Студопедия — Азақстанда саяхатта болған орыс ғалымдары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстанда саяхатта болған орыс ғалымдары.






Қазақстанды зерттеу үшін құрылған экспедицияны басқарған статист, әрі азаттық қозғалысының өкілі Ф.Щербина болды. Ф.Щербина ұйымдастырған экспедиция жұмысы нәтижесінде 1898 жылы «Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер» еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекке қажетті деректерді жинап, мәтінін жазуға қазақ ғалымы Ә.Бөкейханов белсене қатысты.

Жоңғария шапқыншылығынан қазақтарды қорғауда елеулі орын алған Ресейдің әскери барлау экспедицияларын подполковник И.Бухгольц басқарды. И.Бухгольц І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша «Азияға жол іздеу» талабымен құрылған әскери экспедицияны да басқарған.

XVIII ғ. Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болған алғашқы ірі экспедицияға А.Бекович-Черкасский басшылық етті.

1769ж. П.С.Паллас өлкеге жасалған экспедицияны басқарып, “Ресей империясының әртүрлі шет аймақтарына саяхат” деген еңбегін жазды.

Сібір тарихын зерттегені үшін Г.Ф.Миллер “Сібір тарихының атасы” деп аталды. Миллер көптеген бағалы деректер әсіресе, Жоңғар тұтқынынан Абылайдың босатылуы туралы мәліметтер қалдырған.

XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Орынбор өлкесінің Колумбы деп аталған орыс ғалымы Рычков “Орынбор тарихы” және “Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы” деген еңбектерін жазған. 1771 жылы Н.П.Рычковтың Орынборда жазып қалдырған еңбегі “Қырғыз-қазақ даласы туралы күнделік жазбалар” деп аталды. Рычков Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп берген ғалым. Қазақстан туралы еңбегі үшін ол Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болды.

XIX ғ. 80 жылдары В.Веселовский Жоңғария картасын алғаш рет орыс география қоғамы жазбасына жазды.

Орыс экспедициясында болған тұтқындағы швед Ренаттың жасаған картасы “Жоңғария картасы” деп аталады.

XIX ғасырдың I жартысында Қазақ тарихы туралы көлемді еңбекті жазған орыс тарихшысы А.Левшин болды. Орыс ғалымдарының Қазақ өлкесін зерттеу жұмысының негізгі қорытындысы А.Левшиннің “Қырғыз-қайсақтық ордалар мен далаларды суреттеу” атты еңбегі.

Қазақстанда болып, XIX ғасырдағы Қазақстан туралы жазған К.Мейер өзінің “Орынбор ведомствасының қырығз даласы” еңбегінде Кіші жүз тарихын статистикалық жағынан сипаттады.

Вольховский 1825 ж. Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, “Кіші жүз руларының” картасын жасаған.

Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін толық зерттеген А.Добросмыслов “Торғай облысы. Тарихи очерк” еңбегін жазды.

В.Даль 1833-1841 жылдары Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды. В.Даль “Бөкей мен Мәулен” повесін жазып, Орынбор қазақтарының өмірін сипаттаған. В.И.Даль 1836-1838 ж.ж. шарулар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына қолдау білдірді.

1833 жылы Пушкин Орынборға Пугачев көтерілісінің тарихы туралы материалдар жинау үшін келді. Пугачевтің музейі Оралда болғандықтан Пушкин бұл қалада да болды. Пушкин Қазақстанда жүріп, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу поэмасын қағазға түсіріп алды.

1845ж. Қазақстанда Орынбор, Омбы, Семей қалаларында орыс географиялық қоғамының бөлімдері ашылды. Мәселен, Шәкәрім Құдайбердіұлы Семейдегі орыс географиялық қоғамының мүшелігіне сайланған.

1848-1849ж.ж. Каспий теңізін зерттеуге бағытталған экспедицияны Карелин басқарса, Арал теңізін зерттеуге бағытталған экспедицияны Бутаков басқарды. Макшеев Бутаков экспедициясының құрамында айдауда жүріп, қазақтардың тұрмысын сипаттады және Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхатты сипаттап, қазақтардың ауыр жағдайын суреттеді.

XIX ғ. II жартысында дүние жүзіне әйгілі ғалым Семенов Тянь-Шаньский Алтайға, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, өлкені жан-жақты зерттеді. “Ресей отанның толық географиялық сипаттамасы” еңбегінің “Қырғыз өлкесі”, “Түркістан өлкесі” деген бөлімдерін қазақ өлкесі мен Орта Азияға арнады. Ол өз саяхатының бір маршрутында Шоқанмен бірге болған.

XIX ғ. II жартысында этнограф Радлов Жетісу мен Іле алқабын зерттеп, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтады.

М.Красовский “Сібір қырғыздарының облысы” еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді.

Қазақстанда саяхатта болған орыс суретшісі Верещагин “Лепсі өлкесін қоршаған таулар” атты картина салған.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3943. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия