Студопедия — СИЛЛАБУС
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СИЛЛАБУС

СИЛЛАБУС

Мамандық бойынша міндетті пән

KN 1109 Құқық негіздері

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

(барлық мамандықтар үшін)

 

Астана 2013

Құқық негіздерінен

СИЛЛАБУС

 

1. Хайрмуханмедов Нурбек Исабайұлы «Мемелекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының» аға оқытушысы.

Байланыс телефоны: 709-500 (31218).

2. Ғылыми қызығушылығы: Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық;

3. Ғылыми мектебі: Анкара университеті, Түркия

4. Курстың атауы: Құқық негіздері, кредит саны - 2

5. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: кесте бойынша.

6. Оқу пәнінің пререквезиттері: Пәнді тиімдірек меңгеру үшін мемлекет және құқықтың теориясы мен тарихы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, мемлекет және құқықтың мәні мен пайда болуына қатысты негізгі теориялар, Қазақстанның мемлекеттік құрылысы, құқықтық жүйесі, арнайы құқық салаларының жалпы мазмұнын тереңірек игеру керек.

Постреквизиттері: Құқық негіздерін оқыту студенттерге мемлекеттік құқықтық құбылыстардың жеке тұлғаларымен қарым-қатынасын, демократиялық қоғамдағы және саяси жүйедегі ерекшеліктерінің маңызын, заңдылық, адам құқықтары мен бостандықтары, құқық бұзушылық пен құқыққа сәйкес мінез-құлықтың мазмұнын нақты түсінуге көмектеседі.

7. Пәннің сипаттамасы.

7.1. Пәннің оқу үдерісіндегі орны. Құқық негізі барлық мамандық студенттері үшін міндетті оқу пәні болып табылады, себебі, әрбір азаматтың бойында құқықтық сананы орнықтырып, құқықтық мемлекет қалыптастыру үшін барша азаматтар өзінің құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін, елдегі конституциялық құрылыстың негізгі сипатын, сонымен қатар, қоғам өмірінің көптеген саласын реттейтін құқық салаларын немесе кодекстер мен заңдар туралы жалпы мәлімет пен түсінікке ие болуды қамтамасыз ету болып табылады.

7.2. Мақсаты: Мемлекет пен құқықтың негізгі мәні, мақсаты және міндеттерін түсіндіру, адам мен азаматтың басты конституциялық құқықтары мен бостандықтарын оқып білу, адам мен азаматтардың заңды мүдделері немесе құқықтары бұзылған жағдайда оларды заң шеңберінде қорғаудың жүйесі мен тәсілін үйрену, Қазақстанның конституциялық құрылысы мен мемлекеттік және құқықтық жүйесін үйрену, қоғамдық өмірді реттеп отыратын отандық құқық салаларын жеке-жеке саралап, оқып үйрену болып табылады.

7.3. Оқу пәнінің міндеттері

- студенттердің юридикалық ойлауын, кәсіби құқықтық санасын және жоғарғы құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

- Қазақстанның қоғамдық өмірінде болып жатқан оқиғаларды дұрыс бағдар жасау қабілетін жаттықтырады, оларға дұрыс баға беру;

- мемлекет пен құқықтың мәні, мақсаты және пайда болуына қатысты ғылыми теориялармен танысу;

- адам құқықтары мен бостандықтары, оның конституцияда белгіленген міндеттерін жүйелі түрде оқып үйрену;

- Қазақстанның конституциялық құрылысы мен саяси, құқықтық жүйесін, мемлекеттік құрылысын үйрену;

- құқықтың маңызды салалары болып саналатын конституциялық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы, салық құқығы, әкімшілік құқық, іс-жүргізу құқығы және т.б. құқық салаларының жалпы мәнін, ерекшеліктерін оқып үйрену;

- Мемлекеттің құқықтық актісіне деген құрметтеушілік қатынасты қалыптастыру және оның бұзылуына төзімділік танытпау;

- Студенттерге жоғарғы азаматтылық, қоғамдық парызды жане оның жүзеге асырылуына деген сенімділік қағидаларына машықтандыру.

7.4. Оқу тәртібінің мазмұны:

Дамыған елдердiң тәжірибесiн дұрыс талдап, дұрыс бағалай бiлу тәуелсiздiкке үйренудiң ең басты тағлымы. Бiздiң мыңдаған жылдарғы мемлекеттiк дәстүрiмiз бар. Бiрақ өркениеттi мемлекет болуға ендi ғана бет бұрдық.

Кеңестiк дәуiрiнде заң ғылымын Марксизм теориясына сәйкес түсiнiп, ғылыми зерттеулердi құқықтық мамандарды дайындау осы бағытта жүргiзiлiп келген. Дүниежүзiлiк заң ғылымымен байланысымыз жоқтың басы болды. Олардың мемлекеттiк және құқық теориясының жаңалықтары мен жетiстiктерi шамалап қана қолданылады. Сөйтiп, Кеңестiк заң ғылымы бiр жақты дамып көп кемшiлiктерге әкеп соқты.

Қазiргi ТМД елдерiнде заң ғылымы бiр идеологияның құрсауында болудан бостандық алып, дүниежүзiлiк ғылымымен ортақтасып, мемлекет және құқық теориясын жан-жақты дамытуға мүмкiншiлiк қалыптасып, бұрынғы жiберiлген қателердi, кемшiлiктердi түзетуде.

Бiз қазiр құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құрып жатырмыз. Ескіден арылуды ескере отырып, болашақта құқықтық мемлекеттің жоғарғы шыңына жетеміз деп ойлаймыз. Әрқашанда студенттерді жақсылыққа үйретуді мақсат етемiз.

7.5 Пәнді оқыту жоспары:

Апта № Тақырыптың атауы Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны БӨЖ тапсырмалары
1.   Мемлекет теориясының негіздері   (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) Ауызша сұрау Мемлекеттің мәні және мақсаты, міндеттері, оның пайда болу теориялары, қазіргі заманғы мемлекеттердің түрлері бойынша негізгі және қосымша әдебиеттерге шолу жасау, конспект жазу;
2. 2 Құқық теориясының негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) Кесте құру Құқық теориясының негіздері аясында құқық нормалары мен қазіргі заманғы құқық жүйелері бойынша кесте жасау
3. Конституциялық құқықтың негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) Баяндама жазу 2011 жылғы конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруды қарастыру. Президент, Парламент және Үкіметтің өкілеттіліктері бойынша конспект жасау.
4. Әкімшілік құқықтың негіздері     (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) Баяндама жазу «Мемлекет басқару принциптері» атты схема құру
  Азаматтық құқық негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) Бақылау жұмысы   Азаматтық құқық бойынша ҚР Азаматтық кодексіне жалпы шолу жасау, негізгі негізгі ұғымдары бойынша конспект жасау;
5. Еңбек құқығының негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) Ауызша сұрау Жеке және ұжымдық шарт бойынша жұмыс дайындау;
6. Қылмыстық құқық негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) Бақылау жұмысы Жазаның мақсаты мен мазмұны, қылмыстың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша эссе жазу;
  Іс жүргізу құқығының негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) реферат дайындау Іс жүргізу құқығының негізгі ұғымдары, іс-жүргізу мерзімдері, дәлелдемелер бойынша конспект жасау;
  Отбасы құқығының негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) дискуссия Неке туралы ҚР Заңымен танысу, ерлі-зайыптылардың құқығы мен міндеттерін қарастыру;
  Қаржы құқығының негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) ауызша сұрау Қаржы құқығы бойынша материалдар жинау, қаржы құқығы саласын реттейтін заңдармен танысу;
7. Салық құқығының негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) Баяндама дайындау Салықтың түрлері бойынша кесте құрастыру;
8.   Кәсіпкерлік құқық негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) реферат жасау Кәсіпкерлік құқықтың даму негіздерін қарастыру, кәсіпкерлік саласын реттейтін заңдармен танысу;
9. Экологиялық құқық негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) Бақылау жұмысы Экологиялық құқық аясында қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері бойынша реферат дайындау;
10.   Жер құқығының негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ) Баяндама дайындау Жер құқығы бойынша негізгі заңдармен танысу және оны саралау, конспект жасау;
11.   Банк құқығының негіздері (1дәріс,1сем, БӨЖ- 2 сағ)   Банк құқығы бойынша заңдармен танысу, банк құқығы бойынша өзекті мәселелер бойынша конспект жасау;
12. Барлығы 15 сағ. – дәріс 15 сағ. – семинар 30 сағ- БӨЖ  

8. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

8.1. Негізгі әдебиеттер:

1. Н. Дулатбеков, С. Амандыкова, А.Турлаев. «Мемлекет және құқық

негіздері» Астана 2001ж.

2. Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, 1999 ж.

3. В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.

4. Г.С. Сапаргалиев «Основы государства и права». Учебное пособие.

Жеті жарғы. Алматы, 1999г.

5. Е.Баянов «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының

негіздері» Алматы, 2003 ж.

8.2. Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз, 1995 жыл.

2. Декларация о государственном суверенитете КазССР,от 25 октября

1990 г.

3. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы, 1999 жыл

10 желтоқсан.

4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім 1994

жылы 27 желтоқсан, Ерекше бөлім 1999 жылы 1 шілде.

5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 1998 жыл 1 қаңтар.

9. Білімді бағалау

Семинар сабағы барысында ағымдық бақылау жүргізу оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы, кроссворд шешу, тест түрінде бақылау жүргізу жоспарланып отыр. Қорытынды сынақ түрінде өтеді.

Ағымдық бақылау - 20%

СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын бақылау - 20%

Ағымдық бақылау:

Коллоквиум - 10%

Бланкілік тестілеу - 10%

Ағымдық және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау - 40%

 

10. Оқу пәнінің саясаты:

«Құқық негіздері» пәні міндетті пән болып табылады. Оқу жүктеме 2 кредиттен тұрады, лекция –15сағат, практикалық сабақ – 15 сағат.

Курсқа келесі бақылау түрлері мен әдістері кіреді: курсты оқыту барысында бұл тақырыптың бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық тестер, пікірталас, зерттеу жұмыстары (реферат), қорытынды сынақ түрінде жүргізіледі.

Студенттердің білімін бағалауда семинар барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

Қатысу: Сабаққа міндетті түрде қатысу қажет. Егер де студент қандайда бір себеппен сабаққа қатыса алмаған жағдайда берілген дәріс материалдарын өздігінше игеруге міндетті.

Үй жұмысы: Үй жұмысы міндетті түрде орындалуы қажет және әр аптада сабақ біткеннен кейін тапсырылуы тиісті. Үй тапсырмасы өткен материалды пысықтай түсу үшін арнайы әзірленген.

Емтихан: Қорытындысы бойынша бағалау баллдары қойылады. Емтихан кезінде дәріс дәптерін және кез-келген кітаптарды пайдалануға тиым салынады.

Студенттің тәртібі: Сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде ұялы телефон қолданбау, сабақ кезінде сөйлеспеу, орынсыз себептерсіз сабақты тастап кетпеу, келмеген күндегі сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтеуі қажет, тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

Ұсыныстар: Оқу үрдісіне белсенді қатысу, үй тапсырмасын ынтамен орындау, сабақта қарама-қарсы байланысты қолдау, ұжымдық жұмысқа жәрдемдесу, ұқыпты және міндетті болу қажет. Курстастарына және оқытушыларға ашық, шыдамды және мейірімді болу қажет.

6. Оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау

Семинар сабағы барысында ағымдық бақылау жүргізу оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (реферат, эссе жазу және т.б.), пікірталас өткізу, тест немесе бақылау жұмысын жазу түрінде оқыту нәтижелерін бағалау жүргізу жоспарланып отыр. Қорытынды емтихан тест түрінде өтеді.

 

Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №___ «___» _________ 2014 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі _______________________ Бусурманов Ж.Д.

 

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Reference. 1. Новая история стран Европы и Америки, т.1,2,,3, М, 2006 (библиотека КАУ) | Other professional information

Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2235. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия