Студопедия — Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін шешу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін шешу






1996 жылдан бастап арнайы құрылған бес жақты тұрпаттағы құрылым – Каспий жағалауы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнаулы жұмыс тобы (АЖТ) жұмыс істейді. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу жөніндегі келіссөздер он жылдан астам уақыт бойына жалғасып келе жатқанына қарамастан, осы үрдіске қатысушылардың ұстанымында елеулі айырмашылықтар орын алып отыр.

Мәселелердің Каспий топтамасын талқылау үшін жағалаудағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің екі кеңесі өткізілді және «Каспий бестігі» басшыларының саммиті (2002 жылғы 23–24 сәуірде Ашхабад қаласында) ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі ұстанымы БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының теңіздің түрлі учаскелерінің режиміне және еніне қатысты жекелеген ережелерін Каспийге қатысты да қолдануда олып отыр.

Балық аулау және биоресурстарды пайдалану мәселелеріне қатысты Қазақстан оларды тиісті аймақтарда, сондай-ақ ашық теңізде балық аулаудың келісілген үлестемесі және кәсіпшілікті лицензиялау негізінде жүзеге асыру қажет деп есептейді.

Теңіз бетінің қалған бөлігіне (ашық теңізге) жағалаудағы мемлекеттердің сауда кемелері үшін кеме қатынасы бостандығы режимін қолдану қажет. Келісілген бағыттар бойынша авиация қатынастарына теңіздің үстіндегі әуе кеңістігі де еркін болуға тиіс.

Каспийдің табаны мен ресурстарын Қазақстан Каспий жағалауындағы мемлекеттердің арасында аймақтарға бөлу қажет деп есептейді, олардың шегінде бұл мемлекеттер табиғат ресурстарына барлау жүргізуге және оларды өндіруге айрықша құқықтар алуға тиіс.

Транзит мәселесі жөнінде ішкі құрлықтық Каспий мемлекеттері (Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан) бірқатар халықаралық әмбебап шарттарға сәйкес Ресей Федерациясы мен Иран Ислам Республикасының аумақтары арқылы барлық көлік құралдары басқа теңіздер мен әлемдік мұхитқа қол жеткізуі үшін транзит еркіндігін пайдалануға тиіс.

Су асты кабельдері мен құбыр желілерін төсеу бағыттарын белгілеу жөнінде Қазақстан тараптың келісуімен, олар төселуге тиіс теңіз түбінің учаскесі арқылы тиісті жобаларды іске асыруды ұсынады.

Каспийдің солтүстік бөлігі табанының шекаралық аражігін ажырату мәселесі 1998 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қойнауды пайдалануға егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанының шекаралық аражігін ажырату туралы келісімге және 2002 жылғы 13 мамырдағы осы келісімге тіркелген хаттамаға қол қою жолымен анықталды, олар 2003 жылғы 16 мамырдан күшіне енді.

2001 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі табанының шекаралық аражігін ажырату туралы келісімге және осы келісімге тіркелген 2003 жылғы 27 ақпандағы хаттамаға қол қойылды. Бұл құжаттар тиісінше 2003 жылғы 18 шілдеде және 30 желтоқсанда күшіне енді.

Сондай-ақ 2003 жылғы 14 мамырда Қазақстан, Әзірбайжан және Ресей арасында Каспий теңізі табанының шектес учаскелерінің шекаралық аражігін ажырату шебінің түйіскен жері туралы келісім жасалды. Бұл құжат 2004 жылғы 7 қаңтарда күшіне енді.

Каспийдегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 2003 жылғы 4 қарашада Каспий теңізінің теңіз алабын қорғау жөніндегі шектеулі конвенцияға қол қойылды. Бұл құжат Әзірбайжанның оны іске асыру үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындамауына байланысты күшіне енген жоқ.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 800. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия