрлік ұңғымалар.Төмен тереңдіктегі тау жыныстарының геологиялық құрылысын зерттеу және перспективалық пен орындарын анықтап,оларды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатымен қазылады.Сонымен қатар тау жыныстары тілмесінің геологиялық, геофизикалық сипаттамасынан сейсмикалық, геофизикалық зерттеулер қорытындысын анықтайтын мәліметтер алу үшін.

3.Құрылымдық ұңғымалар.Тіректік параметрлік ұңғымаларды бұрғылау барысында анықталған құрылымдарды іздеу,барлау жұмыстары жобаларды дайындау мақсатымен қазылады.Құрылымдық бұрғылау және геофизикалық зерттеу нәтижелері тау жыныстарының орналасу ерекшеліктерін, физикалық қасиеттерін анықтау үшін және құрылымдық картасы үшін қолданылады.

4.Іздеу ұңғымалары.Геологиялық іздеу жұмыстары (геофизикалық суретке түсіру, құрылымдық бұрғылау,геофизикалық және геохимиялық зерттеулер) мәліметтері бойынша дайындалған кен орындарының мұнай мен газының барлығын анықтау немесе оның жаңа қорларын ашу үшін ұазады.Іздеу ұңғымалары бұрғыларын бұрғылау барысында тау жыныстары үлгілерін су, газ, мұнай сынамаларын алу арқылы кен орнының геологиялық тілмесі мұқият зерттеледі.

5.Барлама ұңғымалар.Өндірістік мұнай мен газдың бары анықталған кен орындарында оның қорын есептеу кен орнын пайдалануға дайындау мақсатымен қазылады.

6.Пайдалану (өндіру) ұңғымалары.Толық барланған және пайдалануға дайындалған кен орындарында мұнай-газ өнімдерінөндіру үшін қазылады.Бұл ұңғымалар қатарына осы кен орындарын пайдалануға тікелей қолданылатын бағалау,бақылау,қабатқа сұйық, газ айдаушы ұңғымалар да жатады.

6.1 Бағалау ұңғымалары- қабат жұмысы режимін кен орнын игерудің технологиялық көрсеткішін игеру сүлбесін анықтау үшін қазылады.

6.2 Бақылау ұңғымалары кен орнының игеру режимін үзбей қадағалап отыру үшін

6.3 Айдау ұңғымалары өнімді қабат қысымын түсірмей, қабатқа су, газ айдап белгілі бір шамада ұстап тұру үшін қолданылады.

7.Арнайы ұңғымалар өндірістік су қалдықтарын жинау, жер асты газ қоймаларын дайындау, ашық мұнай-газ фонтандарын тоқтату техникалық су қорларын барлау және пайдалану үшін қазылады.

 

2-сурет. Бұрғылау қондырғысының сүлбесі

 

1- кронблок

2- мұнара-вышка

3- талевый канат(тәл арқаны)

4- талевый блок (тәл шоғыры)

5- крюк (ілмек)

6- вертлюг (ұршық-бұрғы құбырлары тізбегін айналдырушы тетік)

7- гибкий шланг (иілмелі шлангі)

8- стояк(бағана)

9- ротор

10- насос(сорап)

11- приемные резервуары (қабылдау ыдысы, резервуар-сұйық сақтайтын көлемді ыдыс)

12- система(жүйе)

13- ведущая труба (жетек құбыр)

14- лебедка (шығыр-жүк көтергіш құрылғы)

15-бурильные трубы (бұрғылау құбыры)

16-затрубное пространство (құбыр аралық кеңістік)

17-утяжеленные бурильные трубы(УБТ)(ауырлатылған бұрғылау құбыры)

18-долота(қашау)

Тау жыныстарын бұзушы аспап- қашау. Қашаулар түрлері: алмас қашаулар,шарошкалы қашаулар,колонкалық қашаулар болып бөлінеді.

Тау жыныстарын бұзушы аспаптар негізгі атқаратын міндеттеріне қарай 3 топқа бөлінеді:

1. ұңғыма түбін тұтастай бұрғылауға арналған қашаулар

2. ұңғыма түбін айналдыра бұрғылап тау жыныстары үлгісін- керн алу үшін қолданылатын бұрғы ұштары,коронкалар

3.қосалқы аспаптар найза тәрізді қашаулар,кеңейткіштер.

НӘ /2, 3/, ҚӘ /2/







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 7708. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия