Студопедия — Жатады.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жатады.






2.1. Элективті қоректік орталарға себу əдісі

2.2. Шукевич əдісі

2.3. Жоғары температурада өсіру (бактериялар,

спорасына арналған) əдісі

2.4. Химиялық заттарды қолдану (туберкулез

бактерияларына арналған Аликаев əдісі)

2.5. Зертханалық жануарларды зақымдау əдісі

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Алдыңғы сабақта ауа микрофлорасы егілген қоректік ортадан

жеке колониялардан қиғашталған агарға таза өсінді алу үшін

себінді жасау. Сонымен қатар сол колониядан препарат жасап

микроскоп арқылы зерттеу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Əр түрлі микрофлорасы бар Петри аяқшасы, оқшауланған

колонияларды себуге арналған ЕПС, ЕПА, жəне ЕПЖ,

бактериологиялық ілмешектер, Пастер түтікшелері, тпателдер,

бояулар, Пфейфер фуксині, Леффлер көгі, заттық əйнектер,

шыныға жазатын қарындаштар.

Тақырып. Су микрофлорасы. Судың коли – титрін анықтау

Сабақтың мақсаты: 1. Судағы бактериялардың жалпы санын

зерттеуді үйрену

2.Coli – титр мен Coli – индексті анықтау мəнін

түсіну

Бақылау сұрақтары

1. Coli – титр мен Coli – индекс дегеніміз не?

2. Судағы бактериялардың жалпы санын қалай анықтаймыз?

3. Судың санитарлық бағасын қалай анықтайды?

Сабақтың мазмұны

Əр түрлі су қоймаларының сулары көптеген

микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар

жəне т. б.) тіршілік ететін табиғи ортасы болып есептеледі. Судағы

микроорганизмдердің дамуын көрсететін фактор – ондағы қоректік

заттардың мөлшері деп есептеуіміз керек. Су неғұрылым

органикалық заттарға бай болса, соғұрылым микробтар да көп

болады. Судағы микробтардың өніп – өсуіне қарап оның тазалық;

нəтижесін де анықтауға болады.

Əр түрлі топырақ сапрофиттері мен суда тіршілік етуге

бейімделген ерекше микроорганизмдер, сонымен бірге түрлі ауру

қоздырғыш микробтарда тіршілік етуі мүмкін. Түрлі жұқпалы

аурулардың таралуы қоздырғыштардың ауру адам мен жануарлар

аурулардың таралуы қоздырғыштардың ауру адам мен жануарлар

бөліп шығаратын заттарымен бірге келіп түсуіне байланысты.

Бұлардың ішінде энтеробактериялар, (сальмонеллалар, іш сүзегі,

дизентерия таяқшасы т. б.) оба вибриондары, бруцеллалар,

туляремия жəне микробактериялар, патогенді лептоспиралар аса

қауіпті. Бұл микробтар суда өне бойы тіршілік ете бермейді. Белгілі

бір қолайсыз жағдайлар ісерімен суға түскен микробтар біраздан

кейін қырылып қалып судың өздігінен тазаруы мүмкін. Əрине сол

азғантай уақыт і шінде бұл микробтар орны толмас зиян келтіруі

ықтимал. Сондықтан су адамдар, жануарлар жəне өсімдіктер

арасында инфекцияны жаппай таратушы фактор болуы мүмкін.

Санитарлық тұрғыдан тек патогенді микробтар бар су ғана емес,

сапрофит бактериялар көп жиналған су да аса қауіпті болып

саналады. Оның себебі бактериялары көп сулардың өзінде түрлі

органикалық заттар да мол болады.

Сондықтан суға санитарлық – биологиялық сипаттама беру

былайша жүргізіледі.

1. Жалпы бактериялармен ластануды (микробтардың 1 мл

судағы санын анықтау) зерттеу.

2. Мембранды сүзгімен Coli – титр мен Coli – индексті

анықтау.

1. Судың жалпы микробтармен ластануын, олардың 1 мл –

ден санымен анықтайды. Зерттелген суды ластану дəрежесіне қарай

залалсыздандырылған сумен 1:10, 1:100 жəне тағы басқа да

дəрежеде сұйылтумен тексереді. Содан соң əр сұйылтылған

дəрежеде 1 мл – ден алып, Петри аяқшасына құяды. Əр Петри

аяқшасына 45° с дейін балқытылып салқындатылған ет – пептонды

агарды құяды да, тегіс жерде шайқап араластырады.

Салқындатылған аяқшаларды төңкеріп 24 сағатқа термостатқа

қояды. Содан соң өсіп шыққан микробтар колониясын есептейді.

Аздап ластанған судан өскен колониялардың бəрін санайды. Егерде

колониялар тым көп өсіп кетсе (200 жəне одан да көп) бұларда

автоматты түрде есептейтін есепшотты қолдану керек. Өсіп

шыққан колониялар саны себілген көлемдегісудағы

микроорганизмдер санына сəйкес болады. арифметикалық орта

көрсеткіш алу үшін əр аяқшада өскен колонияларды жеке санап,

содан соң тиісті сұйылту дəрежесін көбейту керек. Əр аяқшадан

алынған нəтижені қосып себілген аяқшалардың жалпы санына

бөледі. Алынған сан – суды жалпы микробтармен ластану

көрсеткіші болып есептеледі.

Тұрмыстық түтіктен ішетін ауыз судың 1 мл – де бактерияр

колонияларының саны 100 – ден аспауы керек.

2. Судың коли – титрін анықтау. Судың жас нəжіспен

ластануының индикаторы өне бойы ішекте тіршілік ететін ішек

таяқшасы болып есептеледі. Судан табылған ішек тачқшасын ың;

санының нəтижесі коли – титр жəне коли – индекс ретінде

тіркеледі.

Коли – титр құрамында бір ішек таяқшасы бар судың белгілі

мөлшерімен анықталады. Коли – индекс 1 л суда кездесетін ерекше

ішек таяқшасының саны.

Қазіогі кезде МҚСТ – 5216-50 сəйкес ішек таяқшасының титр

мембранды сүзгілер көмегімен анықталады.

Мембранды сүзгілер əдісі. Бұл ə діс бөтен қоспалары жоқ;

біршама таза сулар үшін қолданады. Сүзгінің өзі диаметрі 35 мм

нитроцеллюлозадан жасалған дөңгелекшелер. Ірі жəне ұсақ;

саңылаулы сүзгіштер (№1, 2, 3, 4, 5) деп ажыратылады. Суды сүзу

үшін №3 сүзгі ұсынылады. Жұмысты бастар бұрын сүзгіні 50 –

60°С температурасы бар дистелденгенсуға салады да, 10 – 15 минут

бойына суды араластырып, 2 – 3 рет қайнатады. Осылай өңделген

сүзгіні залалсыздандырып Зейтц аппаратының үстеліне

орналастырады. Суды залалсыздандырылған варонка арқылы

сүзеді. Сүзуді Комовский аппаратының көмегімен жүргізеді. Ауыз

суды 300 – 500 мл мөлшерде алып сүзеді. Сүзіп болғаннан соң;

сүзгіні залалсыздандырылған пинцетпен алып, Петри

аяқшасындағы Эндо ортасына жайып салады. Аяқшаларды 24

сағатқа термостатқа орналастырады, ішек таяқшасына тəн өсіп

шыққан колонияларды санайды. Ішінара 2 – 3 колониядан жағынды

жасап, Грам əдісімен бояйды. Тəжірбие нəтижесін есептеуді

былайша жүргізеді. Айталық 500 мл су сүзілуді делік, сүзгіде ішек

таяқшасына тəн екі колония өсіп шықты, сонда коли – титр 250 мл

– ге коли – индекс – 4 мл – ге тең болғаны.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Петри аяқшаларын əр түрлі су көздерінен алынған сулардың;

сынамасын егу. Ол үшін судың сынамаларын 1:10, 1:100, 1:1000,

1: 10000 қатынасында сұйылтып, езіндінің 1 мл-ін стерильді Петри

аяқшасына құяды. Содан соң пробиркада ерітілген 400

С

салқындатылған агарды езіндінің үстіне құяды. Бактериялар өсуі

үшін 370

С термостатқа қояды. Нəтижесінде өсіп шыққан

бактерияларға сандық жəне сапалық баға береді.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Зерттелетін судың əр түрлі үлгілері, залалсыздандырылған

пробиркалар, залалсыздандырылған Петри аяқшасы, белгі

салынған залалсыздандырылған түтікшелер балқытылған ЕПА,

мембранды сүзгілер, Зейц сүзгісінің аппарты, Эндо ортасы,

бояулар, колонияларды автоматты түрде есептейтін есеп – шоттар.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2647. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия